Понедельник, 20 апреля, 2026

Түркістан облысында жастарды қолдау орталықтары (ЖҚО) ашылмақ.

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысында білім ұяларының саны өткен жылмен салыстырғанда 32 мектепке артып, 983-ке жетті. Оның ішінде 75-і – жекеменшік мектептер. Оқушы саны артып, 514 мыңнан асты. Орта білім саласындағы өзекті мәселер Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалық етуімен өткен жиналыста талқыланды.
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының баяндауынша, халық саны жағынан тығыз орналасқан Түркістан облысында білім саласының деңгейін көтеруде мамандар жеткіліксіз. Өңірде педагогтар саны – 67 333, білім алушылар саны – 540 609, жалпы мемлекеттік білім беру ұйымдарының саны – 1376, білім саласына қатысты мемлекеттік қызметкерлер саны жалпы — 106.
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасы бойынша облыстағы 824 мемлекеттік негізгі және орта білім беру ұйымдарын 3 мыңнан астам физика, химия, биология, STEM пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету жоспарланған.
Апатты және үш ауысымды мектептерді азайту үшін жұмыстар күшейтілген. Мемлекет басшысының 2022-2025 жыл аралығында 1000 мектеп салу бағдарламасы бойынша апатты жағдайдағы үш мектеп анықталып, құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жыл аралығында Түркістан облысында 60-тан астам заманауи мектеп салынады. Жайлы мектептер барлық аудан, қалаларда бой көтереді.
Облыстағы 52 колледжде 37 мыңға жуық бала білім алады. Дуальды оқумен қамтылған колледждер саны – 35. Биылғы оқу жылына кадрларды даярлауға 71 мамандық бойынша 17 000 орынға мемлекеттік грант бөлінді. Колледждерді қамқорлыққа алу жөнінде 29 колледж 53 кәсіпорынмен меморандум түзді. Сонымен қатар Жұмыспен қамту орталығы, «Атамекен» ҰКП, кәсіпкерлік және білім бөлімдерінің мамандарын тарта отырып, аудандарда ауылшаруашылық колледждерінің базасында жастарды қолдау орталықтары (ЖҚО) ашылмақ. Осы арқылы Түркістан облысының ауыл жастарын NEET санатынан шығару қарастырылуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАНДА ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ТАРТЫМДЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

«Инвестициялық жобалардың презентациясы» питч-сессиясына Түркістан қаласына жақын жердегі 7 «өсу нүктесі» шығарылды. Инвестициялар көлемі бойынша жобалар шағын және орта...

Жас сарбаздар – ел қорғаны.

Жас бозбалалар әскери міндетін адал орындап, елге үлес қосуды әркез парыз санайды. Бұл ретте сарбаздар үшін оқу жаттығулар ұйымдастырылып...

«Түркістан аруы-2023» байқауының жеңімпазы анықталды

«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауына іріктеу аясында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Түркістан аруы» конкурсы өтті. Биыл ұлттық байқаудың ресми сайтына...

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЕКІ АУЫЛ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Республика күніне орай Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық округіне қарасты Бейсен, Мақташы ауылдарындағы ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындарға...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АУЫЛ-АЙМАҚТЫ АРАЛАП, БОРАН САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Бәйдібек ауданына арнайы барып, боран мен желдің салдарынан болған жағдайдың зардаптарын жою жұмыстарымен танысты....

ТҮРКІСТАН: Жетісайда жастар форумы өтті

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылық алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы...

Стамбул вошел в число «50 лучших мест для путешествий в 2024 году»

  Стамбул был включен в список Travel + Leisure (T+L) «50 лучших мест для путешествий в 2024 году» и стал...

Қазақстанның болашағы- жастардың қолында!

Жастар – елдің болашағы. Ертеңгі күннің жарқын, сәулелі болуы да соларға байланысты. Аға ұрпақ өмірден озады. Олардың орнын бүгінгі...

Жерорта теңізінің жағалауын “Түрік ривьерасы” деп бекер атамайды

Түркияның Жерорта теңізінің жағалауын “Түрік ривьерасы” деп бекер атамайды. Ел іші мен шекара сыртынан жыл сайын миллиондаған туристің сүйікті...

Тағы да