Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮЛКІБАС: Жас қылқалам шеберлерінің «Бояулар құпиясы» облыстық байқауынан жүлделі 2 орын

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан қаласында «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты – білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру. Жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін ояту. Сурет салуға үйрету, балалар көркемсурет мектептерінің рөлін арттыру.

Байқауға аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаз атанған жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 10-17 жастағы 136 білім алушы өрені бақ сынасты.Соның ішінде Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты А.Асқаров атындағы жалпы орта мектебінен 2, Дауан жалпы орта мектебінен 1талантты оқушыларымыз қатысты.

Жас қылқалам шеберлері алдымен аудан және қалалық іріктеу кезеңінен өтті. Үздік деп танылғандар облыстық кезеңге жолдама алды.

Байқау номинацияларындағы жұмыстар кез-келген техникада (акварель, май, пастель, қарындаш, гелий қаламы, түрлі-түсті қарындаштар, аралас техника) кез келген материалда (картон, қағаз, кенеп, т.б.) орындалды. Жеке жұмыстары қабылданды (әр номинация бойынша – 1 жұмыс). Бір қатысушы бір номинацияға қатысты.

45 минут ішінде «Менің елім – менің жерім» тақырыбында классикалық кескіндеме (портрет, пейзаж) салды. Тақырыптық натюрмортта халық тұрмысы заттарының немесе халық қолөнері мен қолөнер бұйымдарының бейнесін кескіндеді. «Таланттар палитрасы» арқылы авангард және эксперименттік кескіндемелер мен композициялық туындысын көрсетті. Сондай-ақ сюжеттік композиция ретінде «Жер бетіндегі үздік демалыс», «Менің әуестігім», «Мен және менің отбасым» тақырыбына сәйкес ойларын сурет арқылы жеткізді.

Бояулар құпиясы жас суретшілердің республикалық байқауының облыстық кезеңі Түркістан қаласы «Оқушылар сарайы» ғимаратында өткізілді. Аудандық, қалалық кезеңнен іріктеліп келген оқушылар өздерінің өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді. Қазылар алқасы шешімі негізінде жүлделі орындар анықталды. Ауданымыздан қатысқан 3 оқушымыздың ішінен А.Асқаров атындағы жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Шанай Бағжан жүлделі II орынды, А.Асқаров атындағы жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Бағлан Жұлдыз жүлделі II орынды иеленіп, 20000 теңге қаржылай сыйақы алды. Жетекшісі: Ақпаева Мадина.

Талантты оқушыларымыз бен жетекшісін марапаттарымен құттықтаймыз!

Жаңалықтар тізбесі

Елде зорлық-зомбылық бойынша шағым түспесе де полиция іс қозғай алады

Тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша енді шағым түспесе де, полиция іс қозғай алады. 1-шілдеден бастап заңға осындай өзгеріс енеді. Өйткені соңғы...

Фонд «Даму» поставщик господдержки для МСБ

Государство планомерно стимулирует развитие отечественного производства через реализацию государственных программ. Поддержку осуществляет Фонд развития предпринимательства «Даму» посредством предоставления субсидий...

«AMANAT»: Адам саудасы мәселесі заңмен қатаң реттелуге тиіс

«Адам саудасы туралы ХХІ ғасырға айтудың өзі жабайылық сияқты болғанымен де,  өкінішке қарай, бұл – бүгінгі күннің шындығы» «AMANAT» Орталық...

Табысты отбасы жобасының түлектері кәсібін дөңгелетуде

Бүгін «Самұрық-Қазына» қоры қолдаған «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы түлектерінің бастаған кәсібімен арнайы танысуға аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев, ауданның...

«Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына»

Кентау қалалық орталық кітапхананың Рухани жаңғыру орталығында 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай "Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына" атты өнегелі...

«ПАРАСАТҚА» ЖЕТКЕН «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» ИЕСІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланауы жарқын істердің бастамасы болды. Руханиятымыз...

ТҮРКІСТАНДА ӘР ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕНКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан қаласында орналасқан «Эко базар» аумағында әр аптаның жұма-сенбі күндері Түркістан облысының ауыл шарушылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Бүгін, 11-қараша күні...

ТҮРКІСТАНДА ШАХМАТТАН «ОЙЛЫ БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР» АТТЫ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

Түркістанда шахматтан “Intellectualdy ult” жалпыұлттық жобасының аясында “Ойлы болсаң, озып көр!” жарысы басталды. Шараның ашылу салтанатында “Шахмат әліппесі” кітабының...

Why Romania protesters have an uphill climb to oust Maduro

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Тағы да