Воскресенье, 19 апреля, 2026

«ЖАСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Мемлекетімізден жастарды қолдау мақсатында көптеген бағдарламалар жүзеге асуда. Солардың бірі жастарды баспанамен қамту мәселесі. Жастар үшін маңызды ақпарат: 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды. Бұл ретте, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 360 пәтер белгіленіпті. Бозарық шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде 90 пәтер — 1 бөлмелі болса, 90 пәтер — 2 бөлмелі, ал 180 пәтер 3 бөлмелі екен. Бағдарламаға кімдер қатыса алады? Ол үшін қандай құжаттар қажет? 29 жасқа толмаған жұмыс істейтін, соңғы 2 жылда Шымкент қаласында тұрақты тіркелген, ел аумағында тұрғын үй жоқ, сондай-ақ,  40 АЕК көлемінде яғни, 122 520 теңгеден жоғары айлық алатын жас сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспанаға үміткер бола алады. Осы орайда, ерлі-зайыптылардың жиынтық айлық табысы есептеледі. Қолыңызда соңғы 6 айдағы кіріс көзін растайтын анықтамаңыз бен еңбек кітапшаңыздың көшірмесі болса жеткілікті. Қалған қажетті құжаттар деректер базасынан алынады екен. Осы орайда, мүгедектігі бар азаматтар анықтамаларын қосымша тіркеуі керек.  Құжат қабылдау «kezekte.kz» сайты арқылы желтоқсан айының 5-не дейін жалғасады. Жыл басынан бері осымен үшінші мәрте өткізіліп отырған бағдарлама аясындағы байқаудың екінші кезеңі қорытындыланаған. Нәтижесінде, 286 жас баспаналы болып отыр. Солардың бірі, Ержан  Қалдыбек. Жоғары оқу орнында оқытушы болып жұмыс істейтін жас маман, ай сайын пәтер ақыға төлеген ақшамды, енді үй алу үшін жинайтын болдым деп қуанып отыр.  «Жастар» бағдарламасы  бойынша биылғы жылы 857 жасты сатып алу құқығынсыз жалға  берелетін баспанаға орналастыру жоспарланған. Жыл басынан бері екі кезең бойынша 497 жас іріктеліп, оларға пәтер кілттері табысталуда. Ал, үшінші кезең жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау көзделуде. Аталмыш бағдарлама аясындағы баспаналар 5 жыл мерзімге жалға беріледі. Осы аралықта жастар үй алу үшін арнайы депозитте ақша жинаулары керек. Айта кетейік, өткен жылы 300 жас қоныс тойын тойласа, 2020 жылы 904 жас дәл осы бағдарламаның шарапатын көрген.

Жаңалықтар тізбесі

Түркістан облысында 1 шілдеден бастап еңбек мобильділігі орталықтары құрылады

2023 жылғы 20 сәуірде Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енетін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне қол қойды. ҚР...

Табысты отбасы жобасының түлектері кәсібін дөңгелетуде

Бүгін «Самұрық-Қазына» қоры қолдаған «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы түлектерінің бастаған кәсібімен арнайы танысуға аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев, ауданның...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ

Бүгін, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Nur Otan» партиясының, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске...

Жастар Түркістан музыкалық драма театрында  «Мағжан» спектаклін қойды

Түркістан - екі дүние есігі ғой, Түркістан- ер түріктің бесігі ғой . М.Жұмабаев 2022 жылдың 12-13 қарашасында Түркістан музыкалық драма театры жас...

Түркістан облысында жастарды қолдау орталықтары (ЖҚО) ашылмақ.

Түркістан облысында білім ұяларының саны өткен жылмен салыстырғанда 32 мектепке артып, 983-ке жетті. Оның ішінде 75-і – жекеменшік мектептер....

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУҒА АЙРЫҚША МӘН БЕРІЛІП ОТЫР

Өткен жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын және оны...

Ұлағатты ұстаз 9 перзент тәрбиелеп отыр

Келес ауданы халық тығыз орналасқан аймақтардың бірі болғандықтан өңірде көп балалы отбасылар саны жыл сайын артуда. Осындай отбасының отағасы,...

БИРГИ ВХОДИТ В СПИСОК ОРГАНИЗАЦИИ ОБЪЕДИНЕННЫХ НАЦИЙ «ЛУЧШИЕ ТУРИСТИЧЕСКИЕ ДЕРЕВНИ НА 2022 ГОД»

Привлекая внимание своей 5,2022-летней историей и уникальной архитектурной текстурой, Бирги вошел в «Список лучших туристических деревень 3 года», подготовленный...

Шолпанның шұғылалы шақтары

Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген...

Тағы да