
Түркістанда жаңа ХҚКО ашылды.Бұл жағдай қала тұрғындарының өтініші негізінде жүзеге асты.Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков халықпен кездесуде тұрғындар құжат алу үшін алысқа сабылатынын айтқан еді. Жергілікті атқарушы биліктің Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясымен келісімі негізінде жаңа орталық жедел түрде жұмысын бастады.
Түркістанда халық саны қарқынды түрде өсіп келе жатыр. Сондықтан халыққа қызмет көрсету орталықтарының қажеттілігі туындады. Бекзат Сауран және Шауғар мөлтекаудандарында халық саны 100 мыңнан асады. Осы аумақтың тұрғындары жаңа қалаға баруға мәжбүр еді.Сондықтан бұл мәселе туралы тұрғындар қала әкімініе өтінішін жеткізген болатын .
Жаңа орталық Төлеби көшесінде орын тепкен. Мұнда тәулігіне 1000-нан аса тұрғынға қызмет көрсетуге мүмкіндік бар. Ғимаратта халыққа қажетті барлық жағдай жасалған. Кеңсе заман талабына толық жауап береді. Орталық ашыла салысымен келушілер қарасы көбейді. солардың бірі Умсалима Анарбаева апа. Ол электронды кіл алуға келіпті.
Мұнда халық енді мемлекеттік органдардың жұмысына қатысты өздерінің шағымын да қалдыра алады. Заң талабы бойынша өтінішке 15 күн ішінде міндетті түрде жауап келуі тиіс. Бұл бұрынғыдан да ыңғайлы болды. Тұрғындарға арыздың жауабы телефондарына жіберіледі.
Осылайша Түркістанда еститін үкімет қағидасы жолға қойылып келе жатыр. Елдің өтініші бар болғаны 2 айда жүзеге асты. Оған бір дәлел осы Халыққа қызмет көрсету орталығы. Халықтың қызметшісі болған әкімдер тұрғындардың талабын жылдам орындауға күш салса, жұртшылық үшін ыңғайлы болары анық.
