Понедельник, 20 апреля, 2026

«Айбынды жастар – Жаңа Қазақстанның тірегі

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Созақ ауданының жігіттері әскерге аттанды. Шолаққорған кентіне болашақ сарбаздар жиналып, ерлік сабағына қатысты.

«Айбынды жастар – Жаңа Қазақстанның тірегі» акциясы ерлер бойына патриоттық сезім  ұялатуға бағытталған.  Жиында жұрт Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін әскерге аттанғалы тұрған азаматтарды шығарып салу рәсімін жасады.

Жиын барысында Созақ ауданының басшысы Мұхит Тұрысбеков, аудандық Қарулы күштері ардагерлері қоғамдық бірлестігінің өкілі запастағы подполковник Есжан Тұрғанбаев және Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Жандос Күлдербаев сөз алып, ыстық ықыластары мен жүрекжарды тілектерін білдірді.

Аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков, өз сөзінде бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның армиясы біздің ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасы екенін ерекше атап өтті және жиналған жастарға үлгі ретінде өзінің әскерде болған мезгілді жылы сөздерімен еске алды. Сонымен қатар, әскерге аттанып жатқан азаматтарға сәттілік тіледі. Ал Отан қорғауға кетіп жатқан азаматтар әскери дайындыққа сақадай сай екенін жеткізді.

Айта кетсек, Созақ ауданы азаматтарды мерзімді әскерге шақыру жұмыстарын жыл сайын берілген тапсырыстан артығымен орындайтын ерекше патриоттар мекені болып табылады. Осы күзгі әскерге шақыру науқының өзінде ауданнан 20 жуық бозбала ҰҚК Шекара қызметіне аттанып кетті, алдағы уақытта тағы 100-ге жуығы Қарулы күштер мен Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің қатарын толықтырады. Ал Созақ ауданының Назір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінің «Жас сарбаз» сыныбы 2021 жылы өткен «Айбын» республикалық жастар жиынында 57 команданың ішінде үздік 9-қа еніп Түркістан облысының намысын жоғарғы деңгейде қорғай білді.

 

 

 

Жаңалықтар тізбесі

Нафиса Раметова: «Жайлы баспана мен жақсы жалақыға қол жеткіздім»

Кең-байтақ жер көлемі бойынша дүние жүзінде 9-орынды, ал халқының саны бойынша 64-орынды енші­леп отырған Қазақстан үшін демография мәселесі мен...

ТҮРКІСТАН: Бокстан қыздар арасында II халықаралық «Шардара кубогы» өтті

Шардара қаласында бокстан 2005-2006 жылы туған жастар және 2007-2008 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында ІІ-халықаралық «Шардара кубогы» жарысы өтті. Байрақты...

Адам саудасын кім тоқтатады?

Азаматтардың құқығы мен бостандығы ең басты құндылық екендігі Ата Заңымызда нықтап жазылған. Алайда, өркениетті делінген өзге елдердегі сияқты бізде...

Huawei’s just bought an internet — of — things startup

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Оқушылар үйірмеге қызыға ма?

Жақында Түркістан облысының «Білім беруді дамыту орталығының» және Түркістан қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Оқушылардың үйірме жұмыстарына қызығушылығын...

РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА МАУСЫМ АШЫЛДЫ

Бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласы сазды-драма театрында жаңа маусымның шымылдығы түрілді. Маусымашарға Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының...

Азиз Абдухакимов: «Біз бар күшімізді біріктіріп, ең алдымен «ШЫҰ-ның ішкі туризмін» дамытуға бағыттауымыз қажет»

Ташкентте өтіп жатқан «ШЫҰ мүшелері-мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» халықаралық форумында туристік индустрия өкілдері туризм саласының...

Жастар- ел ертеңі

«Мың жүйрік» ағартушылық жобасы. Еліміздегі этнос өкілдерінің балалары қазақша жыр оқыды. Әлем халық  ертегілерін мемлекеттік тілде  нәшіне келтіріп айтты....

Түркістанда кабель және керамика өнімдерін шығаратын зауыттарды инвесторлар салмақ ниетте

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Sembol Construction» компаниясының қаржы жөніндегі Атқарушы Кеңесінің мүшесі Октай Горгулмен кездесті. Аталған компания Түркістанға...

Тағы да