Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгін Түркістан облысы білім басқармасы білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсының «Әңгімелесу» кезеңін өткізді. Ерекшелігі – конкурстың осы шешуші кезеңі фейсбук әлеуметтік желісінде тікелей эфирде жүргізілді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев білім ұяларының басшыларына, жалпы ұстаздарға маңызды жауапкершілік жүктелгенін, басшыларды тағайындау әділ жүргізілуі тиіс екенін айтты.
– Түркістан – демографиялық өсімі жоғары өңір. Оқушы саны да жыл сайын артып келеді. Облыста 900-ден аса мектеп, 1000-нан аса балабақша бар. Сондықтан білім саласы өкілдеріне, ұстаздар қауымына артылар жауапкершілік өте жоғары. Білім саласындағы азаматтар, ұстаздар қауымы өздеріне жүктелген жауапкершілікті жүрекпен сезеді деп сенемін. Ұрпақ тәрбиесін сапалы жүргізіп, адам капиталын дамыту – өте маңызды жұмыс. Бұл ретте білім ұйымдарының басшыларын іріктеу әділ әрі ашық жүргізілуі тиіс. Бүгінгі конкурс барысы әлеуметтік желіде тікелей көрсетіліп жатыр. Комиссия құрамына да білікті азаматтар тартылды. Комиссия әрбір үміткерге терең талдау жүргізіп, біліктілігіне, парасаттылығына, адами болмысына әділ бағасын беруі тиіс. Үміткерлерге сәттілік тілеймін, – деді Бейсенбай Тәжібаев.
Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау заң талаптарына сай жүргізіліп жатыр. «Әңгімелесу» кезеңіне 53 үміткер қатысуда. Олар 35 мекемеге басшы болудан үмітті. Үміткерді бағалау ашық дауыс беру арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар бағалау парағы қоса тіркеледі. Айта кетерлігі, талапқа сәйкес үміткерлер «Әңгімелесу» кезеңіне дейін конкурстың құжат тіркеу, тест, қамқоршылық кеңестен келісім алу кезеңдерінен өткен. Олардың арасында еңбек өтілі 30 жылдан асқан аса тәжірибелі ұстаздар бар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға шамасы жете ме?

Елімізде отбасы мүшелеріне зорлық-зомбылық жасағаны үшін түрмеге  қамалғандар саны 2 есеге артқан. Жыл басынан бері 60 мыңнан астам зәбір...

СОЗАҚ: Оқушылар жолда жүру ережесімен танысты

Созақ ауданы, Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінде жолда жүру ережесі бойынша оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараға Созақ АПБ ЖПҚ...

ТҮРКІСТАН: Солтүстікке қоныс аударуға ниетті азаматтардың алғашқы легі жолға шықты

Биыл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында республика бойынша 6727 квота бөлініп, қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау...

Бала біздің — болашағымыз!

Түлкібас аудандық орталық ауруханасында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар аталып өтті. Осы мерекеге орай, балалар...

Halyk Homebank қосымшасының QR-коды құжаттарды ХҚКО рәсімдеуге және мемлекеттік бажды кассаға бармай-ақ төлеуге мүмкіндік береді

Енді жеке басты куәландыратын құжаттарды алған немесе жаңартқан кезде, оларды ресімдегені үшін мемлекеттік бажды Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) “бір терезе” қағидаты бойынша Halyk Homebank қосымшасының QR–коды көмегіментөлеуге болады.        Келушілерге ыңғайлы болу үшін қызметті қолдану мүмкіндігінше жеңілдетілген. ХҚКО-да төлқұжат пен жекекуәлікті рәсімдеу кезінде енді кассаға барудың қажеті жоқ, құжат алу немесе өтінім беру кезінде бір талон алып, Сізгеқызмет көрсететін көші-қон қызметінің операторынан HalykHomebank қосымшасының QR-кодын пайдалана отырып, мемлекеттік бажды төлеу жеткілікті.        Қызметті Halyk Bank, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібіминистрлігі және “Азаматтарға арналған үкімет“мемлекеттік корпорациясы бірлесе жүзеге асырды.        Төлемнің бұл әдісін енгізу қажеттілігі бұрыннан пайдаболды, өйткені жеке куәлікті тіркеу қызметі ең танымалқызметтердің бірі: тек өткен жылдың өзінде атаулы қызметті 2 миллионнан астам рет қолданған. Бұған...

Түркия: Автобус қызметтері мен жолаушылар саны артқан

Түркияда 2023 жылы қалалар арасына қатынайтын автобустар билет бағасын қымбаттатпайды. Бұл жолаушылар санының өсуіне сеп болмақ. Індеттен кейін көрсеткіштер өсті Түркияда...

Противодействие наркобизнесу и пыткам: масштабное заседание прошло в Генпрокуратуре

Под председательством генерального прокурора Берика Асылова состоялось заседание Координационного совета по обеспечению законности, правопорядка и борьбы с преступностью, сообщает...

Ахмет Ясауидің балалық шағы туралы анимациялық туынды жарыққа шығады

«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі отандық 10 анимациялық студиямен бірге түркітілдес елдерге ортақ ежелгі аңыздарға негізделген пилоттық анимациялық жобаның өндірісін бастады. Мәдениет...

Келестік оқушы-архитектор

Келес ауданындағы №10 «Игілік» жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Қалдар Мейрамбек тұрмыстық қалдықтардан макет құрастырып, түрлі архитектуралық нысандар...

Тағы да