Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазығұрт және Ордабасы аудандарында «Этносаралық қақтығыстардың алдын алу жолында оның механизмі мен алгоритмін қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.

Ел бірлігін бекемдеген жиын алдымен Қазығұрт ауданында ұйымдастырылды. Семинарға Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саян Келдібеков, Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев, ҚР ҰҚК Түркістан облыстық департаменті бастығының орынбасары Бахтияр Маметбакиев, Түркістан облысы Полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Асылхан Төреханов қатысты. Сондай-ақ жиында ҰҚК-нің Түркістан облысы бойынша департаментінің, құқық қорғау органдарының өкілдері, жергілікті атқарушы биліктің идеология бойынша жауапты қызметкерлері, белгілі ғалымдар, сарапшылар болды.

Семинарға модераторлық еткен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев басқосудың маңыздылығына тоқталып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ел бірлігін нығайта түсу қажеттігіне айрықша мән берді. Бұл бағытта құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарға артылатын сенім жүгі ауыр. Біз бірлесе атқарған жұмыстар арқылы қоғамның татулығы мен бірлігін, қоғамның қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ете аламыз. Әлеуметтік және этносаралық қақтығыстарды еңсеру, олардың алдын алу мен болдырмау жөніндегі жұмыс біздің қызметіміздің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Ол сіз бен бізге ортақ міндет деп білемін. Сол үшін де күш салып, бірлесе жұмыс жасауға шақырамын, — деді Аңсар Жаңабайұлы.

Семинарда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің теология факультетінің деканы ф.ғ.д, профессор Досай Кенжетай, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Жанғали Урунбаев, ОҚМПУ-дың «Рухани жаңғыру» және тәрбие бөлімі басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев баяндама жасады. Баяндамалар оқылып болған соң, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды.

Маңызды семинар Қазығұрттан соң Ордабасы ауданында жалғасты. Онда этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту, дау-дамайдың алдын алу бағытында келелі ойлар айтылды.

Семинарды қорытындылаған облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Өсербаев өңірдегі этносаралық шиеленістің алдын алуға негізделген іс-шаралар тұрақты түрде жалғасатындығын айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

БУРСА ӨНДІРІС ҚАЛАСЫ

БУРСА ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ Бурса, Оңтүстік Мәрмәр теңізінің інжу-маржаны, Түркияның 4-ші ірі қаласы, өркениеті 8500 жыл бұрын және неолит дәуірінен басталады;...

Түркістан қарқынды даму үстінде.

Түнгі жарықтандыру шаралары соңғы 2 жылдың ішінде 31 пайыздан 57 пайызға дейін ұлғайған. Келер жылы оның үлесі 89 пайызға...

Стамбұлдың киелі жерлеріне рухани саяхат

Екі құрлықты жалғастырған Стамбұл – Рамазан айының ерекше әдет-ғұрпын сақтайтын ерекше мекен. Түрік мәдениетінде «Он бір айдың сұлтаны» аталатын...

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия еліміздегі отбасылық мәселелер туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет отбасы институтын қолдау үшін жан-жақты отбасы саясаты жүргізілетінін айтқан еді. Қоғамдағы отбасы құндылықтары, ата-ана мен бала...

Жастар — Елдің болашағы!

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Байкен Әшірбаев жастармен еркін форматта кездесу өткізіп, олармен тәлім-тәрбиелік тақырыптарға...

Наслаждайтесь путешествием и морями Турции

Это самое прекрасное время года для голубого путешествия, особого опыта парусного спорта в Эгейских и Средиземноморских водах Турции. Любуясь...

Түркістан облысының оңалту орталықтарында балаларға арналған мерекелік іс-шаралар өтті

Түркістан облысында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай арнайы іс-шаралар өтті. Түркістан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік...

«Nur Otan” партиясының басты мүддесі халық қалаулыларының мүддесі

Еңбекші ауданы бойынша жыл меценаты номинациясына ие болған азаматтың есімі - Байкен Әшірбаев. Бұл ақпаратты әкімдіктің инстаграм желісенен байқап,...

Ата-аналарға арналған жадынама «Балаңыздың зорлық-зомбылық құрбаны болмауы үшін»

Балаға егер өзіне төнген қауіптілікті сезсе, кез келген үлкен адамға «ЖОҚ» деп айтуға құқығы бар екенін үйретіңіз. Егер...

Тағы да