Воскресенье, 19 апреля, 2026

ОТЫРАРЛЫҚ КӘСІПКЕР ЕРЕКШЕ ТҮЙЕҚҰС ӨСІРУ ІСІН ҚОЛҒА АЛДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Дамыған елдерде экономиканың драйвері ретінде шағын және орта бизнес ерекше рөл атқарады. Шағын және орта бизнес өркендесе, халық кәсіпкерлікпен шұғылдануға бейімделсе бұл мемлекеттің экономикалық әлеуеті артатынын әлдеқашан түсінген. Елімізде де соңғы жылдары шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, түрлі жобалар қолға алынуда. Бұл жобалардың нәтижесі соңғы кездері киелі ауданымызда да көрініс беріп келеді. Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов аудан халқымен кездесулерінде экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы шағын және орта бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар туралы үнемі айтып, халықты кәсіппен айналысып, еңбектенуге шақыруды естен шығарған емес.
Қазіргі таңда Отырар ауданында шағын орта бизнес саласында 12 шағын өңдеу кәсіпорындары жұмыс істеп тұр. Соның ішінде шұбат өңдіру бойынша 4 кәсіпорын, Сүт және ет өндіру ісі бойынша 1, Тары өңдіру бойынша 3, Жүгері өңдіру бойынша 2, Құс шаруашылығы бойынша 2 және пластиктен есік терезе өңдіру мен үй жиһаздарын өңдіру кәсіпорындары тіркелген.
Отырарлық 65 жастағы зейнеткер Әлзақ Ерімбетов екі жылдан бері түйеқұс асырау ісімен айналысып келеді. Бұған дейін тауық пен тауыс асырап тәжірибе жинаған кәсіпкерге түйеқұс өсіру қиындық тудырмаған. Құс шаруашылығын жақсы меңгеріп алған тәжірибелі зейнеткер: «Африка мен Австралиядан әкелінген түйеқұстар Отырар ауданының климатына да тез бейімделіп кетті. Бұған дейін африкалық 4 балапанның әр қайсысын 100 мың теңгеден, австралиялық балапанды 70 мыңнан сатып алдым. Бүгінде сол балапандарды көбейтіп, жемісін көріп отырмын», — дейді.
Кәсіпкердің айтуынша түйеқұс өсіру еш қиындық тудырмайды, тек оны күтіп-бағудың жолын меңгеріп алсаң болғаны. Ал, одан түсетін пайда көп. Оның терісі, тұяғы, тұмсығы әсіресе еті нарықта үлкен сұранысқа ие. Өйткені етінің құрамында май мен холостерин аз болғандықтан өте өтімді. Бойы 2-3 метр келетін аталығы 100-150 кг дейін ет берсе, салмағы 3-3,5 кг келетін жұмыртқасының біреуін қуырып 10-12 адамды тамақтандыра аласың. Бір маусымда 120 жұмыртқа табатын түйеқұстар табиғи жем шөбі, күтімі болса 80-100 жыл өмір сүреді.
«Еңбек түбі-береке» деп дана халқымыз айтып кеткендей елімізде бұрын соңды болмаған түйеқұстың өзін ауылда өсіріп, одан сапалы өнім алуды кәсіпке айналдырған шәуілдірлік Әлзақ ағамыздың ісі көпке үлгі.

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАН МЕН САУРАНДАҒЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Түркістан қаласында 110 кВ солтүстік қосалқы станциясы салынып жатыр. Құрылыс толық аяқталғаннан кейін Түркістан қаласының индустриалды аймағында орналасқан шағын...

ТҮРКІСТАН: Халық қалаулылары 100 балаға қуаныш сыйлады

Түркістан облысында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні түрлі деңгейде аталып өтіп жатыр. Мереке күні мәслихат депутаттарының демеушілігімен түркістандық...

Президенттік жастар резерві – ел ертеңінің кепілі

Жастық шақ. Бұл – адам баласының ересек өмірге көшу кезеңі, экономикалық-қаржылық тәуелсіздікке ұмтылу мен әлеуметтік-саяси мәселелерге қатысуға барынша ынталы...

ТҮРКІСТАНДА КӘСІБИ ФОТОГРАФТАР БАС ҚОСҚАН ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

Түркістанда облыстың құрылғанына 5 жыл толуына орай Түркістан қаласы әкімдігі мен «Серпіліс» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Түркістан фотографтар көзімен» республикалық...

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Түркістан облысы білім басқармасы білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсының «Әңгімелесу» кезеңін өткізді. Ерекшелігі – конкурстың осы...

Тәуелсіздігіміз орда бұзар жасқа толды

  Тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл! Тәуелсіздік — Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі. Тәуелсіз...

Сауранда ұлағатты кеш өтті

Саурандағы «Достық» айтысы көптің көңілінен шықты. Мәуліт айы құтты болсын.  Сауран ауданында діни мерекеге орайластырып айтыс өтті. Мәдени кеш ...

Түлкібас ауданында өнегелі іс атқарылды

Түлкібас ауданында тағы бір рухани іс-шара өтті. Аудан орталығының кіреберісінде «Ұлы дала қырандары» атты аллея ашылды. Шілменбет бабаға арналған...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жазасы қатаңдатылады

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту шаралары қаралды. Мұнымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі...

Тағы да