Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАН МЕН САУРАНДАҒЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан қаласында 110 кВ солтүстік қосалқы станциясы салынып жатыр. Құрылыс толық аяқталғаннан кейін Түркістан қаласының индустриалды аймағында орналасқан шағын және орта бизнес нысандары мен қоса, қаланың «Бекзат»,  «Бірлік» мөлтек аудандары және жақын маңда орналасқан Сауран ауданының Теке, Нұртас елді мекен  тұрғындары, әлеуметтік, шағын бизнес нысандары  сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін құрылыс алаңында болып, жұмысшылармен кездесті. Жауапты басшыларға құрылысты сапалы жүргізуді тапсырды.

Бүгінде қосалқы станцияның ішкі жұмыстары жүргізілуде. Тура бір жыл бұрын басталған құрылыс жұмыстарын келер жылдың маусым айында аяқтау жоспарланған. Республикалық және облыстық бюджеттен 6 млрд. теңгеден астам қаражат қаралған.

– Түркістан облысы және осындағы индустриалды аймақтар үшін электр қуатының маңызы зор. Қуат көздерін арттыру, сапалы электрмен қамту өзекті мәселе болып тұр. Сондықтан бұл станцияның құрылыс уақтылы аяқталуы тиіс. Әлі де мұндай жобаларды көбейту жолын қарастырамыз. Өндірісті, кәсіпкерлікті дамытамыз десек қуат көздері мен инфрақұрылым сақадай-сай болуы тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.

Өңір басшысы Сауран ауданындағы жиһаз цехында болды. 200 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын жылына 2500 дана жиһаз шығарады. Кәсіпорын жұмысын кеңейту үшін мемлекеттен жеңілдетілген несие алып, жұмыс күші екі есе артпақ.

Сауран ауданы алып құрылыс алаңына айналды. Аудан орталығы Шорнақ елді мекенінен 38 га жер бөлініп, мемлекеттік органдардың 5 әкімшілік ғимараты бой көтерді. Онда аудан әкімі аппараты ғимараты, аумақтық қазыналық мекемесі, прокуратура, сот, аудандық мемлекеттік мекемелерінің ғимараттары және мәдениет үйі орналасады. Бұған республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінді.

– Сауран ауданын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуы керек. Әкімшілік ғимараттары мен осы аумақтағы нысандардың сәулеті бір-бірін толықтырып тұруы қажет, – деген Дархан Сатыбалды Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбековке тапсырмалар берді. Мердігерлермен пікір алмасып, ұсыныстарын тыңдады. Жауапты басқарма басшыларынан аудандағы  нысандарды қаржыландыру бойынша ойларын тыңдап, мәселелерді талқылады.

Жергілікті бюджет есебінен 3 мектептің құрылысына 1 млрд. теңге қаралды. Шорнақ ауыл округі, Қосмезгіл елді мекеніндегі 300 орындық мектептің құрылысы аяқталып, биыл пайдалануға беріледі. Білім ұялары Оранғай мен Ибата елді мекенінде салынып жатыр.

Аудан орталығын ауыз су жүйелерімен қамту жұмыстарына Ұлттық қордан қаражат бөлінді. Нысандар жыл қорытындысымен пайдалануға беріледі. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2 елді мекенде 7 жоба іске асырылуда. Бұдан бөлек Сауран ауданын абаттандыруға, желілік саябақ пен балалар алаңы мен футбол алаңшасын салуға 530 млн. теңге қаралды. Автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ ЖАУҺАРЛАРЫНЫҢ БІРІ – ЙОЗГАТ

Түриядағы екінші күніміз. Кайсериде таңғы ас ішіп, Иозгат қаласына жолға шығумен басталды. Жолдағы 1,5 сағат уақыт та босқа өтпеді....

ТҮРКІСТАНДА ФУТБОЛДЫ ДАМЫТУҒА ХОРВАТИЯНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Түркістандық балалар Хорватияға барып, фу үйренеді. Өңірде балалар футболын дамытуға күш салынбақ. «Тұран» футбол академиясы құрылып, шетелден бапкерлер тартылған. Түркістан...

Байжановтар отбасында 1 докторант, 6 магистрант, 18 жоғары оқу орнын бітірген маман бар

Қай ата-ана да перзентінің қатарынан озық, білімді, тәрбиелі болып өскенін қалайды. Сол үшін ұрпақтарына жан-жақты білім беруге ұмтылады. Ордабасы...

ТҮРКІСТАН: Оқушылар сарайында «Аквачеллендж» су эстафета сайысы балаларға сергектік сыйлады

Жаз – балалар асыға күтетін, түрлі қызыққа толы жыл мезгілі. Сондай-ақ, бұл демалыс маусымын бүлдіршіндер судағы қызықты сәттерсіз елестете...

Алғыс арқалаған абзал жан

  Адам өмірінің сақшысы саналатын ақ халатты абзал жандарға алғыс айтылып, құрмет көрcетіліп жататыны орынды. Қолы жеңіл, жылы сөзі дертке...

Жастарды мемлекеттік әлеуметтік қорғау жұйесі мемлекеттік жастар саясатының бір бөлігі

Әлеуметтік  қорғау ұғымы халықтың барлық категориясына соның ішінде еңбекке қабілетті бөлігіне де тән және әлеуметтік саясат облысында кең қолданылатын ұғым...

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

Шымкент – жергілікті тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз әрі жайлы қала болуы тиіс. «Nur Otan» партиясы көшелерді жарықтандыруға, бүкіл...

Түркістан интустриалды аймағын дамыту шаралары күн тәртібінен түспейді.

  40 га ау­мақты алып жатқан жер бүгінде 190 гектарға ұлғайтылып, инфра­құ­рылыммен қамтамасыз етіліп жа­тыр. Мұнда 2016 жылдан бері 27...

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ АУДАН ҚАРИЯЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бәйдібек ауданы орталығында қарттар күні мерекесі аталып өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков қатысып, аудан ардагерлерін мерекемен құттықтап,...

Тағы да