Понедельник, 20 апреля, 2026

Елімізде аз қамтылған отбасылардың коммуналдық шығындарының бір бөлігі өтеледі

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Биылдан бастап энергия көздерінің жабдықтарын кешенді жаңғырту, сондай-ақ электр, жылу, сумен жабдықтау және су тарту желілерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру басталды. Бұл апаттар санын азайтуға және жалпы ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда ТКШ кәсіпорындарының тарифтер мен инвестициялық бағдарламаларды өзгертуге қатысты (жөндеу жұмыстары мен қызметкерлердің жалақысын көбейту, қараусыз жатқан желілерді күту және т.б.) 212 өтінімі бекітілді. Нәтижесінде коммуналдық қызметтер тарифтерінің өзгеруі 10-30%-ды құрады, мұнда тұтынушылар мен коммуналдық қызметтер мүдделерінің теңгерімі ескерілген.

«Бұл ретте халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарының коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелетін болады. Мұндай тетік мемлекеттік тұрғын үй көмегін көрсету аясында көзделіп отыр.

Ол аз қамтылған отбасыларға немесе азаматтарға коммуналдық қызметтер (жылу, электр және сумен жабдықтау, байланыс, лифт қызметі және т. б.) шығындарын өтеу үшін тоқсан сайын төленеді. Басты шарт – төлем алушының меншігінде Қазақстан аумағында бір ғана баспана болуы керек немесе ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған баспананы жалға алушы (тең жалға алушы) болуы тиіс», делінген хабарламада.

Биыл Үкімет енгізген өзгерістерге сәйкес, егер коммуналдық қызметтерге жұмсалатын сома отбасының немесе азаматтың бір айдағы жиынтық табысының 10%-нан асатын болса, тұрғын үй көмегі беріледі. Бұрын бұл көрсеткіш әр өңірге байланысты 2-20% аралығында болған. Бұл ретте әкімдіктер рұқсат етілген шекті деңгейді 10%-дан төмендетуге құқылы.

«Мысалы, егер отбасының немесе азаматтың бір айдағы жиынтық табысы 100 мың теңгені, ал коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыны 15 мың теңгені (табыстың 10%-дан астамын) құраса, онда азаматтың жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтем алуға құқығы бар. Үкімет бекіткен түзету болашақ тұрғын үй көмегін алушыларды қамтуды кеңейтуге және аз қамтылған азаматтарға қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған.

Жалпы соңғы 4 жылда 174 мыңнан астам абонентке тұрғын үй көмегі үшін жалпы сомасы 5 млрд теңге төленді. Ал осы жылдың 6 айында 31 мың отбасына 630,5 млн теңгеге көмек көрсетілді. Осылайша, коммуналдық қызметтер тарифтері көтерілген жағдайда өтемақы да ұлғаяды, яғни аз қамтылған азаматтардың шығындары ұлғаймайды. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азаматтарға тұрғылықты жері бойынша әкімдікке жүгіну қажет», деп түсіндірді Үкіметтің баспасөз қызметі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Татар қызы Дариха

Сауран ауданы түрлі тағдырмен киелі қазақ жеріне еріксіз жер аударылған және​ бұрыннан осында​ мекен еткен этнос өкілдерінің құтты қонысына...

Түрленген Түркістанда жаңа ХҚКО ашылды

Түркістанда жаңа ХҚКО ашылды.Бұл жағдай қала тұрғындарының өтініші негізінде жүзеге асты.Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков халықпен кездесуде тұрғындар  құжат алу...

Республикалық «IQanat» олимпиадасынан түркістандық 16 оқушы жүлдемен оралды

Республика бойынша ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасы мәресіне жетіп, үздіктер марапатталды. IQanat олимпиадасының негізгі мақсаты – ауыл мектептері оқушыларының...

ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте балалар фильмдері насихатталды

Бүгін Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасына қарасты «Оңтүстікфильм» мекемесі жоспарға сәйкес Бәйдібек аудандық мәдениет үйінде балаларға арналған кинокөрсетілім...

«Айбынды жастар – Жаңа Қазақстанның тірегі

Созақ ауданының жігіттері әскерге аттанды. Шолаққорған кентіне болашақ сарбаздар жиналып, ерлік сабағына қатысты. «Айбынды жастар – Жаңа Қазақстанның тірегі» акциясы...

Huawei’s just bought an internet — of — things startup

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

После бездействия в течение двух тысячелетий, колоссальный Фонтан Кибиры в «городе гладиаторов» снова течет

Бурдур, город, известный своими археологическими памятниками в западной части Анатолии в Турции, сообщает интересные новости. После девятимесячного процесса реставрации...

ҚОС ТЕҢІЗДІҢ ТОҒЫСҚАН ТҰСЫНДАҒЫ МУҒЛА

Жерорта теңізі мен Эгей теңіздерінің түйіскен тұсындағы Муғла Түркияның Бодрум, Фетхие, Мармарис, Датча, Гочек, Өлітеңіз және Көйджеғиз сияқты ең...

Елде зорлық-зомбылық бойынша шағым түспесе де полиция іс қозғай алады

Тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша енді шағым түспесе де, полиция іс қозғай алады. 1-шілдеден бастап заңға осындай өзгеріс енеді. Өйткені соңғы...

Тағы да