Понедельник, 20 апреля, 2026

«Ақиқатында, ең басты мәселе, ең биік игілік, қасиетті құндылық – қайырымдылық

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

 

Ең әуелі адам – адамгершілігімен және өзінің парасатының биіктігімен көрікті.
Біз бүгін өзіміздің мақтанышымыз, жерлесіміз, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі – Әшірбаев Байкен Әшірбайұлын тілімізге тиек еткелі отырмыз.
Бүкіл адамзаттың ұстазы, атақты ойшыл Аристотель: «Ақиқатында, ең басты мәселе, ең биік игілік, қасиетті құндылық – қайырымдылық. Ал, қайырымдылық пен адамгершілік – егіз, бірінсіз бірінің бар болуы, оның болмысқа айналуы мүмкін емес. Әр нәрсе де өзінің мәнімен, өзіндік қасиетімен қадірлі, құнды әрі бар бола алады», – деген екен. Қазағымызда да пейілі дархан даладай кең, ниеті ақ, қайырымды, мейірімді, асыл қасиеттерді бойына жиған адамды «үлкен жүректі» дейді.
Байкен Әшірбайұлының «Nur Otan» партиясының «30 игі іс» қайрымдылық марафоны аясында қыс айында, пандемия кезінде 500 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттерін таратқаны есімізде. Ол аздай, Рамазан айында жеке өз қаражатын ел игілігіне жұмсап, 550 отбасыға азық-түлік себеттері таратылған болатын. Халық қалаулысының қабылдауына тұрмыстық мәселелермен келген отбасылардың да көңілін қалдырмай, 100-ге жуығына азық-түлік пен қаржылай көмегін көрсетті. Қайрымды істер марафоны аясында 100-ден аса отбасыға 1 тоннадан асып жығылатын мал етін үлестіріп, елге қайыр жасады. Бұдан өзге игі істері шаш етектен.
«Қайырымдылық керуені» жобасына белсене араласқан Байкен Әшірбайұлының қоғам үшін жасап жатқан ауқымды қызметі ескеріліп, Н.Назарбаев қорының директоры Д.Назарбаеваның Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен «Жомарт жүрек» сыйлығының аудандық, қалалық және республикалық «ТУҒАН ӨЛКЕ» номинациясын жеңіп алған болатын.
Байкен Әшірбайұлын жерлестеріміз қиналғанға қолұшын созатын, тарыққанға дем беретін қайырымды азамат ретінде жақсы біледі. Ел тілеуі – ер тілеуі. Байкендей бауырларымыз елде көп болса, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман ертерек келетіні күмәнсіз…

©️ Әсет Әссанди,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жаңалықтар тізбесі

Түркістан облысының бас дәрігері рухани астанада бала мен ана денсаулығы бірінші орында

АНА МЕН БАЛА САУЛЫҒЫ - МАҢЫЗДЫ Биыл - балалар жылы. Олардың тыныш өмірі Қазақстанның табысты болашағының сенімді кепілі. Сондықтан рухани...

ИЗМИР, БОДРУМ, СТАМБҰЛДЫҢ АСПАЗДЫҚ ШЕБЕРЛІГІ – MICHELIN НҰСҚАУЛЫҒЫНДА

  Измир мен Бодрумның аспаздық көріністері 2024 жылғы Cтамбұл, Измир, Бодрумға арналған MICHELIN нұсқаулығында тамаша көрсетілген. • Барлығы 111 мейрамхана ұсынылады,...

Түркістанда тарихи туризмді дамыту басты назарда

  Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы. Бұл көне шаһардың мәртебесін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі анықтап, ресми бекітіп берді. Түркістанның...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаулары еліміздегі бірқатар өзгерістерді талап етеді.

  Елімізде жыл соңына дейін 20-дан аса заңға өзгерту мен толықтырулар енгізілуі тиіс. Қазір депутаттар осы мәселемен бас қатырып жүр....

Ордабасыдағы игі орталық.

«Шапағат» орталығының шапағаты бүкіл ордабасылықтарға тиіп отыр.  Әлеуметтік  орталық  ашылғалы бері 3 мыңнан астам адамға қызмет көрсеткен. 4 АЙДА...

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды барлық құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен бірыңғай қабылдау өткізді. Бастама облыстың оңтүстік аудандарында өтті....

Стамбұлда әлемдік денсаулық сақтау қауымдастығы бас қосады

Халықаралық конгресс және конференция қауымдастығы (ICCA) және Қауымдастық және конференция форумы (AC) бірлесіп ұйымдастырған «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы»...

Шымкент қалалық прокуратурасы экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мен шетелден активтерді қайтару жұмыстарын жалғастыруда. 

Шымкент қалалық прокуратурасы экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мен шетелден активтерді қайтару жұмыстарын жалғастыруда. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5...

Түркістан облысында биыл 200 мыңнан астам бала жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, 2022-2023...

Тағы да