Воскресенье, 19 апреля, 2026

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУҒА АЙРЫҚША МӘН БЕРІЛІП ОТЫР

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Өткен жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Стратегиялық құжат халықаралық стандарттарға, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарына негізделген. Тұжырымдама зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталған
Осы орайда, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен биыл елімізде кәсіпкерлерді қорғау бойынша «Бизнеске жол» жобасы іске қосылды.
Жобаның негізгі мақсаты — кәсіпкерлерге түрлі құжаттарды рәсімдеу кезінде әкімшілік кедергілер мен әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету.
Осы орайда, Департамент тарапынан кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін шешу жолдары қарастырылғанын атап өткім келеді. Дүйсенбі күні сағат 15:00-17:00 аралығында Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасында бизнес-қауымдастық өкілдерімен жеке қабылдау өткізіледі.
Жоба басталғалы, яғни жыл басынан бері 1064 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Кәсіпкерлікке кедергі келтірген 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бизнес өкілдеріне жерді рәсімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, мемлекеттік қолдаулар, соның ішінде несиелер, гранттар мен субсидиялар алу кезінде кедергілер мен тәуекелдер ұшырасқан жағдайда, Агенттіктің 1424 𝗖𝗮𝗹𝗹 𝗰𝗲𝗻𝘁𝗲𝗿 орталығы тәулік бойы тегін қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ, Түркістан қаласы, Тәукехан даңғылы №100 мекен-жайында орналасқан Департаментке келіп хабарлауға болады.
Мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметіне кез келген заңсыз араласуы, бизнес өкілдерінің жұмысына кедергі келтіруі, мемлекеттің саясатына жасалған кедергілер ретінде қабылданады.
Ержан Жүнісов,
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті Превенция басқармасының басшысы

Жаңалықтар тізбесі

ШЫМКЕНТТЕГІ МЕКТЕПТЕР ЗАМАНАУИ ДИЗАЙНДА САЛЫНЫП ЖАТЫР

Бұл – Тұран шағынауданында орналасқан №139 мектеп. 1200 орынға шақталған. «АРТ-құрылыс» мердігер мекемесі мектеп құрылысын 2019 жылдың қараша айында...

Ташкентте өткен Халықаралық өнер байқауында биіктен көрінді

Арыс қаласы “Ж.Байгуттиева атындағы өнер мектебінің” дарынды оқушылары Өзбекстан елі, Ташкент қаласында өткен Халықаралық “Азия Таланттары” өнер байқауында бақтарын...

Түркістанда өткен халықаралық конференцияда еңбек нарығындағы өзекті тақырыптар талқыға түсті.

Халықаралық еңбек қатынастарын реттеу -заман талабы. Себебі әлемдегі геосяси жағдайлар қазір ешбір елді де айналып өтпейді. Сонымен қатар әлемді...

Түркістан: Бала қауіпсіздігі мен құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар күшейтілді

Түркістан облысында бала тәрбиесіне немқұрайы қарайтын 180 қолайсыз отбасы ішкі істер органның есебіне алынды. Бұл туралы кәмелетке толмағандардың ісі...

ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

Қарағанды қаласында желтоқсанның 17-21 күндері бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық жарыс мәресіне жетті. Биыл...

Стамбул: Космополиттік қаланың романтикалық көрікті жерлері

Дүние жүзіндегі күнтізбелерде жылдың ең романтикалық күні ретінде белгіленген 14 ақпан – Әулие Валентин күні келе жатыр. Әрқашан есте...

«Табысты отбасы» жобасының түлектері өз ісін ашуға құрал-жабдықтар алды

«Табысты отбасы» әлеуметтік пилоттық жобасы аясында оқуын аяқтаған 43 азаматқа аудан әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облысының жұмыспен қамту және...

Спокойный, но прохладный: анатолийская сторона Стамбула

Стамбул, один из самых ярких мегаполисов мира, обладает уникальной идентичностью, где гармонично сочетаются европейская и азиатская культуры, а прошлое...

Бала тәрбиесіне байланысты ата-аналармен жиын өтті

Бүгін аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылық және оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша...

Тағы да