Түркістан қаласында «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Тамаша әже» байқауы өтті. Іс-шараға Отырар, Сауран, Шардара, Мақтаарал, Жетісай, Келес, Созақ, Сарыағаш, кентаулық әжелер қатысты.
Тұрғындар арасында ұлттық салт-дәстүрді кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауға қатысушылар баланы бесікке салу салтын орындаудан және ұлттық аспаптарда ойнап, ұлттық киім үлгілерін дайындау бойынша жарысты.
Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды түркістандық Күлгін Айымбетова еншілесе, 2-орынды Шардара ауданының қатысушысы алды. Ал, 3-орынға келестік әжелер тобы ие болды.
