Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістанда елеулі еңбектер ескерілді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

 

Денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Республика күніне орай, түркістандық денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Министрліктің ведомствалық наградаларын табыстаған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитов ақ халатты абзал жандардың кеудесіне «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»  медалін тақты.

Бар құрмет пен ыстық ықылас ақ халатты абзал жандарға арналды.             Әсіресе, пандемия кезіндегі дәрігерлердің ерен еңбегі ерекше аталып өтілді. Салтанатты жиында денсаулық сақтау саласында қызмет етіп жүрген медицина мамандарына «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілері табысталды.
Айтулы күнде абыройы артып, құрметке бөленгендердің бірі – Икрам Төлеев. Салаға еңбегі сіңген ардагер, әлі де медицинадан қол үзбеген. Бар білген, түйгенін болашақ дәрігерлерге үйретуден жалықпайтын ақ халатты абзал жан, еңбегінің еленгеніне дән риза.
Кешке келген қонақтар облыстағы  денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға да қанық болды. Айтып өтсек, Түркістан облысында өткен жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы шеңберінде 4 фельдшерлік-акушерлік пункт салынып ауыл тұрғындарына пайдалануға берілді. Биыл тағы да 4 фельдшерлік пункт құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, ауылдық жерлерде және шалғай елді-мекендерде тұратын халыққа консультациялық-диагностикалық қызметтер үшін көрсету барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған жылжымалы медициналық кешендер арқылы медициналық көмек көрсетілуде. 2021 жылы  2809 медицина қызметкері біліктілігін арттырды, оның ішінде 109 қызметкер АҚШ, Түркия, Ресей елдерінде білімдерін жетілдірді. Осы жұмыстар биыл да жалғасын табуда. 2022 жылдың 9 айында 1223 медицина қызметкері біліктілігін арттырды, сондай-ақ Түркия еліне оқуға жіберу жоспарлануда. 2023 жылы 4 аудандық аурухананы (Сайрам, Ордабасы, Сарыағаш, Жетісай)  көпбейінді аудандық аурухана етіп қайта құру жоспарланып отыр.

Жаңалықтар тізбесі

Жерорта теңізі бабында

Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің Түркия Туризмін таныту және дамыту агенттігі (TGA)  мен Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастыруымен Түркия Республикасында жүрміз. Бауырлас...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҮЗДІК ЖАСТАР ПРЕМИЯСЫ» ТАБЫС ЕТІЛДІ

Бүгін Түркістан қаласында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпағы – Жыл көшбасшылары» атты іс-шара өтті....

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазығұрт және Ордабасы аудандарында «Этносаралық қақтығыстардың алдын алу жолында...

Зорлыққа ұшыраған әйел қайда жүгінеді?

Әйелдердің дені күйеуінен жәбір көрсе, қайда шағымдануды, кімге барып көмек сұрауды біле бермейді. Зомбылық­­қа ұшыраған жағдайда не істеу керек?...

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «Әже — ұлттың ұйытқысы» атты форум өтті

Қазығұрт ауданы «Ардагерлер кеңесі» жанынан 2013 жылы құрылғын «Әжелер алқасы» ұйымының жұмыс істеп жатқанына биыл 10 жыл толып отыр. Осыған...

Тәуелсіздігіміз орда бұзар жасқа толды

  Тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл! Тәуелсіздік — Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі. Тәуелсіз...

Саурандық оқушылар аймақтық ақындар айтысында сөз шеберлігін көрсетті

«Төрт тоқсанға - төрт өнер» Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында А.Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде тәрбие орынбасарлары мен қазақ...

«Камардиннің орны ойсырап тұр»

Жырсүйер қауымға есімі кеңінен таныс Камардин Бектұросыновтың шаңырағына арнайы барып Назгүл апамызбен сұхбаттасқан едік. Арқалы ақынмен 55 жыл бір...

АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН!

Қала әкімі Мұрат Дүйсебекұлының қолдауымен, менің әріптесім Ақбаян Сапарбаеваның ұйымдастыруымен өтіп жатқан бұл іс-шарадан жомарт жүректі азаматтар да шет...

Тағы да