Воскресенье, 19 апреля, 2026

Ел болашағы үшін тағы бір нысанның құрылысы басталмақ.

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан қаласында «Nurorda» халықаралық  мектебі салынады. Аталған бастама бойынша Түркістан облысының әкімі инвесторлармен кездесіп, жобаны талқылады. Алдағы уақытта Түркістан қаласында 1000 оқушыға арналған үлкен мектеп салынбақ. Сонымен бірге 400 орындық жатақхана мен 320 орындық балабақша да бой көтермек. Облыс әкімі білім саласына инвестиция құямын деушілерге қолдау болатынын жеткізді.

– Біз қазір өңірге инвестиция тарту жұмыстарын жандандырып жатырмыз. Жаңа мектеп саламын дейтін азаматтарды қолдаймыз. Ең бастысы, жұмыс кестесі бекітіліп, құрылыс уақтылы аяқталуы тиіс. Жерді алып, тиісті жұмыс жүргізбегендерден жер қайтарылады. Біздің білімге жауапты басқарма инвестормен тығыз байланыста жұмыс істеп, білім ұясының өңірге пайдалы болуына, адами әлеуетті арттыруға ықпал етуіне күш салғаны жөн, – деген Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға аталған жобаға қажетті құжаттар мен мәселелерді жан-жақты қарау жөнінде тапсырма берді. Сонымен бірге инвесторға ауылдарда сапалы білім ұяларын ашу, білім саласынан өзге де инвестициялық жобаларға қаржы салуға, әріптестікті нығайту жөнінде ұсынысын жеткізді.

«Диал-Строй» ЖШС-нің басшысы, инвестор Ғабит Маматрайымов аталған жобаның жоспары мен қаражаты дайын екенін, егер бірқатар ұйымдастыру жұмыстары реттелсе, құрылысты келесі жылы бастайтынын айтты.

– Жиырма жылдан бері құрылыс саласындамын. Өзім Түркістанның тумасы болғандықтан осы қалаға мектеп ашуды перзенттік парызым деп есептеймін. 10 гектар аумақта үлкен мектеп, жатақхана және балабақша салуды жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге мектеп жанынан шағын саябақ даярланып, көгалдандыру жұмыстары да жүргізіледі. Мақсатымыз – өңір жастарының білім деңгейін көтеру, осы салаға көмектесу, – деді инвестор.

«Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте осы қорға қарасты лицейлер мен «Nurorda» жеке меншік мектептерінің артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы баяндады.

Бүгінде «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры құрамында 30 мектеп-лицейлері бар. 1700-ге жуық мұғалім білім береді. Өткен оқу жылында 1969 түлектің 1185-і гранттарға ие болған.

Жаңалықтар тізбесі

СОЗАҚТА «АТОМШЫЛАР АЛЕЯСЫ», «STREET WORKOUT» ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Созақ ауданы, Таукент кентінде «Kazatomprom-SaUran» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қолдауымен салынған төрт балалар ойын алаңшасы, «Атомшылар алеясы» және «Street workout»...

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу

Қазақстан Респубилкасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 3-бабына сәйкес,  Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу осы Заңға, Қазақстан Республикасының...

«Даму» Қоры – қызметтері тегін!!!

Арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы мемлекет отандық өндірістің дамуын ынталандырады. Ол мемлекеттік бағдарламалардың операторы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»...

ТҮРКІСТАН: Республикалық «Jas talant» байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Түркістандағы «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубында III республикалық «Jas talаnt» онлайн конкурсының қорытынды гала-концерті өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Аталған...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Отбасындағы зорлық-зомбылық қоғамдағы тағы бір келеңсіз және өзекті мәселе болып тұр

«Ұрпақ тәрбиесіне ықпал ететін шараларға баса мән беруіміз керек. Бұл салада кемшіліктер көп екені жасырын емес. Мектептегі тәрбие жұмысы...

ТҮРКІСТАН: ӨЗБЕКСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ЖІБЕК МАТА ӨНДІРМЕК

Түркістан облысында тұт ағашын отырғызу арқылы жібек мата өндіріледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды көшет егіп, жібек құртынан мата шығару...

Гендерлік теңдік – қоғам дамуының негізі

Гендерлік теңдік – қоғам дамуының негізі Еліміз гендерлік саясатты іске асыруда біршама жетістікке қол жеткізді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы әйелдердің­...

ТҮРКІСТАН: АРЫСТАН ШЫҒАТЫН ТАНЫМАЛ МИНЕРАЛДЫ СУЫ ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛМАҚ

Түркістан облысы, Арыс қаласында өндірілетін минералды суға қытайлық компания қызығушылық танытып отыр. Бүгін Арыс қаласына Қытай Халық Республикасынан инвесторлар...

ТУРКЕСТАН: В ГОРОДИЩЕ КАРАШЫК ВЕДУТСЯ КОМПЛЕКСНЫЕ НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИЕ РАБОТЫ

По заказу Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан экспедиция Казахского национального университета имени аль-Фараби ведет раскопки на археологических...

Тағы да