Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде ана мен бала өлімінің алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыру және отбасын қолдау және дағдарыс орталықтарының мәселелері қаралды.

Түркістан облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Дінмұхаммет Әбдіқадірұлы комиссияның алдағы жоспарлары бойынша баяндады.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Кенжебаев Нұрсұлтан ана мен бала өлімінің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы айтты. Түркістан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұрашов Нұржан дағдарыс және отбасын қолдау орталықтарының қызметі туралы баяндады.

Соңғы жылдары облыс бойынша ажырасу және некесіз бала туу деректері көбейіп жатыр. Отбасы құндылықтарын дәріптеу маңызды мәселеге айналған.

Отырыс қорытындысы бойынша Түркістан облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның қызметін жетілдіру жөнінде шаралар кешені қабылданды. Күрделі әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауға бағытталған жаңа тәсілдер мен жұмыс регламенті бекітілді. Осыған байланысты отбасы және әйелдер істері демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын жетілдіру үшін аудан, қала әкімдеріне ұсыныстар дайындалды.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 1 млн. 200 мыңға жуық әйел бар. Бұл – облыс халқының жалпы 49,2 пайызын құрайды. Облыс көлемінде демографиялық өсу деңгейі жоғары дәрежеде. Республикадағы әрбір бесінші бала Түркістан облысында дүниеге келеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 57 429 бала дүние келсе, биылғы жартыжылдық қорытындысы бойынша 26 706 бала дүниеге келген. Түркістан облысында алтын мен күмістен алқа таққан аналар саны жыл санап артып келеді. Қазір таңда облыста 177 мыңнан аса көпбалалы ана бар. Оның ішінде, 15 мыңнан аса «Алтын алқа» иегері, 43 мыңнан аса «Күміс алқа» иегері саналы ұрпақ өсіріп жатыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Солтүстікке қоныс аударуға ниетті азаматтардың алғашқы легі жолға шықты

Биыл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында республика бойынша 6727 квота бөлініп, қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау...

Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы «Есірткісіз болашақ» айлығы басталды

Түркістан облысы жастарының нашақорлыққа, есірткі бизнесіне қарсы иммунитетін қалыптастыру бағытында облыс орталығындағы «Жібек жолы» саябағында 1 айға жоспарланған іс-шаралардың...

Алтын ДОСАНОВА, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері: «Ең қуатты мемлекет – сәбилері сау, балалары бақытты мемлекет»

– Алтын Мейрамбайқызы, 60 жылдан астам тарихы бар облыстық балалар ауруханасы ұжымының бүгінгі жай-күйі, материалдық-техникалық базасы, мамандармен қамтамасыз етілуі...

Түркістанның дамуы қарқынды

  Туризм саласы Түркістанда бұ­­рыннан жақсы жолға қойыл­ған. Бұл сала бойынша 2021 жы­лы инвестиция көлемі 102 млрд тең­гені құрап, республика...

NY Vice — Smooth Steering

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Рай, где встречаются синий и зеленый: маршрут Гёкова

Поднимая велосипедный опыт на новый уровень, «велосипедная упаковка» является одной из уникальных страстей авантюрных путешественников, ищущих открытий. В этом...

Балаға отбасының күйрегенін көру – ауыр соққы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді. «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу...

Қазақстан халқының саны 20 миллионға таяп қалды

2023 жылғы 1 маусымдағы дерекке сәйкес, еліміздегі халық саны 19 млн 879 мың адам болды. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жалпы...

Түркістан – даму үрдісінде.

Түркістанның көптеген артықшылықтары бар. Осы артықшылықтардың бірі – туристік табысты қамтамасыз ету. Түркістанда тарихи туризмді жетілдіру үшін, көне түрік...

Тағы да