
Бүгін Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасына қарасты «Оңтүстікфильм» мекемесі жоспарға сәйкес Бәйдібек аудандық мәдениет үйінде балаларға арналған кинокөрсетілім өткізілді.
«Көшпелі кинотеатр» және «Ұлттық кино» жобасы аясында отандық көркем және анимациялық фильмдерді насихаттау мақсатында өткен шараға 400-ге жуық мектеп оқушысы қатысты. Кішкентай көрермен назарына мекеме қорына жаңадан толыққан «Айбынды аула», «Тас батыр», сонымен қатар «Киелі Қазығұрт» анимациялық фильмі ұсынылып, ерекше көңіл күй сыйлады.
Айта кетейік, жылдық жоспарға сәйкес кинокөрсетілім апталығы өзге аудан-қалада да жалғасады. Қолға алынған жоба аясында мекеме қорындағы туындылар мектептер мен балабақшаларында насихатталады.
Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының баспасөз қызметі
