Воскресенье, 19 апреля, 2026

Тарихтан тағылымды өнеге көп. Бүгінгі жас кешегі тарихты білуі тиіс.

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

 

 

Кенде емес қой бұл қазағым ақыл берген данаға,

Кенде емес қой бұл қазағым ақ сүт берген анаға.

Теңізімнің тамшысындай арналады бұл әнім –

Елін сүйген қасиетті Домалақтай анаға

Тарихтан тағылымды өнеге көп. Бүгінгі жас кешегі тарихты білуі тиіс.  Домалақ ананың шын есімі Нұрила. 1378 жылы Түркістандағы Иасы қыстағында дүниеге келген. Мақтым Ағзымның жалғыз ұлы ержүрек батыр Ақсақ Темірдің қарамағында әскер басқарған Әли Сланның қызы. Шешесінің есімі Нұрбике. Домалақ ананың әкесі Әли Слан 1388 жылы Ақсақ Темір әскерінің құрамында Алтын Ордаға аттанарда әйелі Нұрбике мен Нұриланы (Домалақ ана), Түркістандағы әкесі Мақтым Ағзам қожаның үйінде қалдырады. Бірде Түркістан маңындағы Қарашық өзенінде суға түсіп жатқанда Нұрбикені жылан шағып өлтіреді. Әкесі әскерден келмеген, анасынан тірідей айырылған Нұрила бабасы Мақтым ағзамның тәрбиесінде өседі. Мақтым Ағзам Қожа Ахмет Иассауидің қызы – Гауһар бибінің ұрпағы еді.  Домалақ ана – ең алдымен, Алланың нұры төгіліп, ұрпағы бірнеше тайпаға айналған елдің анасы. Домалақ ана кезінде батыр әрі би болған тарихи тұлға Бәйдібектің үш әйелінің бірі болған. Бүгінгі Албан, Суан, Дулат тайпалары Бәйдібектің Домалақ анадан туған Жарықшақ деген ұлының кіндігінен тараған. Домалақ ана туралы бірнеше аңыз бар. Сол аңыздардың бірінде былай айтылады. Нұрила анамыздың атасы Мақтым Ағзамның түс көргендігі айтылады. Түсінде Қожа Ахмет Яссауи баба аян беріп: «Жалғыз немере қызыңа әулиелік дарып, бақ қонады. Оның білегінен кім ұстаса, сол адамға некесін қиып қос! Үбірлі, шүбірлі бақытты болады»,- депті. Ояна кетсе, түсі екен. «Иә, Құдай, осы түсімді Пайғамбардың өзі жорып, Нұрила қызымды бақытты қыла гөр, аумин!» деп бата қылыпты. Ол уақытта Нұрила сегіз жаста болса керек, мешітте дәріс алып жүрген кезі екен. Жылдар жылжиды. Нұриланың жасы он төртке толады. Бір күні Нұрила құдыққа суға барады. Қыз байқамай құдыққа құлап түседі.Бұл жәйтті ойнап жүрген балалар көріп, ауылға хабар береді. Құдық басына елден бұрын жеткен Бәйдібек құдыққа еңкейіп қараса, қыз қауғадан ұстаған күйі су бетінде қалқып тұр екен. Нұриланы құдықтан тартқан Бәйдібек қыз құдық аузына жеткенде білегінен ұстап, шығарады. Мұздай суға тоңып қалған Нұриланы Бәйдібек шапанына орап, атасының үйіне апарады. Келесі күні Түркістаннан Нұриланың Мақтым атасы келеді. Мәселенің мән-жайына қаныққан ақсақал бірде көрген түсін есіне алып, Қожа Ахмет бабасының аяны бойынша немересінің білегінен кім ұстаса, сол адамға ұзатуы тиіс екенін айтады. Келесі жылы Нұриланы Бәйдібек биге ұзатып, бірнеше күнге ұласқан той болады.

Домалақ ана басына орнатылған кесене Бәйдібек ауданы Ақбастау ауыл әкімшілігіне қарасты Ақбастау ауылынан үш шақырым оңтүстік-шығыстағы Бала Бөген өзенінің бойында орналасқан. Аумағы 4 гектар жерді алып жатыр. Ел ішіндегі аңыздарға сүйенсек,Домалақ ана сөзі парсының «Диһнат мама» сөзінен шыққан екен. Парсыдан қазақшаға аударғанда «Әулие ана» деген мағына береді. Бұл сөз келе-келе дыбыстық өзгеріске ұшырап «Домалақ ана» аталып кеткен екен. Домалақ анадан туған ұрпақтың бәрі  өзінің ақылдылығымен,парасаттылығымен ерекшеленіп,ел билеген. Бір күні Домалақ ана түс көреді, түсінде Бәйдібек баба қасына шақырып жатыр екен. Бұл түстен соң, Домалақ ананы Ташкенттен Боралдайға көшірмек болады. Осылай жолға шыққан олар үш күн дегенде Бала бөгенге жетеді. Осы жерде Домалақ ана балаларынан «о дүниелік болып кетсем, Бәйдібекеңнің қасына қойыңдар. Егер жолда өлсем, ары-бері сүйремеңдер, сол жерге қойып, басыма белгі қоярсыңдар» деген тілегін айтады. Домалақ ана өзеннен беті-қолын жуып, дәрет алып, кіші бесін намазын оқып, дұға етеді. Бетін сыйпап енді ұмтыла бергенде, орнынан тұра алмай, о дүниеге аттанып кете кетеді. Сөйтіп, 1456 жылдың 28 мамыр айында 78-ге қараған жасында қасиетті әулие ана Нүрила (Домалақ ана) дүниеден өтеді. Домалақ ана дүниеден өткен  жылы Домалақ ананың немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шері есімді шеберді алдыртып, ана басына төрт қанатты күмбезделген кесене-там тұрғызады. XI — XV ғасырлар аралығында Домалақ ана кесенесі бірнеше рет қайта жөндеуден өткен. Домалақ ана кесенесі жерден 12 м биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігінің үстіне күмбез орнатылған. 1942-1943 жылдары Шошқабұлақтың тұрғын орыстары, кәрістері тағы да бұзып тастайды. 1957 жылы тағы да жаңа күмбез салынады, бірақ ол көп сақталмаған. 1966 жылы Маңғыстаудан алып келінген ақ тастармен қайта қаланды. 1998 жылы Домалақ ана кесенесі жаңартылып, 2000 жылы айналасын көркейту-көгалдандыру жұмыстары аяқталды.  Мұнда келушілердің қарасы қалың. Кесенеге ұрпақ сұрап,ниет етіп келушілерде жетерлік. Кесене басына келген зияратшылар,түрлі оқиғаларға,тылсым көріністерге куә болады.Мысалы, мұнда келгендердің біріне жылан,біріне ақ кірпі,ал біріне ана,біріне бала кейпінде тылсым дүниелер көрінеді екен. Домалақ ана бұлағы Домалақ ана кесенесінен 700 метр оңтүстікте орналасқан.Кесенеге келген әр зияратшы Домалақ ана бұлағына соқпай қайтпайды. Бізде келіп,қасиетті бұлақтан дәм таттық. Домалақ ана толғатып, қатты күйзелген кезде өкшесін жерге шірене тірейді. Сол кезде дүниеге перзент келіп, ананың өкшесі тиген жерден су шығады. Жарықшақ баба солай туылған екен, өкшесі тиген жерден шыққан суға баласын жуындырып, ананың өзі де осы сумен тазаланады. Міне, содан бері бұлақ көзі тартылмай, келіп-кетушілердің зиярат орынына айналады. Талай адамдар бұлақ суынан шипа тауып, арнайы алыстан ат терлетіп келіп жатады. Ел аузына аңыз болып тараған бұлақ суының шипасы мол, ел қасиетін жоғары бағалайды.Бұлақ суы  түрлі дертке ем.Басты қасиеті-адам бойын тазартады. Қасиетті ананың өмірінен тың деректермен бөлісе алдық дегенниеттеміз. Бүгінгі айтылған деректер ел аузындағы аңыздарға негізделді.

 

Жаңалықтар тізбесі

Түркістандық түлектер мұқтаж отбасыларға 6 баспана сыйға тартты

Түркістан облысында әр жылдары мектеп бітірген түлектердің білім ордаларындағы соңғы қоңырау қарсаңында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесуі, өз ауылының...

2020 Presidential Candidates In A Minute

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Полиция департаентінің атқарылған жұыстары

  Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған өзектендірілген кешенді жоспардың жобасы туралы. ҚР құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі 2020–2022...

Түркістандық парабишілер Республикалық өнер додасында алтын медаль иеленді

2023 жылдың 6-8 маусым аралығында Алматы облысы «Балдәурен» Қонаев РОСО-нда Ұлттық Дельфий комитеті Нұрсұлтан Назарбаев қорының «ЖЕҢІСТЕРГЕ БІРГЕ» VI...

ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН “ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН” ГАЗЕТІ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған турнир өтті. Дәстүрлі сайыс биыл...

Ол үйдің ұл-қыздарының осалы жоқ

Қызылкөл елді мекеніндегі (Созақ ауданы)М.Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жылқыбай Рысқұлбековті шәкірттері өздеріне етене...

Жастық шақ — қайрат-жігерге толы кезең

Жастық шақ, балалық бал дәурен – адамзат өмірінде маңызды рөл атқаратын, шаттыққа, қайрат-жігерге толы кезеңі. Сонымен қатар, осы жастық...

Қуатты экономиканың негізі — шағын және орта кәсіпкерлік

Ауыл шаруашылығы – елдің азық-түлік және экономикалық қауіпсіздігін қалыптастыратын, сондай-ақ ауылдық жерлердің еңбек потенциалын, халық шоғырын арттыратын экономиканың бірден-бір...

Нафиса Раметова: «Жайлы баспана мен жақсы жалақыға қол жеткіздім»

Кең-байтақ жер көлемі бойынша дүние жүзінде 9-орынды, ал халқының саны бойынша 64-орынды енші­леп отырған Қазақстан үшін демография мәселесі мен...

Тағы да