Воскресенье, 19 апреля, 2026

Президент кадр резер­ві  бұл —  ұлт үшін, ел үшін, халық үшін аянбай тер төгу деген сөз.

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Прези­­­денттік жастар кадр резер­він жасақтаудың басты мақсаты қандай?. Мемлекет басшысы жастарға арнаған сөзінің қалған бөлігінде олардың алдында тұрған нақты міндеттерге тоқталды. Яғни Президент кадр резер­віне кірген жастармен «Кадрлық резервке өту дегеніміз – жоғары лауазымды қызметке орналасу ғана емес. Бұл – ұлт үшін, ел үшін, халық үшін аянбай тер төгу деген сөз. Әр за­манда кез келген халықтың білімді және білікті азаматтарының ортақ мүддеге топтасатын кезеңі болады. Осылайша, ұлтты биікке жетелейтін, жаңаша даму­ға бастайтын шоғыр қалыптасады». «Әр заманда кез келген халықтың білімді және білікті азаматтарының ортақ мүддеге топтасатын кезеңі болады». Әр дәуірдің өз ерекшелігі, өз әуені, өз ұраны болады. Жастар өздерінің өткір идеяларымен, тың ойларымен, жігерлі және шапшаң қимыл-әрекетімен, креативті рухымен ылғи да өз дәуірінің көшбасшылары әрі мұзжарғыштары болады. Арғы дәуірлерге бармай-ақ, Қазақ хандығы заманына көз жіберсек, қазақ халқы Жоңғар шапқыншылығына қарсы ерлікпен күрескен XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақтың жастары ерікті түрде бірігіп, Жоңғар басқыншыларына тойтарыс беріп, майданда шешуші жеңіске жеткен болатын. «Жаужүрек мың бала» – сол тарихи шындықтың жалғыз ғана жаңғырығы. Ел басына күн туған қиын сәтте жастар өздері ұйымдасып, оған өздері басшылық еткен. Өткен ХХ ғасырдың басында қазақ жастарының белгілі бір бөлігінің ірі саяси орталықтарда оқуы, сол тарихи кезеңдегі саяси оқиғаларды тікелей көзімен көріп, куә болуы, қоғамдық жаңғыру жолына қадам басқан орыс қоғамындағы демократиялық күштер мен ағымдардың ықпалын басынан кешуі – олардың қоғамдық көзқарастарының кемелденуіне, саяси белсенділігінің артуына әсер етпей қоймады. Олар осы тарихи кезеңдегі әртүрлі саяси оқиғаларға қатынасып, қазақ халқының арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді және алғаш рет қоғамдық ұйымдарға топтаса бастады. XX ғасырдың ­басында қазақ халқын өрге сүйрер, ұлт қамы үшін өмірлерін сарп етер зиялы қауымның шоғыры қалыптасты. Олар өздері құрған «Алаш» партиясы және қозғалысы арқылы ұлтты ояту мен өркениетке жеткізудегі жастардың шешуші рөлін толық көрсетіп берді. Алашшыл жастардың арқасында қазақ елінің шекарасы айқындалып, қазақ автономиясы құрылды. Бүгінгі қазақ мемлекеттілігінің түп тамыры, негізі сонда жатыр. ХХ ғасырдың басында «халықтың білімді және білікті азаматтары ортақ мүддеге топтасып», сауатты түрде белсенді қарекет қылмағанда не болар еді?! Міне, жас буынның құдіреті! Жастар қай кезде де, қай елде де өз заманын оятушы һәм өз дәуірінің жалаугері. Бір жаңа дәуір ең әуелі қоғамдық ой-сананың оянуынан басталады. Бұл тұрғыдан келгенда, аға буынға қарағанда жастардың ой-санасы қағілез ­болатыны белгілі. Олар жаңа идеялар мен тың тұжырымдамаларды оңай қабылдайды, сөйтіп, өз дәуіріндегі ерте оянған топқа айналады. Жастар өз заманының жауапкершілігін арқалаушы негізгі күш. Бір дәуірдің жауапкершілігін, негізінен, сол дәуірдің жастары арқалайды. Бұл мемлекеттің өркендеуі мен ұлт дамуының қозғаушы күші, сондай-ақ тарихи сабақтастықты қамтамасыз етудің басты ұйытқысы. Жастар қай дәуір, қай қоғамда да барлық әлеуметтік топтардың ішіндегі ең белсенді, ең рухты, ең креативті күш. Жауапкершілігін тез сезінетін жастық сезімталдықтың, арман-қиялға бай, жасампаз рух пен тасқындаған күш-жігерлерінің арқасында мемлекеттік даму мен ұлттық өркендеудің авангард қосынына айналады. Жастардың бойындағы осынау асыл қасиет пен оларға деген сенімнің маңызды екенін ескерген Қ.Тоқаев президенттік кадрлық резервіне енген жастармен кездесуде сөйлеген сөзінде: «Соңғы жылдары бүкіл әлемде болып жатқан наразылық тол­қыны – өзгеруге деген жаһандық сұра­ныс­ты айқын көрсетіп берді. Адамзат төр­тінші өнеркәсіптік революцияны бастан кешіруде. Алайда мемлекеттік басқарудың қағидаттары неше ондаған жылдар бойы өзгерген жоқ. Қазақстанға қоғамның қажеттіліктеріне сай келетін, мемлекетті тиімді, әділетті басқарудың жаңа үлгісі қажет. Сонымен қатар ол ең заманауи технологияларды қолдануға негізделуі керек» деп атап көрсетті.

Жаңалықтар тізбесі

Жалынды жастар — ұлт ертеңі

Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында жастар арасында...

Жастар тарихын біліп, танып өссе ұлттық рухымыз жоғалмайды.

Жастар тарихын біліп, танып өссе ұлттық рухымыз жоғалмайды. Тарихтан өнеге көп. Біздің бүгінгі тақырып - Қожа Ахмет Ясауидің анасы...

Түркістан облысына іссапармен ҚР ІІМ Алматы академиясының мамандары келді

Бүгін арнайы іссапармен Түркістан қаласына М.Есполатов атындағы Алматы академиясының маманы полиция майоры Әсем Қырғызбекқызы бастаған топ келді. Атап айтсақ,...

Түлкібаста RC Сola шығарылады

  Түлкібаста RC Сola  және қош иісі бар түрлі сусындар шығарылмақ. Табиғаты таңғажайып өңірде туризм саласы да қарқынды қанат жаймақ.Ал,...

Б.Аширбаев құрылыс нысандарын бақылау жұмысына қатысты

Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі ретінде, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға...

Байжановтар отбасында 1 докторант, 6 магистрант, 18 жоғары оқу орнын бітірген маман бар

Қай ата-ана да перзентінің қатарынан озық, білімді, тәрбиелі болып өскенін қалайды. Сол үшін ұрпақтарына жан-жақты білім беруге ұмтылады. Ордабасы...

Жүрегі жомарт, еліне жанашыр халық қалаулысы

«Жомарт жүрек-2021» сыйлығының ««Туған өлке» номинациясы меценат, кәсіпкер, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Байкен Әшірбаевқа бұйырды. Расында лайықты марапат! Жыл он...

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп атқарған жұмыстар

Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қоғамдық бірлестік өкілдерімен бірлесіп қаламыздағы ірі сауда орталықтырның өкілдеріне және...

NUR OTAN ПАРТИЯСЫ ҮЗДІК ДЕПУТАТТАРҒА БАЙ

Солардың арасында Байкен Әшірбаев жайында айтайын. Байкен Әшірбайұлы – Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер. Мемлекет не береді деп...

Тағы да