Воскресенье, 19 апреля, 2026

Қайырымдылық –жастарға  ортақ міндет

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгінгі таңда жастар арасында қайырымдылық бастамаларын қолға алғандардың қатары артып келеді. Бұл көңіл қуантады. Дана қазақ қашанда игі істерді кейінгіге үйретіп, ізгіліктің жаршысы бола білген. Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің деген асыл сөз текке айтылмаған.  Осынау қағиданы түйсінген жастар жақында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Бәйдібектік жастар аудандағы көп балалы отбасыларға көмек қолын созып,  қажетті азық-түліктермен қамтамасыз етті. Бұл жастардың ауызбіршілігің арқасында іске асқан шара. Сонымен қатар, қариялардың үйлеріне барып, пікір алмасып, үй тірлігіне де көмектесті. Үлкендердің батасын алды. Қайырымдылық – адам жанының нұры. Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек болып табылады. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі. Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.  Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Ата-бабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар. Олар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүрген. Ұрпағының білімді болғанын армандаған. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған. Ал бүгінгі таңда волонтерлік қызметтер арқылы қайырымдылық шаралары жалғасын тауып келеді. Әсіресе еріктілердің қатарын толықтыратын ол- жастар. Жастар қоғамның қозғаушы күші.

Жаңалықтар тізбесі

ОРДАБАСЫ: Ата-аналар жиналысы өтті

Ордабасы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 23 мамыр күні аудандық Мәдениет үйінде «Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі» - тақырыбында...

КЕЛЕС: Испанияда тәлім алған ұстаз ауылда «CONVERSATION CLUB» ашты

Келес ауданы №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бахадырова Гаухар Диханқызы Испанияның Кадис қаласында орналасқан “Erasmus...

Мұғалімдердің еңбекақысы қалай есептеледі?

Жақында Оқу-ағарту министрлігінің еңбекақы төлеу әдістемесі басқармасының басшысы Гүлайым Тоқпанова биылдан бастап енгізілген 5 күндік жұмыс аптасымен істеген педагогтердің...

Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың бірінші кезеңінің ашылу салтанаты өтті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін...

“МЕДЕУГЕ” “АЗИЯ ДАУЫСЫ” ҚАЙТА ОРАЛАДЫ

2 шілде Алматыда биік таулы «Медеу» мұз айдынында«Азия дауысы» пикнигі ұйымдастырылды. Әсем таудың арасында 28-30 шілде күндері аты аңызға айналған «Азиядауысы» фестивалі жалғасын таппақ. «Азия дауысы» пикнигі шынайы серуенге негізделді. Атап айтатын болсақ, дәмді тағамдар, демеушілер тарапынан көптеген түрлі ойындар мен іс–шаралар (сыйлықтарымен), шеберлік сабақтары, шеберлердің ерекше безендірілген шатырлары, демалыс орындары және ең бастысы – әсем әуен. «Медеу» сахнасында таңның атысынан күннің батысына дейін Алматы қаласында өткен «Жас қанат-2023» жасорындаушылар байқауының қатысушылары мен жүлделіорын иегерлері өнер көрсетті. Қойылым арасында үлкен экраннан «Азия дауысы» фестивалінен бейнероликтер көрсетілді. Ұйымдастырушылар пикник қонақтарымен осыдан 30 жыл бұрын өнер көрсеткен жұлдыздарды ескеалды. Халық қосылып ән айтып, би биледі. Бұл – сағынышқа толы сәттер болды! Ал пикник кешін көпшіліктің сүйіктісіне айналған Молданазар, Садраддин және PLEBS тобы тамаша ән шашуларымен қорытындылады. «Азия дауысы» пикнигі – жаңаша көзқараста қайтажалғасын табатын «Азия дауысы» фестивалінің тұсау кесері ретінде аталып өтті. Бұл туралы фестивальдің баспродюсері Арманжан Байтасов былай деді: «Біз үшін пикник – өте маңызды оқиғалардың бірі. Жыл басында «Азия дауысы» фестиваліне дайындық барысында«Азия дауысы» халықаралық фестивалі қоғамдық қорының негізін қалаушы және президенті Ирина Ковыряко іс–шараның толық нұсқасын ойластырды. Соның біріАлматыға кері қайтаруымыз керек болған «Жас қанат» байқауы. Сонымен қатар Азия дауысының символына айналған күн басқан ерлердің бейнесі табылған Таңбалыдағы петроглифтерге саяхат еді. Бұлардың барлығы бір тізбектің буыны. «Азия дауысы» фестивалі мен байқауы20 жылға жуық уақыт өткізілмеді. Соңғы фестиваль 2004 жылы өтті. Арада ұзақ үзіліс болғандықтан, көп нәрсеұмытылып кетті. Сондықтан бәрін қайта қалпына келтіругетура келеді. Осы тұста фестивальді бастапқыда жасауға атсалысқанМұрат Ирғалиев және Александр Пономаревпен қайта қарым–қатынас құрып, жұмысты жалғастырамыз. Бұл командамен 2004 жылы жұмыс істеген кезде iPhone, смартфон, iPad, тіпті 5G интернеті де болған жоқ. Яғни, бүгінгідей мүмкіндіктер болмады. Біздің міндетіміз – бар қабілетімізді, мүмкіндігімізді, шығармашылығымызды біріктіре отырып, «Азия дауысын» заман талабына сай етіп дайындап шығу. Бұл – әрине, оңайемес. Біз барлық іс–шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырысамыз. Осы тұста, 28, 29 және 30 шілде Медеуде өтетін «Азия дауысы» фестивалі көрермен көңілінен шығу үшін бар күшімізді саламыз. Қазір барлықсәт пысықталуда. Мені ерекше қуанышқа бөлеген жайт – алматылықтар мен қала қонақтарының керемет достық көңілі болды. Ал бұл біз үшін маңызды жайт деп айтуғаболады. 28 шілдеде өтетін «Азия Дауысы» фестивалінің ашылу салтанаты керемет өтетініне сенімдімін. Фестиваль бұл жолы өзгерістерге толы болмақ. Мәселен, биыл «Азия дауысы» байқауы болмайды. Біз әзірге старт-концерт жасап жатырмыз. Өйткені адамдар байқауға қатысуүшін алдымен Қазақстанда мәдениетті әрі қауіпсіз адамдар тұратынына көз жеткізіп, сенім білдіруі тиіс. Бұл – Азия Дауысының 2023 жылғы басты міндеті. Фестивальдіңбірінші күнінде тек қазақстандық өнерпаздар сахнағашығады. Бұл фестивальдің екінші күні өнер көрсететінBlack Eyed Peas тобының концертінен де шулы болыпөтетініне сенімдімін. Ал «Азия дауысының» үшінші күніаты аңызға айналған әншілер мен топтарға арналады. Себебі аталмыш күні «Ялла», Юлдуз Усманова, SecretService өнер көрсетеді. Бірақ жұлдыздар тізімі бұныменаяқталмайды. Ол үшін хабарламалармызды бақылап отырыңыз! Айтпақшы, «Азия дауысы – 2023» фестивалінің бас серіктесі әрі бірлескен ұйымдастырушысы Halyk Bankболды. Бұл кездейсоқ емес. Себебі биыл Halyk Bank өзініңғасырлық мерейтойын атап өтеді. Осы оқиғаға байланысты«100 игі іс» ауқымды акциясын өткізбек. Оның аясындабүкіл ел бойынша әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік маңызды бастамалар жүзеге асып жатыр. «Азия дауысы» фестивалі осы жобалардың маңызды бөлігі болмақ. Өйткені фестиваль Halyk Bank демеушілігімен өтеді.

ТҮРКІСТАН: Келестік көпбалалы ана тігін цехын ашқан

Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінің тұрғыны Гүлзат Есалиева бала тәрбиесімен қатар кәсіпкерлікті қатар алып жүрген жандардың бірі. Бүгінде 5...

БУРСА ӨНДІРІС ҚАЛАСЫ

БУРСА ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ Бурса, Оңтүстік Мәрмәр теңізінің інжу-маржаны, Түркияның 4-ші ірі қаласы, өркениеті 8500 жыл бұрын және неолит дәуірінен басталады;...

Жастар тәрбиесі — ұлт болашағының кепілі

Қазағымыздың дана сөздерінде  «ұл тәрбиелесең әулетті тәрбиелегенің, қыз тәрбиелесең ұрпақты тәрбиелегенің» деп айтқан. Халқымыздың өткеніне көз жүгіртсек, дара, батыр...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ШАРДАРА АРМСПОРТ» СПОРТ КЛУБЫНА АВТОКӨЛІК СЫЙЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Шардара армспорт» спорт клубына барды. Бүгінде армрестлинг спортынан Шардарадан 102 әлем чемпионы шығып отыр....

Тағы да