Воскресенье, 19 апреля, 2026

Мәселе – ата-анада!

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазығұрт ауданындағы Құлмат Өмірәлиев атындағы  орталық кітапханада отбасылық қарым-қатынас мәселесін қозғаған жиын өтті. Оған ауданның бір топ әжелері, Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Өтеқұлова мен ұйымдастырушы педагогы Г.Құрбанова, мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара «Отбасы деген не?» деген сауалды талқылаудан басталды. Жиналғандар кітапхана қызметкерлерінің алдын-ала дайындаған «Отбасыдағы тәрбие» атты бейнеролигін тамашалады. Онда  отбасыдағы сыйластық пен татулық, құрмет пен имандылықтың маңыздылығы көрініс тапқан, қазақ отбасыдағы әкенің рөлі, ата мен әженің тәрбиесі айтылған. 

Кеш барысында сөз алған аталмыш кітапхана директоры Гүлсім Дәулетбаева балаларды әдептілікке, ағайын-туыстың арасындағы қарым-қатынасқа үйретудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, іс-шара барысында жиналғандар бала тәрбиесіндегі ұлттық фольклордың маңыздылығына тоқталды.

– Дәстүрлі қоғамда ата-әжелер немерелеріне ертегі, жыр-дастан айтып беру арқылы оларды рухани дамытып отырған. Сондай-ақ, баланы атқа мінгізіп, бәйгеге шаптыру арқылы ептілік пен батылдыққа, келіссөз жүргізу, даулы мәселелерді шешудегі би-шешендеріміздің даналық тәлімін ұғындыру арқылы жауапкершілікке тәрбиелеген. Бүгінде бабадан қалған осынау дара жолдың маңызы зор, – деді аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Бағила Смайыл. Ал, Қазығұрт ауылдық әжелер кеңесінің төрайымы Боранкүл Жантасова ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиеге дақ түсірмеу қажеттігін сөз етіп, ол үшін ең басты жауапты тұлға ата-ана екеніне тоқталды.

– Ел болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің маңызын сіңіруіміз қажет. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса, үмітіміздің ақталғаны, – деді Боранкүл Жантасова.

Жиын соңында Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейдің  оқушылары қазақ ақындарының ата-ана тақырыбына арнаған жырларын жатқа оқыды.

Ажар БЕРМҰХАНОВА, «Оңтүстік Қазақстан».

Жаңалықтар тізбесі

«Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына»

Кентау қалалық орталық кітапхананың Рухани жаңғыру орталығында 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай "Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына" атты өнегелі...

«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» медицина қызметкерлеріне сый жасады

Тұңғыш Президент күніне орай «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі медицина қызметкерлеріне сый жасады. Тұңғыш Президент күнінің...

ТҮРКІСТАН: Қазығұрттық үздік оқушылар «Көктөбе» жазғы сауықтыру лагеріне барды

Жадыраған жаз айында мектеп оқушылары лагерлерге баруға асығады. Өңірімізде балалардың демалысы қызықты өтуі үшін барлық жағдай жасалған. Сондай мекеменің...

Атыраулық отбасының қуанышы

«Алты Алаш үшін ақ түйе­нің қарны жарылған бұл күн­нің астарында мемлекеттің жаңа экономикалық, инфра­құрылымдық сын-қатерлерді еңсере алуы мен жаc...

ТҮРКІСТАН: Ордабасыда «Ана мен бала» аллеясы пайдалануға берілмек

Аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың бастамасымен қолға алынған «Ана мен бала» аллеясы жақын арада ел игілігіне берілмек. Бұл туралы аудан...

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ ЖАУҺАРЛАРЫНЫҢ БІРІ – ЙОЗГАТ

Түриядағы екінші күніміз. Кайсериде таңғы ас ішіп, Иозгат қаласына жолға шығумен басталды. Жолдағы 1,5 сағат уақыт та босқа өтпеді....

Он жеті жасында аға шопан атанған Орынтай Көмеков

1947 жылы маусым айының үшінші жұлдызы күні ОҚО, Түлкібас ауданы, Қарабастау ауылында дүние есігін ашқан Сабырбек ағамыз қаршадайынан еңбекке...

ТҮРКІСТАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ 

  Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қала тұрғындарына есеп беру бойынша кезекті кездесуін Яссы секторында өткізді. Мұнда азаматтар өздерін толғандырған әлеуметтік мәселелерін әкімге...

«NUR OTAN” ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ РЕТІНДЕ, САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУ САПАСЫН БАҚЫЛАДЫМ

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Тағы да