Понедельник, 20 апреля, 2026

Зорлыққа ұшыраған әйел қайда жүгінеді?

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Әйелдердің дені күйеуінен жәбір көрсе, қайда шағымдануды, кімге барып көмек сұрауды біле бермейді. Зомбылық­­қа ұшыраған жағдайда не істеу керек? Жан­жал шығарушыға қандай жаза қарас­тырылған?

Бұл сұраққа ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Саида Сейілханова жа­уап береді.

– 2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы өз Жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде тапсырма берді. Осы тапсырмаларға сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауап­кершілік күшейтілді. Егер бұрын соттар отбасылық зорлық-зомбылық жасау­шыны бір тәуліктен бес тәулікке дейін қамауға алумен шектелсе, енді оған ескерту жасалады немесе бес тәулікке қамауға алынады. Егер агрессия қайталанса, ол 10 тәулікке қамауға алынады.

Ұрып-соққаны анықталған жағдайда 10 күнге қамау жазасы қолданылады. Егер қайталанса, қамауға алу мерзімі 15 тәу­ліктен 20-ға дейін ұзартылады. Ден­сау­лыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 15 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза қарас­тырылған, қайталанған жағдайда бұрынғы 20 тәуліктің орнына 25 тәулікке қамау жазасы белгіленді.

Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңнан қорғаныс нұсқамасын бұзғаны үшін ескерту алынып тасталды. Ескертудің орнына 10 тәулікке қамауға алу қарастырылған. Бұдан басқа Қылмыстық кодекстің жекелеген баптарына, атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 106 және 107-баптарына ауыр зиян келтіру және денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру туралы «кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамға қатысты іс-әрекет жасау» ұғымы енгізілді. Бұл қылмыскерді оқшаулау үшін қамауға алу түріндегі санкция­ны қолдануға мүмкіндік береді, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша 10 жылға дейін және 107-бабы бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жауапкершілігі.

Енгізілген түзетулерге сәйкес енді тұр­мыстық зорлық-зомбылық жағдайында жәбірленушінің өтінішінсіз де әкімшілік іс қозғауға болады.

Енді «Зорлық-зомбылыққа ұшыраған адам не істеуі керек, алғашқы әрекеті қандай?» деген сұраққа келсек.

1)     Полицияға 102 нөмірі арқылы қоңырау шалып, ауызша болған жағдайды айтыңыз немесе qamqor.gov.kz порталы арқылы онлайн өтініш беруге болады. Сіздің құқық бұзушыға шара қолдану үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық болған полиция қызметкер­лерін шақыруға және полиция қызметкерінен сот-медициналық куәландыруға жолдама талап етуге құқығыңыз бар. Полиция қызметкері­нің өтінішті қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.

2) Егер сізді ұрып-соққан болса, дереу 103 нөмірі арқылы жедел жәрдем шақырыңыз. Жедел жәрдем бригадасы да полицияға қоңырау шалады. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны агрессорға қатысты мәлімдеме жазады, содан кейін рәсім жоғарыда сипатталғандай жүзеге асады.

3) Дағдарыс орталығына немесе баспанаға жүгіну. Елімізде балаларға, жастарға және зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға арналған тәулік бойы ұлттық сенім телефоны (150 нөмірі) жұмыс істейді. Оған еліміздің кез келген бұрышынан кез келген уақытта, яғни 24/7 режімінде тегін қоңырау шалып, өтінішіңізді қазақ және орыс тілдерінде айта аласыз. Әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауға мамандандырылған дағдарыс орталығына немесе баспанаға тікелей жүгіне алады.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 41 дағдарыс орталығы жұмыс істейді, оның 14-і – мем­ле­кет­тік орталық. Дағдарыс орталықтары мен баспаналарда әйелдерге қызмет көрсету стандартына сәйкес құқықтық, психологиялық және басқа да көмек көрсетіледі.

4) Кез келген азамат отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша 111 нөміріне қоңырау шала алады. Байланыс орталығының операторлары отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, буллингке және басқа да мәселелерге тап болғандарға психологиялық қолдау көрсетеді. Бұл ретте консультанттар қиын өмірлік жағдайларындағы отбасыларға көмектесу үшін жедел топтармен тікелей байланыста жұмыс істейді.

5) Егер ішкі істер органдарынан, әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі инспекциядан кері байланыс болмаса, тұрғылықты жеріңіз бойынша прокуратураға хабарласыңыз.

Жаңалықтар тізбесі

Ата-аналарға арналған жадынама «Балаңыздың зорлық-зомбылық құрбаны болмауы үшін»

Балаға егер өзіне төнген қауіптілікті сезсе, кез келген үлкен адамға «ЖОҚ» деп айтуға құқығы бар екенін үйретіңіз. Егер...

4000-ға жуық адамды сапалы интернетпен қамтуға толық мүмкіндік жасалып отыр

Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі ретінде, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға...

Қайырымдылықты  ту еткен  «АРМАН АЛАҢЫ» коалициясы құрылды

  Игілікті істер атқару мақсатында «Арман алаңы» коалициясы құрылды. Бұл ұйымды мүмкіндігі шектеулі балаларды күтіп баптап  отырған қоғамдық бірлестіктер...

ТҮРКІСТАН: 12 жасар Нұрмұхаммед шахматтан Қазақстан чемпионы

Түркістанда "Шахмат керуені" жобасының жеңімпазы анықталды. Ол - 12 жастағы алматылық Нұрмұхаммед Қабиназар. Еліміздің болашақ мақтанышы бүгінгі жарыста үздік...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысына түркітілдес елдері – Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің журналистері мен қоғамдық пікір көшбасшылары, туризм сарапшылары мен...

ТҮРКІСТАНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Түркістан облысы...

Жастар үшін ұлттық тәрбиенің маңызы зор.

Кәсібің –нәсібің. Несібені көктен емес, еңбектен таба білетін  халқымыз жаңа заманда  кәсіпкерліктің қыр-сырын  жетік меңгеріп келеді. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптей...

Жас сарбаздар – ел қорғаны.

Жас бозбалалар әскери міндетін адал орындап, елге үлес қосуды әркез парыз санайды. Бұл ретте сарбаздар үшін оқу жаттығулар ұйымдастырылып...

Жастар — Елдің болашағы!

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Байкен Әшірбаев жастармен еркін форматта кездесу өткізіп, олармен тәлім-тәрбиелік тақырыптарға...

Тағы да