Воскресенье, 19 апреля, 2026

Табысты отбасы жобасының түлектері кәсібін дөңгелетуде

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгін «Самұрық-Қазына» қоры қолдаған «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы түлектерінің бастаған кәсібімен арнайы танысуға аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің басшысы Б.Ибрагимова, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Динашова, «Табысты отбасы» жобасының авторы Айжани Нұрланова және жоба тәлімгері Ұланбек Нұрманов арнайы барды.

Алдымен Сарыағаш қаласындағы «Табысты отбасы» жобасының түлектері Айман Жалалова, Әйгерім Тәжібаева және Мөлдір Маханова біргелікте «Алып» базары маңынан ашқан «Ariana» сұлулық салонының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Жоба авторы Айжани Нұрлановна сұлулық салонының қызыл лентасын қиып, жоба түлектеріне сәттілік тіледі.

Содан соң, «Дәулет» базарындағы «Әдемі» ательесінде болып, жұмыс барысымен танысты. Мұнда жобаның бірнеше түлегі жұмыс істейді. Жоба қатысушыларын «Тігін ісі» бейіндік бағытына үйреткен шебер тігінші жоба соныңда төрт түлекті өз ательесіне шақырған. Бүгінгі таңда мұнда «Тұсау кесуге» арналған ұлттық киімдерден бастап автобус қаптарына дейін тігу үшін кез-келген тапсырыстарды қабылдауда.

Сонымен қатар, «Есен ата» сауда орталығындағы ателье жанында «SMM» бейіндік бағыты бойынша оқудан өткен көп балалы ана Жұлдыз Қарсыбаева жұмыс істеуде. Ол қонақтарға студияны көрсетіп, жұмыстағы кедергілері туралы және оған бұл қызмет бағыты қаншалықты қызықты екенін айтып өтті.

Сондай-ақ, Құркелес ауылдық округі, Береке елді мекеніндегі көп балалы ана Гүлнар Исаеваның үйінде болып, жұмысымен танысты. Көп балалы ана жобада оқығаннан кейін және «Samruk-Kazyna Trust» қорынан грант алып табысты жұмыс істей бастаған. Қатысушы бүгінде торттар мен түрлі кондитерлік өнімдерге тапсырыс алып, кәсібін дөңгелетуде.

Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Ордабасы ауданы жастары белсенділік танытуда.

Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінде «интелектуалды ұлт - ел болашағы» тақырыбында шахмат ойыны өтті.  50 ден аса бала интелектуалды...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ШАРДАРА АРМСПОРТ» СПОРТ КЛУБЫНА АВТОКӨЛІК СЫЙЛАДЫ

  Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Шардара армспорт» спорт клубына барды. Бүгінде армрестлинг спортынан Шардарадан 102 әлем чемпионы шығып отыр....

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГІ САРАПҚА САЛЫНДЫ

  Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылында орналасқан Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта мектебінде балалар жылы аясында тоғызқұмалақтан федерация кубогін сарапқа салған...

Түркістан қарқынды даму үстінде.

Түнгі жарықтандыру шаралары соңғы 2 жылдың ішінде 31 пайыздан 57 пайызға дейін ұлғайған. Келер жылы оның үлесі 89 пайызға...

ТҮРКІСТАНДА «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласында облыстық қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен «Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің волонтерлік қозғалысы» жобасы қолға алынды. Жобаның мақсаты - қаржылық...

ТҮРКІСТАН: «Серпін» бағдарламасына құжат қабылдау жалғасып жатыр

Түркістан облысында «Серпін» бағдарламасына құжат қабылдау жүріп жатыр. Ауыл түлектеріне арналған бағдарлама аясында 2023-2024 жылғы оқу жылдарына 3 653 грант...

Высокогорье Черного моря в Турции предлагает незабываемые впечатления на природе

Высокогорье Черного моря в Турции предлагает широкий выбор вариантов отдыха для тех, кто хочет избежать шума и суеты городской...

ЖОЛДАУ-ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ

1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Маңызды мәселелер жүктелген жолдау болды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған дәстүрлі...

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізіп, мәселелерін тыңдады. Кездесуге облыстың түкпір-түкпірінен 10...

Тағы да