Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістанда отандық өнімді қолдау механизмдері талқыланды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістанда вице-премьер кәсіпкерлердің мәселелерін тыңдады. Түркістанда премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі серік жұманғарин өңірдің бизнес-қауымдастығымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Жиында серік жұманғарин азаматтарды әлеуметтік қолдау, негізгі азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін үкімет тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ, кәсіпкерлер мақта мәселесі, отандық өнімді қолдау механизмдері және басқа проблемаларын ортаға салды. «Қазіргі таңда облыста ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, шаруа қожалықтарының мәселелері өзекті, Ресейден, шетелдерден инвестиция тартып, мақта, тері, жүн өнімдерін өңдеу өндірістерін дамыту қажет», – деп атап өтті өңірлік кеңес төрағасы Нұралы Әбішов. Бұдан бөлек жүн, тері өнімдерінің экспортына қатысты ұсыныстар айтылды. «Түркістан облысының статистикалық мәліметіне сәйкес, жылына қойлардың жүні екі реттен қырқылып, 7,5 мың тоннаға жуық жүн және 2 млн аса ірі қара, уақ мал терілері алынады. өңірімізде ірі қара мал бордақылаумен айналысатын ірі 22 кәсіпорынның өзінен жылына 478 мың тоннаға жуық мал терісі алынады. Бұл экспортталатын терінің баж салығының жоғары болуынан, отандық кәсіпкерлердің қосымша табыс табуына кері әсерін тигізіп, алынған мал терілері қоқысқа тасталып жатыр. осыған байланысты баж салығы 200 еуродан 100 еуроға төмендетілсе», – деп атап өтті кәсіпкер Бағлан Мұсабеков. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев бизнес үшін мұндай кездесудің маңызы зор екенін айтты. «Кәсіпкерлер қордаланған мәселелерін үкімет деңгейіндегі тұлғаларға баяндады. Мұндай кездесудің маңызы зор. Бұл кәсіпкердің уәжі жауапсыз қалмайтынын білдіреді. Біз әрдайым проблемаларды шешу үшін мемлекеттік органдармен бірлесе қызмет атқаруға дайынбыз», – деді Асылан Ибадуллаев. Премьер-министр кәсіпкерлердің пікірін тыңдап, алдағы уақытта Өзбекстанмен мақта бойынша кооперациялық жобалар қолға алынатынын атап өтті. «Бүгінгі сапардың басты мақсаты – түркістандық кәсіпкерлердің пікірін тыңдап, қазіргі жағдайын білу. Кездесуде ауылшаруашылық, жүн өңдеу, мақта өңдеу кәсібі туралы өзекті мәселелер көтерілді. Өзбекстанның мақта өндіруден тәжірибесі мол. Жалпы, Түркістан өңірінің әлеуеті өте жоғары. Бұл ретте, Өзбекстанның премьер-министрімен мақта бойынша кооперациялық жобаларды Түркістан өңірінде жүзеге асыру талқыланған болатын. Себебі мұнда мақта өндіріледі, тәжірибелі мамандар да бар. Өзбекстан бұған келісті. Осы мәселе бойынша жақында көрші елде бизнес форум өтеді. Осы кооперациялық жобаларды дамыту бойынша мемарандумға қол қоямыз», – деді министр. жиын соңында Серік Жұманғарин барлық ұсыныс назарға алынып, тиісінше жұмыстар атқарылатынын айтты. Айта кетейік, кәсіпкерлермен кездесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков қатысты. Мұнан соң Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин өңір тұрғындарымен кездесті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары, бизнес қауымдастықтар мен БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында Серік Жұманғарин азаматтарды әлеуметтік қолдау, негізгі азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін үкімет тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Министрдің айтуынша, өңірде 2025 жылға дейін облыстық балалар ауруханасын, екі перинаталдық орталықты, арыс қаласында жедел жәрдем станциясымен қалалық емхананы салу жоспарлануда. Сондай-ақ, 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік акушерлік пункк, 6 медициналық пункт, 570 орынға арналған көп бейінді аурухана бой көтермек. Соңғы екі жылда облыста Түркістан, Кентау, Бәйдібек, Қазығұрт және облыстың басқа аудандарында да 35,4 мың орынға арналған 62 балабақша, 39 мектеп және 23 қосымша ғимарат ашылды. Бұдан басқа, 30 мыңға жуық оқушыға арналған 79 жекеменшік мектеп, 7 жоғарғы оқу орны мен колледж жатақханалары пайдалануға берілді. 2025 жылға дейін 141 400 орынға арналған 30 балабақша, 99 мектеп және 13 қосымша ғимарат, жоғары оқу орынның 3 жатақханасы салынады. Ал, мәдениет саласы бойынша өткен жылы Түркістан облысында 12 мәдениет нысаны салынған. 2025 жылға дейін тағы 14 мәдениет үйі салыну жоспарланған. «Бүгінгі сапардың басты мақсаты — түркістандық кәсіпкерлердің пікірлерін тыңдап, қазіргі жағдайын білу. кездесуде ауылшаруашылық, жүн өңдеу, мақта өңдеу кәсібі туралы өзекті мәселелер көтерілді. өзбекстанның мақта өндіруден тәжірибесі мол. Жалпы, Түркістан өңірінің әлеуеті өте жоғары. Бұл ретте, Өзбекстанның премьер-министрімен мақта бойынша кооперациялық жобаларды Түркістан өңірінде жүзеге асыру талқыланған болатын. Себебі мұнда мақта өндіріледі, тәжірибелі мамандар да бар. Өзбекстан бұған келісті. осы мәселе бойынша жақында көрші елде бизнес форум өтеді. осы кооперациялық жобаларды дамыту бойынша мемарандумға қол қоямыз»,- деді министр. Сонымен қатар, жиында 1 қаңтардан бері қолға алынған жаңа құрылым әлеуметтік әмиян жайында да ақпараттар берілді. Әлеуметтік әмиян — смартфондағы мобильді қосымша арқылы мемлекеттен алуға тиесілі әлеуметтік жәрдемақыны алу құралы. Әлеуметтік әмиян азаматтың жеке сәйкестендіру нөмері (жсн) негізінде автоматты түрде құрылады, оған мемлекеттен бөлінетін ақша түседі. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін «әлеуметтік әмиян» модулі egov mobile қосымшасына қосылады. ол үшін бар болғаны «әлеуметтік әмиян» қосымшасын жүктеп, авторизациядан өту қажет. жиында белгілі болғандай, 2022 жылдың бірінші жарты жылдығында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен еліміздегі халықтың үлесі 5,1% құрайды. 2022 жылдың 1 қарашасына атаулы әлеуметтік көмек 135 800 мыңға жуық отбасына тағайындалды, бұл — еліміздің 700 мыңға жуық тұрғыны. Ал Түркістан облысында бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 10,4% құрайды. бұл — қазақстан бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. мұнда атаулы әлеуметтік көмекті шамамен 33,5 мың отбасы, яғни 190,5 мың тұрғын алады. әлеуметтік салада, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру салаларында мемлекеттік қолдау шараларын тағайындаудың проактивті форматына көшу үшін «отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі әзірленуде. жүйе азаматтар туралы барлық мәліметтерді әртүрлі мемлекеттік органдардан бірыңғай базаға біріктіреді. осы арқылы азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін айқындауға және оларға проактивті форматта кепілді мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік туады. Жиыннан соң С. Жұманғарин азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бұл ретте, барлық ұсыныстар назарға алынып, тиісінше жұмыстар атқарылатындығын айтты. сондай-ақ бақ өкілдері үшін арнайы брифинг берді. Вице-премьер Ордабасы Бадам ауылындағы жылыжайға ат басын тіреді ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Серік Мақашұлы Ордабасы ауданы, Бадам елді мекеніндегі “Аделя” жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. Мминистр аталған кешенде жылыжай шаруашылығымен айналысып жүрген кәсіпкерлермен және шаруалармен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Халықты жыл он екі ай көкөніспен қамтып отырған жылыжай шаруашылығының өкілдері газ, электр энергиясы, көмір бағасы арзандатылып берілсе деген ұсыныс білдірді. тиісінше, шығын азайған жағдайда қызанақ пен қиярды да нарықта арзан бағада саудалауға мүмкіндік туатындығы сөз болды. Өз кезегінде министр айтылған ұсыныстарды қанағаттандыру үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізу қажет екендігін жеткізді. қосымша кейбір шығындарды субсидиялау тетіктерін де қарастыру мәселесі назарға алынды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Әйелдер қанаты парасатты қоғамға бастайды

«AMANAT» партиясы әйел азаматтардың мемлекеттік басқаруға және инклюзиялық қоғам мен гендерлік паритетті қалыптастыруға белсенді қатысуын кеңейтуде Әйелдер қанатын құру...

Нотариустардың қызметіндегі талдау нәтижелері туралы

Бас прокуратура нотариустардың соңғы үш жылда атқарушылық жазбаларды жазып беру кезінде заңдылықты сақтауына талдау жүргізді. Атқарушылық жазба институты 2016 жылдан бастап іске...

Түркістанда «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді

2023 жылы 26 мамырда сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы бір мезгілде өтеді! Акцияның мақсаты...

Специалисты Алматинской академии МВД РК посетили Туркестанскую область

  Сегодня, с рабочей поездкой в г. Туркестан прибыла специальная группа под руководством специалиста Алматинской академии им.М. Есполатова майором полиции...

МӘМС пакетіндегі балаларға көрсетілетін медициналық көмек туралы ТОП-10 сұрақ

  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры үнемі Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @SaqtandyryBot телеграм-бот және 1414 байланыс орталығы арқылы балаларға медициналық көмек...

Ұлттық статистика бюросы «2021 жылғы халық санағының» тақырыптық жинақтарын жариялай бастады

Ұлттық статистика бюросы stat.gov.kz ресми сайтында «2021 жылғы халық санағының» соңғы қорытындыларын жариялай бастады. Тақырыптық жинақтар талдаушылар үшін құнды...

ТҮРКІСТАН: БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІН ҚОЛДАУ БОЙЫНША ЖОЛ КАРТАЛАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Түркістан қаласында билік пен бизнес арасындағы сындарлы диалогты арттыру мақсатында Облыс әкімдігі, Прокуратура, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы...

«Ақиқатында, ең басты мәселе, ең биік игілік, қасиетті құндылық – қайырымдылық

  Ең әуелі адам – адамгершілігімен және өзінің парасатының биіктігімен көрікті. Біз бүгін өзіміздің мақтанышымыз, жерлесіміз, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, "Nur...

ТҮРКІСТАН: Футболдан республикалық чемпионатта қазығұрттық балалар командасы жүлделі орынға ие болды

Жуырда ғана Қазақстан «Балалар» футбол лигасы өз мәресіне жетті. Дүбірлі додада Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауыл округіне қарасты Жылыбұлақ елді...

Тағы да