Воскресенье, 19 апреля, 2026

Мәселе – ата-анада!

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазығұрт ауданындағы Құлмат Өмірәлиев атындағы  орталық кітапханада отбасылық қарым-қатынас мәселесін қозғаған жиын өтті. Оған ауданның бір топ әжелері, Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Өтеқұлова мен ұйымдастырушы педагогы Г.Құрбанова, мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара «Отбасы деген не?» деген сауалды талқылаудан басталды. Жиналғандар кітапхана қызметкерлерінің алдын-ала дайындаған «Отбасыдағы тәрбие» атты бейнеролигін тамашалады. Онда  отбасыдағы сыйластық пен татулық, құрмет пен имандылықтың маңыздылығы көрініс тапқан, қазақ отбасыдағы әкенің рөлі, ата мен әженің тәрбиесі айтылған. 

Кеш барысында сөз алған аталмыш кітапхана директоры Гүлсім Дәулетбаева балаларды әдептілікке, ағайын-туыстың арасындағы қарым-қатынасқа үйретудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, іс-шара барысында жиналғандар бала тәрбиесіндегі ұлттық фольклордың маңыздылығына тоқталды.

– Дәстүрлі қоғамда ата-әжелер немерелеріне ертегі, жыр-дастан айтып беру арқылы оларды рухани дамытып отырған. Сондай-ақ, баланы атқа мінгізіп, бәйгеге шаптыру арқылы ептілік пен батылдыққа, келіссөз жүргізу, даулы мәселелерді шешудегі би-шешендеріміздің даналық тәлімін ұғындыру арқылы жауапкершілікке тәрбиелеген. Бүгінде бабадан қалған осынау дара жолдың маңызы зор, – деді аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Бағила Смайыл. Ал, Қазығұрт ауылдық әжелер кеңесінің төрайымы Боранкүл Жантасова ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиеге дақ түсірмеу қажеттігін сөз етіп, ол үшін ең басты жауапты тұлға ата-ана екеніне тоқталды.

– Ел болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің маңызын сіңіруіміз қажет. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса, үмітіміздің ақталғаны, – деді Боранкүл Жантасова.

Жиын соңында Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейдің  оқушылары қазақ ақындарының ата-ана тақырыбына арнаған жырларын жатқа оқыды.

Ажар БЕРМҰХАНОВА, «Оңтүстік Қазақстан».

Жаңалықтар тізбесі

Атыраулық отбасының қуанышы

«Алты Алаш үшін ақ түйе­нің қарны жарылған бұл күн­нің астарында мемлекеттің жаңа экономикалық, инфра­құрылымдық сын-қатерлерді еңсере алуы мен жаc...

Сауранда ұлағатты кеш өтті

Саурандағы «Достық» айтысы көптің көңілінен шықты. Мәуліт айы құтты болсын.  Сауран ауданында діни мерекеге орайластырып айтыс өтті. Мәдени кеш ...

Ел болашағы үшін тағы бір нысанның құрылысы басталмақ.

Түркістан қаласында «Nurorda» халықаралық  мектебі салынады. Аталған бастама бойынша Түркістан облысының әкімі инвесторлармен кездесіп, жобаны талқылады. Алдағы уақытта Түркістан...

Түркістанда отандық өнімді қолдау механизмдері талқыланды

Түркістанда вице-премьер кәсіпкерлердің мәселелерін тыңдады. Түркістанда премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі серік жұманғарин өңірдің бизнес-қауымдастығымен кездесіп, мәселелерін...

2021 ЖЫЛ – ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗ ТУРИЗМ ЖЫЛЫ

Әлем бойынша қауіпсіз туризм сертификациялау бағдарламасын іске қосқан Түркия 2021 жылдың жаз маусымына дайын. 2020 жылдың маусымында беріле бастаған...

Зорлыққа ұшыраған әйел қайда жүгінеді?

Әйелдердің дені күйеуінен жәбір көрсе, қайда шағымдануды, кімге барып көмек сұрауды біле бермейді. Зомбылық­­қа ұшыраған жағдайда не істеу керек?...

Динара Зәкиева заңға бала жәбірлегендерді жазалайтын арнайы бап енгізуді ұсынды

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева заңға өзгеріс енгізуді ұсынды. Ол бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Президент өз Жолдауында...

Auezov University-де Ұлттық баяндама жобасы талқыланды

Auezov University-де «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндама жобасы талқыланды. Алқалы басқосуға оқу орнының профессор-оқытушылары, қызметкерлері мен жас ғалымдары қатысты. Жиынды...

Гендерлік теңдік – қоғам дамуының негізі

Гендерлік теңдік – қоғам дамуының негізі Еліміз гендерлік саясатты іске асыруда біршама жетістікке қол жеткізді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы әйелдердің­...

Тағы да