Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түлкібаста RC Сola шығарылады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

 

Түлкібаста RC Сola  және қош иісі бар түрлі сусындар шығарылмақ. Табиғаты таңғажайып өңірде туризм саласы да қарқынды қанат жаймақ.Ал, Алматының Апортынан кем түспейтін алмасы  ұлттық брендтің бірі болмақ. Ауданға жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі аумақтағы бірқатар кәсіпорынды аралады, алда жүзеге асатын жобалармен танысты. Сапар аясында Дархан Сатыбалды елмен бетпе-бет жүздесіп, халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.

RC Сola. Әлемге әйгілі брендтің бірі. Енді бұйыртса сусынның бұл түрі Түлкібаста шығарылатын болады. Оны  «BEIBARYS BOTTLERS» ЖШС қолға алыпты. Кәсіпорын көпдеген қош иісі бар сусындармен қатар балалар суын да шығармақ. Нысанның құрылысы шілдеде басталыпты. Жалпы құны 7 млр. 600 млн. теңге. Қауттылығы жылына 85 миллион литр су шығара алады. Нысан 2024 жылы пайдалануға берілмек. Іске қосылған жағдайда 100-ге жуық адамға жаңа жұмыс орны ашылады, деп күтілуде.
Табиғаты таңғажайып аймақта ауыл шаруашылығы, оның ішінде тамшылатып суғару әдісін қолдана отырып іске асырылып жатқан қарқынды бау шаруашылығы ерекше дамып келеді. Бүгінгі таңда ауданда 32 мыңнан астам гектар алма бау болса. Соның 500 гектары қарқынды бау. Солардың қатарында қарқынды баудың жемісін көріп отырған шаруашылықтардың бірі «Кен-Тау» ЖШС де бар.Бүгінгі таңда аталған шаруашылықтың 210 гектар қарқынды алма бауы бар. Алманы сақтайтын 2 мың 250 тоннаға шақталған заманауи қоймамен қамтылған. Кәсіпкерлермен жүздескен облыс әкімі қандай қолдау болса да көрсетуге дайын екенін жеткізді. Сонымен бірге облыс басшысына мемлекеттік қайтарымсыз грант алып кәсібін ашқан азаматтар мен тауар өндірушілердің көрмесі таныстырылды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына жұмыс сапары барысында елмен бетпе-бет жүздесіп, өзекті мәселелерді тыңдады.Биыл Еңбекші және Майлыкент ауылдарында жаңа мектептер пайдалануға беріледі. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 11 елді мекенде 32 жоба іске асырылуда екен. Түлкібастықтар тарапынан инфрақұрылым, ауыл шаруашылығына субсидия беру, үй салуға жер беру және өзге де мәселелері көтерілді. Облыс әкімі әрбір сұраққа жеке тоқталып, нақты жауап берді. Жауапты басшыларға мәселелерді назарға алуды тапсырды.
Түлкібас ауданында жыл басынан бері бизнес идеяларды жүзеге асыру бойынша 66 азамат қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп отыр. Дархан Сатыбалды жеке инвестициялар мен бизнес идеялар арқылы жұмыс орындарын көбейтуді тапсырды. Әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікке, жаңа кәсіпорындар ашуға басымдық беру керектігін айтты.

Жаңалықтар тізбесі

Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниетті тұрғындармен кездесу өтті

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниетті аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Аудан...

Пахлава: турецкая традиция, переживающая столетия

  Пахлава. Эта восхитительная турецкая выпечка с тонкими, как бумага, слоями теста фило, сливочным маслом и ароматным сладким сиропом почти...

Cтамбұлдағы ең үлкен Рами кітапханасы

Стамбұлдың Эйупсұлтан ауданында орналасқан және 18 ғасырдың ортасында салынған Рами казармасын түпнұсқаға сәйкес жүргізілген қалпына келтіру, қайта құру және...

Қазақстан ішіндегі саяхат туралы балалар кітабы шықты

  Алматы, Қазақстан, 2022 жылғы 27 желтоқсан – «Алмалы кітапхана» кітапханасында бастауыш сынып оқушыларына арналған “Тау мен дала елінің құпиясы” атты балалар кітабының тұсаукесері...

Сайрам ауданында  жылу қазандықтары шығарылып жатыр

Қазақстанда жылу қазандықтарын шығаратын 18 компания бар. Соның үшеуі Түркістан облысында. Әрине бұл өте аз, халыққа қажетті толықтай қамтамасыз...

Жастар- ел ертеңі

«Мың жүйрік» ағартушылық жобасы. Еліміздегі этнос өкілдерінің балалары қазақша жыр оқыды. Әлем халық  ертегілерін мемлекеттік тілде  нәшіне келтіріп айтты....

Рухани келісім — ұлт тірегі

Түркістанда 18 қазан Рухани келісім күні мерекесіне орай діни конфессия басшылары кездесті. Жиынға Түркістан облыстық дін істері басқармасының басшысы...

ТҮРКІСТАН: БАСШЫЛАР ТҰРҒЫНДАРҒА КӘСІПКЕРЛІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР АЛУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ

ТҮРКІСТАН: БАСШЫЛАР ТҰРҒЫНДАРҒА КӘСІПКЕРЛІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР АЛУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ Бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығына...

Түлкібаста RC Сola шығарылады

  Түлкібаста RC Сola  және қош иісі бар түрлі сусындар шығарылмақ. Табиғаты таңғажайып өңірде туризм саласы да қарқынды қанат жаймақ.Ал,...

Тағы да