Понедельник, 20 апреля, 2026

Аудандық жастар форумы өтті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылық алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы орайда Түркістан облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың тапсырмасы негізінде Жетісай ауданы әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің, аудан прокуратурасы мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Қауіпсіз қоғамдағы жастардың келбеті» атты аудандық жастар форумы болып өтті.

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Марат Айнабеков пен Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «РосАзияНефть» ЖШС құрылтайшысы Талғат Қаржауов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбеков пен аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Ерназаров, аудандағы арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен ұстаздары, Түркістан облыстық ата-аналар қауымдастығының төрайымы Ақбаян Төлбасықызы мен ардагерлер қатысты.

Еркін форматта өткен форум барысында аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков пен аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Ерназаров балалар мен жасөспірімдер, жастар арасында және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылыққа, кемсітушілікке жол бермеу, әлеуметтік желі арқылы буллинг жасамау, адамның қадір-қасиетіне тиіспеу, мемлекеттік қолдаулар мен мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып сапалы білім алу, кәсіпкерлікті дамыту мәселедері бойынша баяндама жасады. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

«Кәмелетке толмаған жасөспірімдер құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей, не жанама көздейтін құқықтық актілердің жүзеге асуын аға буын қамтамасыз етуге тиіспіз.

Бүгінгі жиын тек формальды түрде ғана емес, сіз бен біздің ашық пікір алмасуымыздан тұруы тиіс.

Заман көшіне ілесіп өмір сүру үшін тынымсыз ізденіс пен білім керек. Өйткені, біз өмір сүріп отырған қоғам – үнемі үдерістер мен технологиялар қоғамы» деген Марат Фаритұлы білім мен ғылымның адам өміріндегі маңызына тоқталды.

Ал, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Талғат Қаржауов болса елдегі кәсіркерлік саласына жасалып жатқан мемлекеттік қолдаулар мен мүмкіндіктер, қайтарымсыз гранттар мен жеңілдетілген несиелер жайын сөз етті. Жастар арасында тың жобаларды жүзеге асыруға қолұшын созатынын, соның ішінде аудан экономикасының дамуына үлес қосатын 1 жобаны өз есебінен толық қаржыландыратынын айтты.

Сондай-ақ, жиын барысында Түркістан облыстық ата-аналар қауымдастығының төрайымы Ақбаян Төлбасықызы форумға қатысушыларға «Ұрпақтар теориясы. Отбасында әр адам өз рөлінде болудың маңыздылығы», «Сепарация. Жауапкершілік. Инфантилизм», «Заманауи қазақ отбасындағы АНА моделі. Бала денсаулығы. Дамуы. Берекелі өсуі» тақырыптарында психологиялық тренинг өткізді.

Форум барысында ұрпақтар сабақтастығы мен ұлт тәрбиесі жайында театрландырылған көріністер қойылып, аудан өнерпаздары тарапынан концерттік бағдарлама ұсынылды.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН АҚЫН» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Түркістандағы «Farab» кітапханасында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған...

Каппадокия – один из самых привлекательных регионов Турции

Каппадокия – один из самых привлекательных регионов Турции, привлекающий туристов своей захватывающей дух природной красотой и историческими местами. Этот...

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ТАСҚЫН СУДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Апта басында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі қаралды....

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИЗМІН НАСИХАТТАУҒА ТҮРКИЯ ЕЛІ БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСАДЫ

Түркістан облысының туристік ерекшеліктерін насихаттау, туристерді тарту мақсатында құрылған арнайы делегация Түркия еліндегі іссапарын Ыстамбұл қаласында қорытындылады. Облыстық мәдениет...

Түркістандық делегация тәжірибе алмасу үшін Жамбыл облысының шаруаларымен кездесті.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері Жамбыл облысына барды. Мақсат – шаруаларға жеңілдетілген...

Қазақстандық балалардың құқығы қалай қорғалып жүр?

Қазақстан халқының үштен бірінен астамын 6,6 млн бала құрайды. Бүгінгі күні осы балалардың құқықтары мен мүдделері қалай қорғалып жатыр?...

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Түркістан облысы білім басқармасы білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсының «Әңгімелесу» кезеңін өткізді. Ерекшелігі – конкурстың осы...

Көпбалалы отбасыларға қолдау

Ұлт байлығынан балалардың болашағы үшін үлес бөлетін идея ә дегеннен әлеуметтің қолдауына ие болып, көпшілік бұл жаңа­лық­ты­ қуана қабылдады....

Жалынды жастар — ұлт ертеңі

Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында жастар арасында...

Тағы да