Понедельник, 20 апреля, 2026

ИТАЛИЯ МЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС ТЕРЕҢДЕЙ ТҮСТІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Италияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Марко Альберти мен «Arm Wind» ЖШС-нің басқарушы директоры Алекс Стиллаватомен кездесті. Кездесу барысында Түркістан өңіріне Италия инвестициясын тарту, туризм, ауыл шаруашылығы және өзге де салалар бойынша әріптестік орнату көкжиектері сөз болды. Облыс әкімі облыста инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын айтты.
– Түркістанға тағы да қош келдіңіздер деймін. Бүгін өңірімізде «Шәуілдір» күн электр станциясы іске қосылды. Бұл Италия мемлекеті мен Қазақстан Республикасы, оның ішінде Түркістан өңірі арасындағы байланысты тереңдете түседі деген ойдамын.
Жаңартылатын қуат көздерін пайдалану жобасына қолдауларыңызға алғысымды білдіремін. Италияда ауыл шаруашылығы, өндіріс, туризм өте жақсы дамығанын білеміз. Осы бағыттар бойынша да іскерлік байланыс орнатсақ деген ұсынысым бар. Біздің кәсіпкерлерді, ауыл шаруашылығы өкілдерін Италияға жіберіп, тәжірибе жинату жағын қарастырайық. Біз өндіріс пен білім саласына басымдық беріп отырмыз. Білім саласына да инвестиция құюға шақырамыз. Өңірде Италия тарапынан оқу орнын ашамыз десеңіздер, қолдау көрсетеміз. Жалпы аймақта өндіріс орындарын ашу, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша әрдайым әріптестік орнатуға, қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.
Италияның Қазақстан Республикасындағы елшісі ұсыныстарды қарастырып, тиісті жұмыс жүргізетінін айтты.
– Қанша аймақта болсам да, Түркістан өзіне тартып тұрады. Бүгінгі іске қосылған жобамыз – болашақ жобалардың бастамасы. Екі елдің арасында тұрақты әуе рейстерін көбейтуді қолға алу маңызды деп есептеймін. Осы арқылы Италия саяхатшылары Қазақстанға және Түркістанға келеді. Еуропалық туристер тарихи орындарды, көне қалаларды, ескерткіштерді аралап, зерттегенді жақсы көреді. Бұл ретте Түркістанның орны айрықша. Туризм саласы бойынша гидтер даярлауға қолдау көрсетуге де дайынбыз. Осы өңірді дамытуға үлес қосқымыз келеді, – деді елші.
Кездесуде «Arm Wind» ЖШС-нің басқарушы директоры Алекс Стиллавато да байланыстарды нығайту бағытында ой қозғады. Түркістандағы Күлтөбе қалашығын жарықтандыру, күн панельдерін орнату жоспары бар екенін мәлімдеді. Осы бағытта ЮНЕСКО-мен және Түркістан облысы әкімдігімен бірлесе жұмыс атқарылмақ. Егер ЮНЕСКО-мен келісімге қол жеткізіле берсе, туристік әлеуетті көтеретін жоба жүзеге аспақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Түркістандық талапкерлер «Серпін» бағдарламасына 13-22 шілде аралығында құжат тапсыра алады

Елімізде Оңтүстіктегі жастарды солтүстікте оқытып, көшіруді мақсат еткен «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы 2014 жылы бастау алған болатын. Аталған бағдарлама аясында...

Жастар саясатының игілігі мол.

Ел болашағының негізгі тірегінің бірі және бастысы болса, ол жастар екені күмәнсіз. Сондықтан жастар мәселесі әр кез жүйелеп отыруға...

Жол картасындағы 10-шы басымдығы бойынша қала әкімінің орынбасары М.Исаховпен бірге мониторинг жұмыстарына жүргізілді

Жол картасындағы 10-шы басымдығы бойынша қала әкімінің орынбасары М.Исаховпен бірге мониторинг жұмыстарына жүргізілді Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты,...

Қазақстандықтардың басым бөлігі зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту туралы Президенттің бастамасын қолдайды

Респонденттердің 96%-ы Мемлекет басшысының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейту жөніндегі...

Түркияны велосипедпен жүріп таныңыз

Велосипедте Түркияны тамашалауға дайынсыз ба? Жерорта теңізінен Эгейге дейін табиғатта жасыл мен көк аралас әдемі шығанақтарды аралап, мөлдір су...

Түнгі рейд жұмыстары жалғасуда!

Түлкібас аудандық полиция бөлімі және аудандық ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ мен аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімі...

Аудан әкімі «1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күнімен» құттықтады

Бүгін ауданымызға қарасты барлық білім ордаларында «1-маусым балаларды қорғау күніне» және оқу жылының аяқталуына орайластырылған соңғы қоңырау шарасы жоғарғы...

ТҮРКІСТАН: БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІН ҚОЛДАУ БОЙЫНША ЖОЛ КАРТАЛАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Түркістан қаласында билік пен бизнес арасындағы сындарлы диалогты арттыру мақсатында Облыс әкімдігі, Прокуратура, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы...

ЕЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫНА СЕНЕМІН

Бұл кезектен тыс өткен сайлау еліміз үшін өте маңызды шара деп білемін. Үміткерлер арасында Қасым-Жомарт Кемелұлы жеңіп шықты. Президентімізге...

Тағы да