Понедельник, 20 апреля, 2026

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ, ЫҚПАЛДЫ ПАРЛАМЕНТТІҢ АЙҚЫН КӨРІНІСІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгін Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар таратылды. Енді алдағы Парламент және мәслихаттар сайлауы жаңа саяси бәсекелестік жағдайында өтеді. Бүгінгі күні додаға түсетін 7 партия бар екенін білеміз. Олар парламенттік «Аманат», «ҚХП» және «Ақжол» партиялары. Сайлау тәжірибесі бар, бірақ парламентке өтпеген партиялар – «Ауыл» мен социал-демократтар. Сондай-ақ жаңадан тіркелген «Байтақ» және «Республика» партиялары.

Сонау 2004 жылдан бері өтпеген бір мандатты округтер бойынша өзін-өзі ұсынған кандидаттардың қатысуы алдағы сайлаудың айрықша ерекшілігі болады. Ол да дұрыс шығар, себебі, азаматтармен тығыз қарым-қатынаста болатын мәслихат депутаттары емес пе? Сосын, шекті меженің 7-ден 5%-ға төмендеуіне байланысты партиялардың Мәжіліске кіру мүмкіндігі артты деп ойлаймын.

Ия, айтпақшы, тағы бір ерекшелік — партиялық тізімде әйелдердің, жастардың және мүмкіндігі шектеулі жандардың кемінде 30% ұсынылуы тиіс. Бұрын-соңды мұндай талап қойылмаған-тұғын.

2022 жылдың қараша айынан бастап жаңа «Байтақ» партиясы тіркелуімен саяси бағыттарды кеңейту және азаматтық көпшілік үшін жаңа мүмкіндіктер ашу бағытында қозғалыс пен партия өрісінің біртіндеп өзгеруі байқалады. Алдағы уақытта Үкімет құрамына көпшілік дауыс алған партияның өкілдері ғана емес, басқа парламенттік партиялардың өкілдері де енетін болады. Сонымен қатар, жылына екі рет Жоғарғы есеп палатасы төрағасының есебін тыңдайтын Мәжілістің бақылау функциялары күшейтілуде. Енді бөлінген бюджет қаражатын түпкілікті бақылауға, барлық шығындардың мақсаты мен тиімділігіне талдау жасауға мүмкіндік туды.

Жалпы, өзім байқаған өзгерістер осы болды. Алдағы сайлау науқанына белсенді қатысу — электораттың азаматтық міндеті десем қателеспеспін.

Қайрат КӘРІБАЕВ,
Қоғам белсендісі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫ 2022 ЖЫЛЫ 100% ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Түлкібас ауданы қазіргі таңда 99,5% көгілдір отынмен қамтылған. Ағымдағы жылы Иірсу ауылында құрылыс жұмыстары басталған газ құбыры 2022 жылы...

Ол үйдің ұл-қыздарының осалы жоқ

Қызылкөл елді мекеніндегі (Созақ ауданы)М.Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жылқыбай Рысқұлбековті шәкірттері өздеріне етене...

Жастарға тарихтан өнеге көп

Біздерге жеткен аңыз бойынша Сайрамның ең атақты ғұламаларының бірі болған Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим атаға арналмақ. Тарихи тұлғаның...

Адам саудасына жол жоқ

Адам саудасы – бүгінгі күні ғаламдық проблемаға айналған қылмыс түрі. Сондықтан әлем елдері қоғамды шырмаған қылмыстың осы түрімен бірлескен...

Түркістандағы жиынның талабы тың

Түркістанда облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Оған Агенттіктің Превенция қызметінің...

Жастар Түркістан музыкалық драма театрында  «Мағжан» спектаклін қойды

Түркістан - екі дүние есігі ғой, Түркістан- ер түріктің бесігі ғой . М.Жұмабаев 2022 жылдың 12-13 қарашасында Түркістан музыкалық драма театры жас...

В 2024 году в Стамбуле пройдет глобальная конференция SITE

Общество передового опыта в области поощрительных путешествий (SITE) проведет Глобальную конференцию 2024 года 26-29 февраля 2024 года в Стамбуле....

ТҮРКІСТАН: Келестік көпбалалы ана тігін цехын ашқан

Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінің тұрғыны Гүлзат Есалиева бала тәрбиесімен қатар кәсіпкерлікті қатар алып жүрген жандардың бірі. Бүгінде 5...

Волонтер жастардың қатары артып келеді.

Волонтерліктің пайда болуы мен даму тарихына тоқталар болсақ. Волонтер түсінігі əлеуметтік қызмет идеясы ретінде өте ескі түсінік, «социум» түсінігі...

Тағы да