Понедельник, 20 апреля, 2026

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГІ САРАПҚА САЛЫНДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

 

Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылында орналасқан Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта мектебінде балалар жылы аясында тоғызқұмалақтан федерация кубогін сарапқа салған Түркістан облысының ашық біріншілігі басталды.

Мыңдаған жылдық тарихы бар, қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың ішінде ерекше маңызға ие, ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі тоғызқұмалақ ойыны бүгінде елімізде қарқынды дамып келеді. Осы орайда тоғызқұмалақтың рапид түрінен басталған додаға Түркістан облысынан 10 команда, көршілес Қырғыз елінен 3 команда және республикамыздан Алматы облысы, Жетісу облысы, Қарағанды, Орал, Қызылорда, Шымкент қаласынан жалпы 204 спортшы Түркістан облысы тоғызқұмалақ федерациясының кубогін иелену үшін, жарыс жолына шықты.
Айтулы сайыста 2007-2013 жылы туылған өрендер бағын сынайды.
Жалауы түрілген тоғызқұмалақ бәсекесінің ашылу салтанаты жоғары дәрежеде өтті. Іс-шараға арнайы қатысқан Түлкібас ауданы әкімі Нұрлан Байғұт пен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев жарысқа қатысушы спортшыларды құттықтап, осындай ұлттық өнерімізді жанына серік еткен жастар алдағы уақытта да Ел намысын әлемдік ареналарда жоғары дәрежеде қорғайды деп, сенім білдірді.
Түркістан облысының тоғызқұмалақ федерациясының президенті Нұрғали Мылтықбаев ұлтты ойынымызды жандандыруда бар жағыдайды жасауға атсалысатынын жеткізді.
Тоғызқұмалақтан облыстың аға жаттықтырушысы Кәмилә Көпбаеваның айтуынша жарыстың негізгі мақтасы ауыл жастары арасында ұлттық спортымызды кеңінен насихаттап, облыс құрамасын анықтап, алдағы ірі додаларға дайындау. Сайыстың жеңімпаздары арнайы алғыс хат және қаржылай сыйлыққа ие болатын болады.

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Оқушылар жазғы демалысын тиімді өткізіп жатыр

Сарыағаш ауданында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты ұранымен оқушылардың жазғы демалысы аясында «Балдәурен» лагеріндегі демалушы оқушылар арасында спартакиада өтті. Спартакиаданың мақсаты...

ТҮРКІСТАН: Кентаулық жас кәсіпкер мемлекеттік қолдаумен сабын цехын ашқан

Бүгінде кентаулық жас кәсіпкер Әлия Алдабергенова кішігірім цехта кір сабын өндіріп, жергілікті дүкен сөрелеріне өткізуде. Ол «Аграрлық несие корпорациясы»...

Arcade High — Outrun This!

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Қазығұрт ауданындағы келелі істер

Қазығұрт ауданында жер мәселесі шешімін табуда. Түркістан облысында жер дауы күн тәртібінен түскен емес. Қазығұрт ауданының тұрғындары облыс әкімі...

Қайырымдылық –жастарға  ортақ міндет

Бүгінгі таңда жастар арасында қайырымдылық бастамаларын қолға алғандардың қатары артып келеді. Бұл көңіл қуантады. Дана қазақ қашанда игі істерді...

Мәселе – ата-анада!

Қазығұрт ауданындағы Құлмат Өмірәлиев атындағы  орталық кітапханада отбасылық қарым-қатынас мәселесін қозғаған жиын өтті. Оған ауданның бір топ әжелері, Т.Рысқұлов...

ТҮРКІСТАНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТЫҢ РАПИД ЖӘНЕ БЛИЦ ТҮРЛЕРІНЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының рапид және блиц түрлерінен жекелей чемпионатының басталды. Осы орайда...

Прокурор мекеме аралық зорлық-зомбылық профилактикасы бағытында жиын өткізді

Жетісай ауданының прокуроры Айдархан Жүнісбековтің төрағалығымен аудан аумағында құқықбұзушылық профилактикасын кешенді жүзеге асыру шараларын нақтылау, пысықтау, кәмелетке толмағандар арасындағы...

ТҮРКІСТАНДА «ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЖАСТАР КӨПІРІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде «Қазақстан-түрік жастар көпірі» іс-шарасының ашылуы салтанаты өтті. Бауырлас елдердің жастары бас қосқан жиынға...

Тағы да