Понедельник, 20 апреля, 2026

Түркістан қарқынды даму үстінде.

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түнгі жарықтандыру шаралары соңғы 2 жылдың ішінде 31 пайыздан 57 пайызға дейін ұлғайған. Келер жылы оның үлесі 89 пайызға жетеді. Туризм бағытында дамып келе жат­қан қаланы абаттандыру жұмыстары жергілікті биліктің басты жұмыста­рының бірі екені рас. Қала тұрғын­дары мен қонақтарына ыңғайлы жағдай жасау, дем алу, кешкі серуен­деу үшін, аулаішілік ойын алаңдары мен жеке демалыс орындары іске қосылған. Қосымша қалаға қарасты тұрғын алқаптардың қажетті деп танылған аумақтарына балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңдары салынған. Қаланың сәулеттік көр­кін келтіру үшін әрбір көп қабатты үйлер сыртына түңгі шамдар қо­йылған. Сонымен бірге, саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау және ішкі ирригациялық жүйелердің жай-күйі басты назарда. Биыл қа­ланың бірнеше аумағына  ағаш егіліп, көгал төселген. Гүл отырғызылып, күтіп-баптау жұмыс­тары жүргізілуде. Облыс орталы­ғында 400 гектар жерге орналасқан 248 саябақтар мен гүлзар, желілік бақ пен жасыл желекті демалыс аймақтары бар. Қонақтарға қолайлы жағдай жасау басты назарда. Сондай-ақ, Түркістан қаласы географиялық белдеу бойынша шөлейтті аймақта орналасқан. Қа­ланың микро климатын өзгерту үшін, қала көлемін толықтай сулан­дыру аясында қала ішінен гидрант­ты жүйемен су жүргізу және егілген талдарды суару үшін кезең- кезеңге бөлініп отыр. Бәрін айт та бірін айт, қала бү­гінгі Түркістан мен кешегіні салыс­тыра алмайтындай өзгергені, тақыр жерден үлкен қалаға айналғаны елдің көз алдында өтіп жатыр. Ал, оның әрбір бұрышында жоғарыда айтып өткендей, еңбек адамдары­ның маңдай тері мен жарғақ құлағы жастыққа тимей жүгіріп жүрген орасан зор еңбегі бар.

Жаңалықтар тізбесі

«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары атанды

  Өңірімізде орын алған апаттарда да, пандемия кезінде де талай отбасыға қол ұшын созған “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық...

Түркістандық оқушылар Республикалық пікірсайыс турнирінен жүлделі оралды

Жетісу облысының білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы Жетісу облысы білім...

А.СӘБИТОВ: Еліміздің демографиялық дамуына сайрамдық аналардың да үлесі зор

Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитов Орталық перзентханаға барып 14 қарашада өмірге сәби алып келген аналарды арнайы құттықтап, жылы лебізін...

» Voice of Turan» байқауының жеңімпазы анықталды

Түркістанда екі күнге ұласқан " Voice  of  Turan" байқауы мәресіне жетті. Аталмыш өнер фестивалі ресупблика күні мерекесін орайластырылған. Байқау...

Жасөспірімдердің қауіпсіздігі – басты назарда

Бүгін аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген...

«ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ» акциясы жалғасуда

"Қарты бар үйдің қазынасы бар"деген аталы сөз текке айтылмаса керек. Бүгін "Жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен белсенді жастар Арыс және...

«Мақсатымыз – түбі бір түркі елдерін жақындастыру»: Алматыда ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы басталды

  Түркі елдерінің ақпарат құралдары мен журналистері қысқамерзімді және ұзақмерзімді стратегиялық жоспарларды құра отырып, мақсатты да үздіксіз дамуға мүдделі. Бұл...

«Кітап оқитын адам – табысты адам!»

Мектеп оқушыларымен «Кітап оқитын адам – табысты адам!» тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты: жасөспірімдерге адамның интеллектуалдық және тұлғалық...

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ТӘУЛІГІНЕ 5000 ДАНА СӨМКЕ ТІГЕТІН КӘСІПОРЫН БАР

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетіліп келеді. Сол арқылы аудан экономикасы мен халқының жағдайын жақсарту мақсатында әртүрлі...

Тағы да