Воскресенье, 19 апреля, 2026

Ауыл мектептері оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиаданың бірінші кезеңіне Түркістан облысынан 21321 оқушы тіркелді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі бүгін Отырар ауданы, «Өзбекәлі Жәнібеков» атындағы лицей интернатында салтанатты түрде ашылды.

Мақсат — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.

Олимпиадаға республикамыздың ауылдық мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын 9-11(12) сынып оқушылары қатысуда.

«Ауыл мектептеріне арналған олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балаларды анықтауға және дамытуға бағытталған. Өткізу қағидаларына сәйкес олимпиада 13 пән бойынша (жаратылыстану–математикалық бағыттағы 6 пән, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән) өткізіледі және 3 кезеңнен тұрады.

Бастапқы кезеңге қатысу үшін аuyl.daryn.kz сайтында 85 401 оқушы тіркелді. Олимпиада «бір компьютер – бір оқушы – бір камера» қағидаты бойынша өткізілді. Кезең қорытындысы орталықтың сайтында жариялатын болады» — дейді «Дарын» РҒПО директорының орынбасары Айгүл Каркулова.

Айта кетейік, ІІ іріктеу кезеңін желтоқсан айында облыстық білім басқармалары өткізеді. Тапсырмалар дәстүрлі олимпиадалық тапсырмалар түрінде онлайн-платформада беріледі.

Олимпиаданың III кезеңіне ІІ кезеңнің жеңімпаздары (нәтижелерге сәйкес, әр пән мен сынып бойынша екіден артық емес) қатысады: жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша 9-11(12) сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері бойынша 10-11(12) сынып оқушылары.

III кезеңнің барлық қатысушылары республикалық сырттай мектепке қабылданады. Қорытындысында қатысушылардың жалпы санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталады. I дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ОҚУШЫ ТІРКЕЛДІолимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады.

Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 20 қараша күні еліміздің барлық ауыл мектептерінде бір мезгілде өткізіледі.

 

Жаңалықтар тізбесі

Жастар үшін ұлттық тәрбиенің маңызы зор.

Кәсібің –нәсібің. Несібені көктен емес, еңбектен таба білетін  халқымыз жаңа заманда  кәсіпкерліктің қыр-сырын  жетік меңгеріп келеді. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптей...

Тірлігі тындырымды НӘЗИПА

Төлеби аудандық ауруханасында халық денсаулығы үшін күресіп,  тұрғындардың алғысына бөленіп жүрген жандар аз емес. Сондай мамандардың бірі – аға...

ИТАЛИЯ МЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС ТЕРЕҢДЕЙ ТҮСТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Италияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Марко Альберти мен «Arm Wind» ЖШС-нің басқарушы директоры Алекс Стиллаватомен...

Адамдарды ұрлауға қатысы бар арампиғылдылардың 71%-ды жұмыссыздар

Қазақстанда адам саудасы ұдайы ұлғаю үдесіне ие болып отыр. Адам саудасының негізгі құрбаны халықтың әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген бөлігі...

ТҮРКІСТАН: Оқушылар жазғы демалысын тиімді өткізіп жатыр

Сарыағаш ауданында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты ұранымен оқушылардың жазғы демалысы аясында «Балдәурен» лагеріндегі демалушы оқушылар арасында спартакиада өтті. Спартакиаданың мақсаты...

Саурандық оқушылар аймақтық ақындар айтысында сөз шеберлігін көрсетті

«Төрт тоқсанға - төрт өнер» Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында А.Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде тәрбие орынбасарлары мен қазақ...

Президент кадр резер­ві  бұл —  ұлт үшін, ел үшін, халық үшін аянбай тер төгу деген сөз.

Прези­­­денттік жастар кадр резер­він жасақтаудың басты мақсаты қандай?. Мемлекет басшысы жастарға арнаған сөзінің қалған бөлігінде олардың алдында тұрған нақты...

ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Түркістан облысында инвестиция тарту жұмыстары күшейтіледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдегі индустриалдық және арнайы экономикалық...

Темірден түйін түйген келіншек

Бизнес әлемінде әйелдер қауымының үлесі артып келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Жаратылысы нәзік әйел затына қоғамдық тамақтану немесе кондитерлік...

Тағы да