Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістанда тарихи туризмді дамыту басты назарда

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

 

Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы. Бұл көне шаһардың мәртебесін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі анықтап, ресми бекітіп берді. Түркістанның түркі әлемінің алдында мойындалуы – үлкен жетістік. Бұл туралы «Түркістан» телеарнасына берген сұхбатында Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев айтты.

Ол аймақта соңғы үш-төрт жылдың көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар қыруар екенін жеткізді. Мемлекетіміздің рухани астанамызды қайта түлетуге мүмкіндігі болғаны – үлкен мақтаныш. Мұны әлеуеті жоғары, экономикасы ілгерілеген мемлекет қана іске асыра алады.

«Біз тәуелсіздік жылдарында екінші астанамызды тұрғыздық деп айтуға негіз бар. Түркістанды бүкіл әлем бұрыннан-ақ таныған, бүкіл қазақ бұрыннан тәу еткен онда барып. Қазақтың қандай батыры, биі, сұлтаны болмасын, өздерін Түркістанның қасиетті топырағында жерлеуді өсиет еткен. Сол себептен, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңы, ондағы қорғалған төңіректе зерттеуді қажет ететін жәдігерлер өте көп. Ал Қожа Ахмет Ясауидің даңқы бәрімізге мәлім, он төртінші, он бесінші ғасырлардағы Орта Азиядан шыққан ғұламалардың бірі. Оның ілімі, тәлімі әлі күнге маңызын жойған жоқ, көптеген шәкірттері бар. Қазақстанды атажұрты санайтын түркиялықтар сол кесенеге келіп тәу етеді», – деді халық қалаулысы.

Депутат аймақтың туризмі соңғы кездері айрықша дамып жатқанын атап өтті. Туристердің саны былтырғымен салыстырғанда екі есе өскен. Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана Түркістанға сапарлайтындар 800 мыңның айналасында еді. Ал қазір 2 миллионның үстінде деген деректер бар.

«Жалпы, Қазақстанда туризмді бұдан да өркендетеміз десек, әлі де жүйелі жұмыстарды атқару керек. Өйткені, бізде шетелдіктерге көрсетуге лайықты орындар өте көп. Солардың бірегейі – Түркістан. Онда діни, рухани, экономикалық бағытта ілкімді істерді қолға алуға болады. Ол үшін еуропалық стильдегі ғимараттарды салып қою аздық етеді. Ең алдымен, кесененің маңындағы, қорғау аумағындағы жәдігерлерді толықтай шығарып, зерттеу керек. Өйткені, халық та, туристер де он екінші ғасырдағы, одан бергі уақыттағы Яссы шаһарын көргісі келеді», – деді Әли Бектаев.

Оның пайымынша, туристердің дені тарихқа қызығады, шынайы тарихты көргісі келеді. Әйтпесе, демалу, сауда-саттық жасау қазіргі туристерге таңсық емес.

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

Қарағанды қаласында желтоқсанның 17-21 күндері бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық жарыс мәресіне жетті. Биыл...

Ұлттық құндылықтарды дәріптеді

Түркістан қаласында «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Тамаша әже» байқауы өтті. Іс-шараға Отырар, Сауран, Шардара, Мақтаарал, Жетісай,...

Түлкібас ауданында 20 миллионыншы тұрғын есебін бастаушы нәрестелердің аналарына құрмет көрсетілді

Өздеріңізге белгілі жуырда елімізде тарихи оқиға тіркелді. Қазақстанда халық саны 20 миллионға жетті. Қуанышты сәттен Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов...

«Жақсылықты бөліссең көбейеді»

  Өңірімізде орын алған апаттарда да, пандемия кезінде де талай отбасыға қол ұшын созған “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық...

Бала қауіпсіздігі отбасы құндылықтарының басты өлшемі

Түркістан қаласында ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы,...

Жастар — заманауи мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланушылар

Бүгінгі заманның талабы - жастарға мәдени – интеллектуалдық және информациялық мобильдік те тән. Оны қазіргі жағдайға тән құбылыстармен түсіндіруге...

«Жасөспірім және заң» тақырыбында кездесу өтті

2023 жылдың 18 мамыр күні Кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты және оқыс оқиғаларды алдын алу бойынша кездесулер...

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ 250-ДЕН АСТАМ ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК БЕРІЛДІ

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Түркістан облысы Полиция департаменті жаңа көліктермен толықты. Шаһардағы тікұшақ алаңында өткен салтанатты шараға облыс...

«ЗЕРДЕ» ғылыми жобалар байқауы өтті

Бәйдібек аудандық М.Әуезов атындағы ІТ-мектеп-лицейінде 2-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" ғылыми жобалар байқауы өтті. Мақсаты: балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын арттыру,...

Тағы да