Воскресенье, 19 апреля, 2026

Сұлу шаһар Самарқан…

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Сұлу шаһар Самарқанның шырайына сүйсінбеу мүмкін емес. Қаланың әр тарабынан көкке мойнын созған күмбездері көз сүйсінтеді. Түркітілдес журналистер қорының Өзбекстан Туризм және спорт министрлігі серіктестігінде ұйымдастырылған пресс — тур Самарқанның көрікті жерлерін аралаумен жалғасты.

Самарқан облысының Окбуйро махалласы аумағында орналасқан «Konigil» туристік этноауылы ғасырдан ғасырға тіні үзілмей келе жатқан көне дәстүрлерді тірілтуші орталық деуге болады. Сиёб өзенінің бойында орналасқан этноауыл 3 гектар аумақты алып жатыр. 800 метрлік айналма жолмен жүріп отырып, небір ғажайыптарды тамашалауға болады.

Су диірменнің макеті емес, жұмыс істеп тұрған нағыз нұсқасы қойылыпты. Мұнда ежелгі Самарқан қағазын жасау дәстүрі жалғасын тапқан. Бір ғана тұт ағашынан нешетүрлі өнім жасалып жатқанын көруге болады. Сапасы мықты жібек қағаздан елуден астам өнім жасалады екен, оның ішінде сөмке, кәдесый, қуыршақ та бар. Атағы алысқа кеткен Самарқан қағазын жасау сонау VIII ғасырдан бастау алады. Тығыз, мықты, жібектей жылтырап тұрған қағазды 200 жыл сақтауға болады екен. Көне ғасырлардан бері сақталып келе жатқан ежелгі қолжазбалар осы Самарқан қағазына жазылған деген дерек бар. Әйгілі қағазды жасау процесін көзбен көріп, шеберлік сабағына қатысуға болады. Бір ғана қағазды жасап шығару үшін бірнеше маман жұмыс атқаруда. Тұт ағашын қайнатып, сығымдап, ұлу қабығынан жасалған құралмен ысып, жылтыратады.

Ұлттық дәстүріне бекем бауырлар әйгілі Самарқан қағазы ғасырлар қойнауында қалып қоймауы үшін қайта тірілтіп отыр. Ежелгі дәстүр бойынша өндірілетін зығыр, мақта, күнжіттен май шығаратын цех та бар мұнда. Оның жасалу жолдарын туристер тамашалай алады. Қыш шебері С.Бабамұратов келушілерге саз балшықтан түрлі қыш құмыра, кесе жасау жолдарын көрсетуде. Қызығушылар өздері де жасап көруіне болады. Ұлттық нақышта безендірілген сан алуан қолөнер туындыларын сатып алуға мүмкіндік бар. Әрі бағасы да аса қымбат емес.

Өзен бойын жағалай орналасып, жасыл желекке көмкерілген ғажайып мекенде көруге тұрарлық кереметтер мұнымен де бітпейді. Туристерді тартуға таптырмайтын нағыз ұлттық орталық деуге болады. Зариф Мукхатаров басқаратын шағын орталықты бабадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүрлі өнер орталығы деуге де болады. Жібек қағазының өзі не тұрады? Самарқанға атбасын бұрғандарға керемет әсер қалдыратын орталықтың естен кетпестей ұзақ сақталатыны анық.

Жаңалықтар тізбесі

Мектепте бала құқығы бұзылса не істеу керек? Ата-анаға жаднама

Бұрын ата-ана баласына "мектептегіні үйге, үйдегіні мектепке тасыма" деп үйрететін. Осы қағидамен тәрбиеленген балалар көп жағдайда өз ойын айтуға...

Бақ қонған үй

Қазақ тумысынан балажан халық қой. 38 жасында 9 баланы дүниеге әкеліп, кеудесіне алтыннан алқа таққан шымкенттік Гүлмира Айтқұлова туралы...

ТУРИЗМІ ТҰРАҚТЫ ТҮРКИЯ

  12-16 маусым күндері Түркияның Кайсери, Иозгат, Кыршеһир, Невшеһир қалаларына сарап шектік. Бұл саяхатқа арналған сапарымызға Түркия Туризм министрлігі Туризмді дамыту агенттігі мұрындық...

Не істеу керек?

Отбасылық зорлық-зомбылық Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейі жылдан-жылға көбейіп келеді. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар тарапынан қабылданып жатқан шараларға қарамастан,...

Ерікті болу – ізгі істердің бірі.

Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса,...

ТҮРКІСТАН: Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті

Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде ана мен бала...

Аудан басшысы Алтынбековтер әулетінде болды

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Құмкент ауылындағы Алтынбеков Әшімхан ағамызбен Баймаханова Қаламқас апамыздың шаңырағында болды. Осыған дейін аудан басшысы жұбайы...

Ауыл мектептері оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиаданың бірінші кезеңіне Түркістан облысынан 21321 оқушы тіркелді

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін...

ТҮРКІСТАНДА КӘСІБИ ФОТОГРАФТАР БАС ҚОСҚАН ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

Түркістанда облыстың құрылғанына 5 жыл толуына орай Түркістан қаласы әкімдігі мен «Серпіліс» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Түркістан фотографтар көзімен» республикалық...

Тағы да