Воскресенье, 19 апреля, 2026

Мектепте бала құқығы бұзылса не істеу керек? Ата-анаға жаднама

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бұрын ата-ана баласына «мектептегіні үйге, үйдегіні мектепке тасыма» деп үйрететін. Осы қағидамен тәрбиеленген балалар көп жағдайда өз ойын айтуға іркіліп жатады. Қазақстанда бала құқығы қалай қорғалады? Мектепте бала құқығы бұзылса, қандай да бір заң арқылы қорғала ма? Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы осы сауалдарға жауап беріп, бала құқығы қалай қорғалатыны, педагог тарапынан бала құқығы бұзылса, қандай шаралар қолданылатыны туралы айтып берді.

№1 Бала құқығы қандай заңдармен қорғалады?

«ҚР Конституциясы, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР заңы базалық нормативтік құқықтық құжаттар саналады. Бұл заңдар халықаралық конвенцияларға сәйкес келеді.

Сондай-ақ, бала құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау және жасөспірімдер арасында суицид мәселелерін шешуге қатысты 2020-2023 жылдарға арналған жол картасы бекітілген (ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №156 қаулысы). Онда зорлық-зомбылық құрбандарының алдын алу және оларды қолдау мақсатында ведомствоаралық сипаттағы іс-шаралар көзделген. Оқу-ағарту министрлігі қоғамға ақпарат тарату және балалардың құқықтары бұзылған кез келген дерекке жол жоғын насихаттау мақсатында жыл сайын «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқан өткізеді», — деді ведомство баспасөз хатшысы.

№2 Зорлық-зомбылық дерегі туралы хабарламаудың салдары қандай?

«ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-1-бабына сәйкес, білім беру ұйымдары қызметкерлері кәмелетке толмағандар немесе оларға қатысты жасалған қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылық белгілерін қамтитын әрекеттер туралы хабарламаса, әкімшілік жауапкершілік көзделген», — деді ведомство өкілі.

№3 Бала құқығы бұзылса, қайда хабарласу қажет?

«Бала құқығы бұзылған жағдайда балалар мен олардың ата-аналарына жедел көмек көрсету мақсатында комитет жанынан «74 25 28» сенім телефоны, BALA QORGAU Telegram-боты жұмыс істейді. Өтініштер жағдай толық шешілгенге дейін шұғыл қаралады.

Сонымен қатар, Қазақстанда оқушылар мен олардың ата-аналарына тегін консультация көрсету бойынша цифрлық жоба — «balaqorgau» веб-сайты іске қосылған. Сайт мектепте, үйде және көшеде қиындықтарға тап болған мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына көмектесуге арналған, балалар мен олардың ата-аналары QR кодын сканерлеу арқылы қолдана алады. Олар сайтта проблемаларды шешуге арналған кеңестерді біле алады. Сондай-ақ, қажет жағдайда нысанды толтыру арқылы балалар маманнан жеке кеңес алуға өтініш бере алады», — деді министрлік өкілі.

№4 Педагогке қатысты қандай заң бар?

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, 2019 жылғы 27 желтоқсанда «Педагог мәртебесі туралы» заң күшіне енген, онда педагогтердің кәсіптік әдепті сақтауы мәселелері қарастырылған.

«Педагог тарапынан тәртіптік этика бұзылса, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның теріс қылығы педагогикалық этика жөніндегі мектеп кеңесі отырысында қаралады. Сонымен қатар, мұғалімнің іс-әрекетінде әкімшілік немесе қылмыстық құқықбұзушылық белгісі байқалса, Ішкі істер органдары міндетті түрде оның кінәсі бар-жоғын анықтау үшін тергеу шараларын жүргізеді», — деп жауап берді ведомство қызметкері.

Еске салайық, бұған дейін балаңыз буллинг құрбаны екенін қалай анықтауға болатынын жазған болатынбыз.

Жаңалықтар тізбесі

АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША

Елімізге таралған пандемияға байланысты көптеген салаларда шектеулер қойылып, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне алып келді. Мемлекет тарапынан ,«Nur Otan» партиясының тарапынан елімізде...

Түркістандық ерекше балалар «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» қоры қолдауымен алғаш рет спортпен айналысуға мүмкіндік алды

«Самұрық-қазына» қоры қолдауымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ және «Эко Атамекен» ҚБ бірлесіп Түркістан облысы Кентау қаласында алғаш рет бейімделген...

Ақ әжелер сайысы қорытындыланды

Қазақы қаймағы бұзылмаған Жетісай ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құралған Әжелер алқасына 10 жыл толуына орай «Ақ дидарлы әжелер»...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қаржылық қолдауымен мұқтаж және көпбалалы отбасыларға кәсіп ашуға мүмкіндік беретін «Табысты отбасы» жобасы басталды. Бұл...

ТҮЛКІБАС: Жас қылқалам шеберлерінің «Бояулар құпиясы» облыстық байқауынан жүлделі 2 орын

Түркістан қаласында «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты – білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту,...

Жастар саясатының игілігі мол.

Ел болашағының негізгі тірегінің бірі және бастысы болса, ол жастар екені күмәнсіз. Сондықтан жастар мәселесі әр кез жүйелеп отыруға...

«Бізбен бірге істе! Бізден асып түс!» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді

Жақында Қарағанды қаласында Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының 70 жылдығына орай «Балалар кітапханасы: идеялар кеңістігі» тақырыбында халықаралық форум өтті....

Бизнесті дамытуға қалай жеңілдетілген несие алуға болады?

Қарыз алу үшін сіздің кәсіпорыныңыз салық органында тіркеліп, есепке алынуы керек. Сіз одан кейін банк таңдап, есеп айырысу шотын...

Президент балаларға жасалған зорлық-зомбылықтың жазасын күшейтуді талап етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан жас ұрпақтың Қазақстанда қауіпсіз...

Тағы да