Қазақ халқы ақыл-парасатымен,ерлік істерімен елге ұйытқы болған батыр ұлылардан кенде емес.Соларды бірі Бәйдібек баба. Арма көрермен,эфирде Ғажайып мекен.Біз бүгінгі бағдарламамызда Бәйдібек баба жөнінде мәлімет бергенді жөн деп таптық
Бәйдібек баба 1356-1419 жылдары Шығыс Қаратау өлкесінде өмір сүрген. Өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшы, қолбасшы ретінде көрінетін аса ірі тарихи тұлға болған.
Үш жасында Бәйдібек ата-анасынан айрылып, жақын туыстарында тәрбиеленеді. Бәйдібек өзінің ақылы, тапқырлығы арқасында жалшылықтан, жоқшылықтан құтылып, ел қатарына қосылады. Бәйдібектің шешендік қасиетін жоғары бағалаған халық оны «би» етіп сайлайды. Халық арасында өзінің шешендігімен, даналығымен аты шығып, 1419 жылдың күзінде, 63 жасында, өзінің Балабөген қыстауында дүниеден өтеді.
Бәйдібек баба туралы айтылып жүрген аңыз көп.Әсіресе,Шоқан Уалихановтың шығармаларында жиі кездеседі. Онда Бәйдібек бабамыз көшпелі халықты айрандай ұйыта білген тұлға ретінде және халықты сыртқы жаулардан қорғай білген батыр ретінде суреттеледі,кеңінен дәріптеледі.
Бәйдібек баба кесенесі. Бұл жер бұған дейін үш рет өзгертілген екен.Ауылдағы көне-көз қариялардың айтуы бойынша осыдан бір 70-80 жыл бұрын осы жерде 4 күмбезді кішкентай ғана кесене болған екен. Азаттық алған жылдары бұл жер үлкейтілген,көркейтілген. Қаспеті безендірілген.Қазіргі кесененің биіктігі 17 метрді құрайды. Бәйдібек би кесенесі құрылысына Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда өндірілетін таңдаулы құрылыс материалдары пайдаланылған
Атап айтсақ,Ташкент зауыттарының арнаулы сары кірпіші, Нұратаның ақшыл мәрмәрі, Тараз бен Қаратаудың қызыл граниттері, Қошқарата қатпарлы тау жыныстарының тақтатастары пайдаланылған. Бәйдібек ата кесенесін салуға Самарқанд, Ташкент, Сайрам, Шымкент шеберлері қатысқан.
Бәйдібек атамыздан тараған ұлдарының бірі Бәйдібекұлы Тілеуберді Жарықшақ. Тілеуберді Жарықшаш Домалақ анамыздан туған жалғыз бала.Тілеуберді Жарықшаш Осы Бәйдібек бабамыздың қасына жерленген екен. Бәйдібек бабамыз батыр ғана емес,шешендік өнерге шебер,суырып салма ақындық қасиеті де болған.Бәйдібек бабамыз былай деп айтып еді деген де нақыл сөз,мәнді әңгімелер көп.Солардың бірі, Бәйдібек бабамыздың өзі айтқан Өткенді саяз деме,таяғыңды салып бойлан.Ісімді мақұл деме,ағайынға салып ойлан деген екен. Бұл да Бәйдібек бабамыздың айтып кеткен,бүгінгі ұрпаққа жеткен нақыл сөздерінің бірі еді.
Бәйдібек ата өз елін жаудан қорғаған, басын біріктірген, ақылман қолбасшы, өз есімін тарихта қалдырған тұлға. Ол қазақтың негізгі рулары Aлбaн, Сyaт, Саpыүйciн, Дyлaт, Шaпыpaшты, Ыcты, Oшaқты руларының түпкі атасы болып табылады. М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты еңбегінде 12-ші атасы Майқы би өз заманында даналығымен, дүйім жұртқа сөзі өткен, данышпан адам болғанын жазады. Сондай-ақ, тағы бір арғы атасы Бәйдібек би екенін, ол қазір айтылып жүрген беріректе емес, 6-7 ғасырларда ғұмыр кешкені туралы дәйектер келтіре кетеді. Оның әкесі Қарашаның өмір сүрген жылдары Қытай жылнамаларында көрсетілген екен. Боралдайлық бір бай менен жалшы келісе алмай, өзара дауласып Бәйдібек бидің алдына келіпті. Бай сонда: «асырап, тамақ беріп әлдендірдім, киім беріп киіндірдім. Енді келіп, астына мінер ат сұрап отыр» – депті. Ал жалшы жігітке сөз тигенде ол жалтақ-жалтақ байға қарап, сөйлей алмайды. Би мән-жәйді тез ұғып, «aяққa, қoлғa кiсен салуға болады, бірақ тiлге кiceн салынбайды» – деп aрaшaболып, жалшының кеткен ақысын алып берген екен. Халық арасында Бәйдібектің байлығына жететін бай болмаған екен. Оның үйір-үйір жылқысы Қаратау мен Боралдай, Қостұра мен Ақтаста, Керегетас пен Жетімтаудың шатқалдарын жайлап жүреді екен. Өзендерді кесіп өткенде, тіпті Бөген, Шаян өзендері ақпай қалатын. Бәйдібектің өзі жылқы малына жаны құмар, нағыз сыншы болған. Бәйдібек бабамыз жөнінде айтылған аңыз әңгімелерге иек арттық,жазылған жазбаларға сүйене отырып, мәлімет бердік.
