
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев тарапынан берілген тапсырмаға және кестеге сәйкес, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде арнайы кездесу өтті.
Жиынға аудандық білім бөлімінің басшысы Гульнара Тынымбаева, тиісті құзырлы және құқық қорғау органдарының басшылары, белсенді ардагерлер, білім қызметкерлері, ата-аналар және жастар қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру арқылы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу. Нақты айтқанда, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыс, оқыс оқиғалардың, ертежүктілік пен суицидтердің алдын алу, жасөспірімдердің психологиялық ахуалына талдау, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, бос уақытын тиімді пайдалану, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың және сынып жетекшілерінің, мектеп басшылығының, білім бөлімі мен қоғамның рөлін арттыру.
Кездесуде «Жасөспірім және заң» тақырыбында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты және оқыс оқиғаларды алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, мектеп және отбасындағы бала тәрбиесіне арналған бейнероликтер көпшіліктің назарына ұсынылды.Күн тәртібіндегі мәселеге қатысты спикерлер жастармен атқарылған жұмыстарды баяндады.
