Воскресенье, 19 апреля, 2026

Аудан орталығынан кіші футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңы ашылды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгін Шолаққорған ауылындағы С. Абуов көшесінің бойынан тұрғындар сұранысына орай «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорны» демеушілігімен салынған кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасы ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Спорт нысанының ашылу салтанатында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков құттықтау сөз сөйлеп, шараға арнайы қатысқан «КАТКО» БК ЖШС-нің бас директоры Паскаль Бастьенге және «КАТКО» БК ЖШС-де Коммуникация және КӘЖ басқармасының бастығы Айжан Алдабергенова мен КӘЖ бойынша менеджер Шолпан Колдасбековаға арнайы алғыс хат табыс етіп, құрмет көрсетті.

— Бұқаралық спортты дамыту мен жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. Аудан жастарын жеке тұлға етіп қалыптастырып, болашаққа деген сенімін нығайту, ізгілікке, еңбекқорлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеп, бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жобалар әр кез назардан тыс қалмайды. Қазіргі таңда аудан халқы «Катко» қазақ-француз біріккен кәсіпорнын әлеуметтің алдындағы жауапкершілікті адал атқарып келе жатқан компания ретінде таниды. Жыл басынан бері кәсіпорынмен бірлесе отырып, жастар саясатын тиімді жүзеге асыру мақсатында бірнеше жобаларды іске асырдық. С.Қожанов атындағы ескі музей ғимараты балалар шығармашылық үйіне арналып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ғимарат қажетті жабдықтармен толықтай қамтылды. Бүгін міне, кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасын ел игілігіне ұсынып отырмыз. Тек бұл ғана емес, аудан орталығындағы А. Спатаев көшесінің бойында салынып жатқан ойын алаңшасы да жақын күнде пайдалануға беріледі. Біз мұнымен шектелмейміз. Алдағы уақытқа да нақты жоспарларымыз бар,- деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.

Сондай-ақ «КАТКО» БК ЖШС-нің бас директоры Паскаль Бастьен өскін ұрпақ салауатты өмір салтын ұстанып, тәнін шынықтыратын орынға айналатынына өз сенімін білдірді.

Созақ ауданының Құрметті азаматы Бүркіт Арынбеков, ардагер ұстаз Бақыт Әметов ақ тілектерін арнап, ауыл қариясы Сатыбалды Ізбалаев батасын берді.

Шарадан соң аудан басшысы «КАТКО» БК ЖШС-нің бас директоры Паскаль Бастьенмен бірлесіп тұрғындар сұранысына орай Жібек жолы-2 көшесінен ойын алаңын салуға қолайлы орынға барып, құрылысты бастау мәселесін пысықтады.

Айта кету керек, аудан әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ әлеуметтік жобаларды қолдау аясында бірлескен жұмыстарды тұрақты түрде атқарып келеді. Осы уақытқа дейін аудандағы ауылдық округтер мен кенттерде «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ қарасты кәсіпорындар бірнеше «Street Workout» және балалар ойын алаңы мен әлеуметтік нысандар ашып, көше жарықшамдарын орнатуда. Биылғы жылы қосымша «Инкай» БК» ЖШС демеушілігімен Қарабұлақ, Жеткіншек елді мекендеріне және Шолаққорған ауылының Ж.Ерімбетов көшесіне балалар ойын алаңын салу жоспарлануда.

Шараға ауыл тұрғындары, бірқатар бөлім, мекеме басшылары, сала мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: «Оқушылар сарайында» білім мен спортты ұштастырған эстафеталық жарыс өтті

Бүгін Түркістандағы "Оқушылар сарайы" - ЮНЕСКО клубында "Бәйге" атты спорттық эстафеталық жарыс өтті. Аталған сайысқа үйірмеге қатысатын білімгерлерден құралған ("Бірлік",...

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГІ САРАПҚА САЛЫНДЫ

  Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылында орналасқан Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта мектебінде балалар жылы аясында тоғызқұмалақтан федерация кубогін сарапқа салған...

100 жыл халықпен бірге: Halyk Bank-ке 100 жыл

Биыл Қазақстанның жетекші банкі маңызды тарихи межеден өтеді: 100 жыл бұрын 1923 жылдың қазан айында Ақтөбеде жүйе құраушы қаржы...

Важность заключения трудового договора при приеме на работу

Город Алматы является экономической столицей Республики Казахстан, в связи с чем, на территории города располагается большое количество предприятий различной...

Ел болашағы үшін тағы бір нысанның құрылысы басталмақ.

Түркістан қаласында «Nurorda» халықаралық  мектебі салынады. Аталған бастама бойынша Түркістан облысының әкімі инвесторлармен кездесіп, жобаны талқылады. Алдағы уақытта Түркістан...

«Абайлаңыз — балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Сайрам ауданының тәртіп сақшылары күн сайын балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жұмыстар атқаруда. Акция аясында жергілікті...

САЙРАМ: Әжелер мектебі ашылды

Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты №74 жалпы білім беретін мектебінде Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығын ұйымдастыру мақсатында "Асыл...

Түркістанда Turkistan Marathon 2022 марафоны өтті.

Түркістанда Turkistan Marathon 2022 марафоны өтті. Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау барысында өткізілген жарысқа еліміздің түкпір-түкпірі мен...

ТҮРКІСТАН: Ордабасылық түлектер екі айда үй салып, көпбалалы ананы қуанышқа бөледі

Ордабасы ауданындағы Төрткүл елдімекенінде тұратын 1985-1986 жылғы туған түлектер мектепті бітіргендеріне 20 жыл толуына орай төрт баласы бар жалғызбасты...

Тағы да