
Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты №74 жалпы білім беретін мектебінде Ата — аналарды педагогикалық қолдау орталығын ұйымдастыру мақсатында «Асыл әжелер» мектебінің ашылуы болып өтті.
«Әжелер сөзі — тәрбие көзі» тақырыбындағы іс-шараға 7 сынып оқушылары қатысты. Абайдай дана тәрбиелеген, Зередей зерделі әжелердің ұрпақ тәрбиесінде рөлі өте жоғары.
Әжелер мектебінің негізгі мақсаты — ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, әжелердің өнегелі өмірін үлгі ете отырып, мектептегі қыз балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүріне баулу, туған жерін, елін және отбасын ардақтайтын тәрбиелі қыз, ардақты ана, қайратты да, сабырлы жан болуға, әсіресе бұрымды қыздарымызды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу
