Воскресенье, 19 апреля, 2026

Ауыл мектептері оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиаданың бірінші кезеңіне Түркістан облысынан 21321 оқушы тіркелді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі бүгін Отырар ауданы, «Өзбекәлі Жәнібеков» атындағы лицей интернатында салтанатты түрде ашылды.

Мақсат — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.

Олимпиадаға республикамыздың ауылдық мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын 9-11(12) сынып оқушылары қатысуда.

«Ауыл мектептеріне арналған олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балаларды анықтауға және дамытуға бағытталған. Өткізу қағидаларына сәйкес олимпиада 13 пән бойынша (жаратылыстану–математикалық бағыттағы 6 пән, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән) өткізіледі және 3 кезеңнен тұрады.

Бастапқы кезеңге қатысу үшін аuyl.daryn.kz сайтында 85 401 оқушы тіркелді. Олимпиада «бір компьютер – бір оқушы – бір камера» қағидаты бойынша өткізілді. Кезең қорытындысы орталықтың сайтында жариялатын болады» — дейді «Дарын» РҒПО директорының орынбасары Айгүл Каркулова.

Айта кетейік, ІІ іріктеу кезеңін желтоқсан айында облыстық білім басқармалары өткізеді. Тапсырмалар дәстүрлі олимпиадалық тапсырмалар түрінде онлайн-платформада беріледі.

Олимпиаданың III кезеңіне ІІ кезеңнің жеңімпаздары (нәтижелерге сәйкес, әр пән мен сынып бойынша екіден артық емес) қатысады: жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша 9-11(12) сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері бойынша 10-11(12) сынып оқушылары.

III кезеңнің барлық қатысушылары республикалық сырттай мектепке қабылданады. Қорытындысында қатысушылардың жалпы санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталады. I дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ОҚУШЫ ТІРКЕЛДІолимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады.

Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 20 қараша күні еліміздің барлық ауыл мектептерінде бір мезгілде өткізіледі.

 

Жаңалықтар тізбесі

Знаменитый культурный центр Ататюрка в Стамбуле приветствует отмеченную наградами инсталляцию OpenWork – к 100-летию Республики

OpenWork, перформативная и экспериментальная пространственная инсталляция турецкого художника Мелек Зейнеп Булут, будет выставлена в Культурном центре Ататюрка (АКМ) в...

Балаларға арналған әлемдегі жалғыз ойын алаңы Стамбұлда

Стамбұлдың әртүрлі бағыттағы мұражайлары балалардың мәдениет, өнер, технология және тарих туралы білімдерін кеңейтіп, бүкіл отбасы үшін қызықты сәттерді сыйлайды....

ТҮРКІСТАН: Саурандық 300 бала Түлкібастағы тау баурайында тынығады

Балалардың демалысын тиімді пайдалану мақсатында Сауран ауданының балалары үшін Түлкібас ауданындағы «Жансая» лагері жұмыс істейді. Ол жерде балалардың жазғы демалысын...

Ақтөбеде Makerspace шығармашылық кеңістігі ашылды

Қазақстандағы АҚШ Елшілігі және “Шеврон” компаниясы C.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп Ақтөбе қаласының американдық бұрышында MakerSpace жаңа шығармашылық кеңістігін...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ҚАУІП СЕЙІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ҚАУІП СЕЙІЛДІ Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бақытжан...

Sanders Gets Respectful Welcome at Conservative College

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 17 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН АШЫЛАДЫ

Бұл туралы бүгін брифингте Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев айтты. Сондай-ақ басқарма басшысы Республика күні мерекесінің...

Түркістан: Созақта қыз-келіншектер арасында жүгіру марафоны өтті

Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы орталық стадионда 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесі қарсаңында аудан әкімдігі мен «Бақ нұры»...

Спокойный, но прохладный: анатолийская сторона Стамбула

Стамбул, один из самых ярких мегаполисов мира, обладает уникальной идентичностью, где гармонично сочетаются европейская и азиатская культуры, а прошлое...

Тағы да