Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістан облысында биыл 200 мыңнан астам бала жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2022-2023 оқу жылында облыста 17 жазғы сауықтыру лагерлері қызмет көрсетіп, жалпы қала сыртындағы лагерлер – 41 597 баланы, мектеп жанындағы лагерлер – 153 000 баланы қамту жоспарланған.

«Лагерлерде әлеуметтік жағдайына байланысты 23 207 бала бюджет есебінен тегін, 15 мыңға жуық бала ата-аналар есебінен ақылы демалатын болады. Бір баланың жазғы сауықтыру құны – 30 252 теңге. Сонымен қатар, «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен облыста 3 390 бала жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылмақ. Сондай-ақ, мектеп жанындағы бір мезгілгі тамақпен қамтитын – 330 лагерь, 580 ойын-сауықтыру алаңшалары балалар үшін тегін қызмет көрсетеді. Ал қала сыртындағы лагерлер маусым айының бірінші онкүндігінде ашылып, жаз бойы 6-8 ауысымда қызмет көрсетпек. Сондай-ақ, «Самал» лагерінде облыстағы 2 отбасылық үлгісіндегі балалар ауылының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 170 тәрбиеленуші жаз бойы демалады. Ал, 1050 бала республикалық «Балдәурен», «Бөбек» оқу-сауықтыру лагерлерінде сауықтырылады», — деді Дінислам Болатханұлы.

Басқарма басшысы атап өткендей, облыста балалардың жазғы сауықтыруын ұйымдастыруға Түлкібас ауданы, Машат шатқалында орналасқан мемлекет теңгеріміндегі «Самал» және «Отырар» жазғы сауықтыру лагерінде бір ауысымда 800 қосымша орын ашылады. Одан бөлек, Бәйдібек ауданда орналасқан «Тау Шыңы» демалыс аймағы жазғы сауықтыру лагері ретінде қосымша 150 орынмен қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар, Ордабасыдағы «Орленок» жазғы сауықтыру лагерінің де қайта ашылуы қарастырылып, 150 орындықты 1 жаңа лагерь балаларды қабылдамақ.

Бұдан бөлек, Төлебидегі Киелітас ауылында орналасқан аудандық «Оқушылар Үйіне» жөндеу жұмысы жүргізіліп, қосымша 150 баланы қабылдайды. Сондай-ақ, Түлкібас ауданындағы Жабағылы және Абайлы ауылынан сауықтыру лагерін, Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалындағы басқарма теңгеріміндегі «Робинзон» лагерінің бос тұрған 4,35 гектар жер теліміне жаңа лагер құрылысын жүргізу ұсынылды. Нәтижесінде қосымша 4-5 лагермен қамтылып, бір ауысымда 1 720 жаңа орын ашылады. Яғни, жылына 8 ауысымда 13 760 балаға қосымша орын бар.

Айта кетсек, Түркістан облысында өткен оқу жылында жалпы жазғы сауықтырумен 206 269 бала қамтылған. Оның ішінде, қала сыртындағы лагерлер – 57 710 балаға, мектеп жанындағы лагерлер – 148 559 балаға ұйымдастырылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

Жастар — біздің болашағымыз!

  Жастар — елдің болашағы. Халқымыз жастар тәрбиесіне әрдайым көңіл бөліп отырған. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты аясында жастардың рухани,...

Жерорта теңізі бабында

Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің Түркия Туризмін таныту және дамыту агенттігі (TGA)  мен Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастыруымен Түркия Республикасында жүрміз. Бауырлас...

Қонаев қаласы Шар фестивалінің ауқымы мен дайындығы жағынан Каппадокиядан қалыс қалмайды

Қазақстанда алғаш рет 2023 жылдың 22-23 шілдесінде Қонаев қаласында «Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі өтуде. Алматы облысының туризм индустриясы...

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ ЗОР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

"Халық қатысатын бюджет" жобасы - жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз...

3 жыл ішінде 49 мың отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді – Динара Зәкиева

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасын таныстырды. ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОЗНАКОМИЛСЯ С ПРОЕКТАМИ, ОТКРЫВШИМИСЯ В КЕНТАУ В РАМКАХ ПРОЕКТА «АУЫЛ АМАНАТЫ»

В ходе рабочей поездки в Кентау аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды встретился с предпринимателями, ознакомился с работой их объектов...

Жалынды жастар — ұлт ертеңі

Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында жастар арасында...

Балаға отбасының күйрегенін көру – ауыр соққы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді. «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу...

10 Things NOT to Do at Walt Disney World

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Тағы да