Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістандық парабишілер Республикалық өнер додасында алтын медаль иеленді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

2023 жылдың 6-8 маусым аралығында Алматы облысы «Балдәурен» Қонаев РОСО-нда Ұлттық Дельфий комитеті Нұрсұлтан Назарбаев қорының «ЖЕҢІСТЕРГЕ БІРГЕ» VI параолимпиадалық жарысы өтті.

Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі балалардың спорттық және шығармашылық жетістіктерін көрсету, спорт және дене шынықтыру саласында инклюзивті білім берудің жаңа дағдыларын игеру, қоғамға бейімдеу және әлеуметтендіру мақсатында мақсатты аудитория үшін бірегей алаң құруды көздейді.

Жарысқа есту және көру қабілеті нашар, тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедектігі бар 14-19 жастағы ұлдар мен қыздар қатысты. Республика бойынша жалпы саны 176 адам, 22 адамнан тұратын 8 команда жарыста бақ сынасты. Атап айтқанда, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Ұлытау, Павлодар облыстарының өнерпаздары сайысты.

Параби пәні бойынша Түркістан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет алушылары Әсем Әлжанқызы мен Олег Вретиков өз өнерлерін ортаға салды. «Арыстан патшасы» және «Менде бәрі жақсы» комби/сингл екі түрлі жанрдағы билері көпшіліктің қошеметіне ие болды. Жарыс нәтижесінде І-орынға ие болып, алтын медальмен марапатталды.

Айта кетейік, хореограф Дария Джумадиллаева балаларды биге дайындаса, орталықтың еңбек инструкторы Айжамал Тоғыспаева арнайы костюмдерін әзірлеген. Шымкент қаласының Заң консультанттары палатасының төрағасы Оралбай Құдайберген және жеке кәсіпкер Сабыржан Танабаев демеушілік көрсетіп, балалардың қуанышының еселенуіне ықпал етті.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Шардарада жағажай волейболынан жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті

Шардара қаласындағы Орталық стадионда жағажай волейболынан 2010-2011 және 2012 жылдан төмен жасөспірім қыздар арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Жарысты ашылуында...

Түркістанда қарттар мен ардагерлер ардақталды

Бүгін Түркістан қаласында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары...

Адам саудасы үшін сотталғандардың көбі әйел адамдар

Қазақстанда адам саудасы өршіп тұр. Жыл сайын жүзге жуық іс қаралады, деп хабарлайды uly-alash.kz. Finprom.kz мәліметінше, бұрын Ресейге транзиттік ел болып...

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғамның дерті

Қазақстан Республикасының Конститутциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройын қорғауына құқығы бар деп жазылған. Дегенмен, біздің заманауи...

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ АЛМАТЫДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕГЕ 20 ТОННА ӨНІМ ЖӨНЕЛТТІ

Алматы қаласында жыл сайынғы дәстүрге айналған Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Түркістан облысы бойынша 400 тоннадан астам көкөніс,...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ҚОСТАНАЙҒА АРНАЙЫ ДЕЛЕГАЦИЯ БАРДЫ

Қостанай облысына Түркістан өңірінен арнайы делегация аттанды. Мақсат – теріскейге қоныстанған отбасылардың тыныс-тіршілігімен танысу, көшті үдете түсу үшін насихат...

Азиз Абдухакимов: «Біз бар күшімізді біріктіріп, ең алдымен «ШЫҰ-ның ішкі туризмін» дамытуға бағыттауымыз қажет»

Ташкентте өтіп жатқан «ШЫҰ мүшелері-мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» халықаралық форумында туристік индустрия өкілдері туризм саласының...

Лучшие из Эгейского и Средиземного морей встречаются в Бодруме

Знаете ли вы, что Мугла, расположенная на стыке Средиземного и Эгейского морей, является домом для некоторых из самых известных...

Специалисты Алматинской академии МВД РК посетили Туркестанскую область

  Сегодня, с рабочей поездкой в г. Туркестан прибыла специальная группа под руководством специалиста Алматинской академии им.М. Есполатова майором полиции...

Тағы да