Понедельник, 20 апреля, 2026

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН АҚЫН» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістандағы «Farab» кітапханасында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Әлем таныған ақын» атты шығармашылық кеші өтті. Кеш барысында Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Әлем таныған ақын» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Салтанатты жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды ақынды мерейтоймен құттықтап, елге сіңірген еңбегін жоғары бағалады.
– Сізді 80 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің адамзатты ізгілікке, мейірімге, шынайы махаббатты бағалауға шақыратын өлеңдеріңіз талай адамның сенімін оятты. Жігерлендірді. Туған жеріңіз – Қасиетті Түркістан өңіріне келіп, мерейтоңызды жалғастыру – біз үшін үлкен мәртебе. Алтын уақытыңызды қиып, елмен жүздескеніңіз үшін сізге алғысымды білдіремін. Жуырда Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға жұмыс сапарында Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру мәселесін көтерді. Оған толық негіз бар. Түркістанның рухани астана атануы жолында сіздің де үлесіңіз мол деп есептеймін. Өйткені сіз парасатты жырларыңызбен, отаншылдығыңызбен ел рухын көтердіңіз. Отырар мен Түркістанды әлемге танытуға еңбек сіңірдіңіз, – деді Дархан Сатыбалды.
Мерекелік кеште М.Шахановтың сөзіне жазылған таңдаулы әндер шырқалды. Түркістан облысының танымал әншілері өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Кеш әрі мерейтой иесі, Қазақстанның Еңбек ері, Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов сөз сөйлеп, Түркістан жұртшылығына алғысын білдірді. Ұлтты сақтау, мемлекетті қорғау, руханиятты қолдау бағытында жүйелі ойлар айтты. Әрдайым парасат, шындық биігінен табылу әр адамға міндет екенін жеткізді. Сонымен бірге Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілерімен бірге «Туған күн кешінде» әнін шырқады.
Мұхтар Шаханов – қазақ даласын өзінің құнарлы жырымен сусындатқан, әр қазақтың жүрегіне жол таба білген, қайталанбас дарын иесі. Саясатта да ел мүддесі жолында еңбек еткен қайраткер. Ақынның шығармалары әлемнің ондаған елдерінің тілдеріне аударылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Ордабасыда «Ана мен бала» аллеясы пайдалануға берілмек

Аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың бастамасымен қолға алынған «Ана мен бала» аллеясы жақын арада ел игілігіне берілмек. Бұл туралы аудан...

Тәуелсіздігіміз орда бұзар жасқа толды

  Тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл! Тәуелсіздік — Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі. Тәуелсіз...

Түркістанда «Алтын сақа» халықаралық анимациялық фильмдер фестивалі өтеді

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай, Түркістан қаласында 16-18 маусым күндері «Алтын Сақа» халықаралық анимациялық фильмдер фестивалі өтеді....

Көпқабатты үйлердің аулаларындағы балалар ойын алаңшасын және тренажер, стрит воркаут алаңшаларын тұрғындардың пайдалуына тапсырылды

Көпқабатты үйлердің аулаларындағы балалар ойын алаңшасын және тренажер, стрит воркаут алаңшаларын тұрғындардың пайдалуына тапсырылды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың...

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРАДЫ

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті Түркістан облысы аумағынан 18-32 жас аралығындағы әскери билеті бар ер азаматтарды...

Түркістанда іскерлік кездесу өтті

Түркістанға АҚШ-тың бас консулы келді. Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Сэвидж Түркістанға кезекті рет жұмыс сапарымен келді....

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ «ALTYN KÚZ — 2022» САЛТАНАТТЫ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған «ALTYN KÚZ - 2022» мерекесі ұйымдастырылды. Алдымен ауыл шаруашылығы саласы техникалары мен...

Шолпанның шұғылалы шақтары

Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген...

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Түркістан облысы білім басқармасы білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсының «Әңгімелесу» кезеңін өткізді. Ерекшелігі – конкурстың осы...

Тағы да