Воскресенье, 19 апреля, 2026

Қазыналы қариялармен жүздесті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы Белсенді ұзақ өмір орталығының жұмысымен танысып, жергілікті ақсақалдармен кездесті. Іс-шараға зейнет жасында жүрсе де елдің ынтымақ-бірлігінің артуына үлес қосып, халыққа қызмет етіп жүрген қазыналы қариялар, ардагерлер кеңесінің, әжелер алқасының белсенді мүшелері қатысты. Зиялы қауым өкілдері мен қазыналы қарияларға арналып ақ дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлер барлық қызмет түрін тегін алады. Денсаулықтарын тексерістен өткізіп, бос уақытын тиімді пайдаланады. Зейнеткерлерге дәрігердің бақылауы мен кеңесі бойынша психологиялық көмек, тұзды бөлме, сенсорлық бөлме, массаж, сауықтыру-гимнастика, фитотерапия, ағартушылық кабинет, акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және теннис ойын алаңы, қосымша би, ән, тағы басқа үйірмелер қызмет етеді.

Мұнда жаңа инновациялық биоэнергетикалық ерекше массаж аппараты арқылы бірден 7 түрлі ем алуға болады. Қазіргі таңда Түркістанда 15 мыңға жуық зейнеткер бар. Орталықта күніне 70 адамға қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылған.

Кездесуде қала ақсақалдары өз ризашылықтарын білдіріп, ұсыныстарын жеткізді. Ел бірлігі, ұрпақ тәрбиесі, мәдениет, руханият туралы ойлар қозғалды.

Облыс әкімі өңірдің ынтымақ пен бірліктің нығаюына, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының сақталуына және ұлттық тәрбиені өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге белсене атсалысып жүрген қазыналы қарияларға алғысын білдірді.

– Үлкенді сыйлау, құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Аталарымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағлымдары – ұрпаққа ұлағат. Адамда негізгі екі қасиет болады. Біріншісі – адамгершілік, имандылық, мәдениет. Бұл қасиеттер тәрбиемен келеді. Екіншісі – білім. Білім мәдениетпен қатар жүруі тиіс. Жастарымызға дұрыс бағыт, дұрыс тәрбие берейік. Сіздердің өскелең ұрпақтың тәрбиесіне қосар үлестеріңіз мол. Бүгінгі ұсыныстарыңыз үшін рақмет. Оларды қарастырамыз.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының негізгі басымдықтарының бірі – қарттардың денсаулығын күту. Осында сіздер үшін жайлы жағдай жасалған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осындай орталықтар басқа аудандарда да ашылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды тоқтатпаймыз, – деген Дархан Сатыбалды қарияларға жүрекжарды лебізін білдірді.

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Ордабасылық көпбалалы ана кәдесыйды кәсіп еткен

Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылының тұрғыны Гүлшат Ақмұрзаева жеке кәсібін дөңгелетіп отырған көпбалалы ана. Жеті баланың тәрбиесімен бірге кәсіпкерлікті қатар...

Қастерлі мекен тарихы — жастарға өнеге

  Қазақ халқы ақыл-парасатымен,ерлік істерімен елге ұйытқы болған батыр ұлылардан кенде емес.Соларды бірі Бәйдібек баба. Арма көрермен,эфирде Ғажайып мекен.Біз бүгінгі...

Сарыағаш ауданының жастар форумы өтті

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні «Қауіпсіз қоғамдағы жастар келбеті» атты жастар арасында форум өтті. Форумға Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары А.Қозыбаев,...

Түркістан қарқынды даму үстінде.

Түнгі жарықтандыру шаралары соңғы 2 жылдың ішінде 31 пайыздан 57 пайызға дейін ұлғайған. Келер жылы оның үлесі 89 пайызға...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Отбасындағы зорлық-зомбылық қоғамдағы тағы бір келеңсіз және өзекті мәселе болып тұр

«Ұрпақ тәрбиесіне ықпал ететін шараларға баса мән беруіміз керек. Бұл салада кемшіліктер көп екені жасырын емес. Мектептегі тәрбие жұмысы...

Ерлік –жастарға өнеге

Қазақ халқы өз ұрпағын ізгілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді. Осы тәрбиені жалғастыру үшін әрбір азамат өткен күнгі тарихты, батырларымыздың ерлігін...

МӘСІМОВТІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША ҰҚК ДЕПАРТАМЕНТТЕРІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ТАСТАП КЕТКЕН

ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі басшыларының әлсіздігі жеке құрамның рухын түсірді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: МОНОПОЛИЯНЫ ЖОЮ – ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын жариялап, онда елдің алдағы уақыттағы даму жүйесін, жүрер жолын,...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазығұрт және Ордабасы аудандарында «Этносаралық қақтығыстардың алдын алу жолында...

Тағы да