Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістандық түлектер мұқтаж отбасыларға 6 баспана сыйға тартты

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысында әр жылдары мектеп бітірген түлектердің білім ордаларындағы соңғы қоңырау қарсаңында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесуі, өз ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы дәстүрге айналған.

Биыл да бұл дәстүр жалғасып, түлектердің бірқатары мұқтаж отбасыларға баспана сыйласа, енді бірі спорт кешені, аялдама және аллея салып, ауылдастарының алғысын алып жатыр.

Мәселен, Түлкібас ауданында Абай атындағы және Б.Садықов мектебінің 20 жылдық түлектері мұқтаж отбасыға аудан орталығынан қорасы, моншасы, сарайы бар алты бөлмелі үй сыйлады. Сондай-ақ, жиналған 8 млн. 600 000 теңге қаражатқа үйдің ішіне қажетті жиһаз-техникалар алынған. Ал, Арыс қаласындағы Байырқұм ауылында 20 жыл бұрын бітірген түлектер өздері білім алған мектепке 3 млн. теңгеге демеушілік жасады. Бұл қаражатқа білім ұясының алаңқайы толық тас тротуармен жабылып, тозығы жеткен оқу үстелдері жаңартылды. Сонымен қатар, түлектер мектепке қоғам қайраткері, белгілі ақын Мұхтар Шахановты арнайы шақырып, рухани мазмұны мол кездесу ұйымдастырған.

Сонымен қатар, Шардара ауданына қарасты, Қоссейіт ауылдық округіндегі «Сырдария» жалпы орта мектебінің 1986 жылы туған 2003 жылғы түлектері көпбалалы отбасыға үш бөлмелі тұрғын үй тарту етті. Бұдан бөлек, Ордабасы ауданындағы Төрткүл елдімекенінде тұратын 1985-1986 жылғы туған түлектер төрт баласы бар жалғызбасты анаға үй салып берді. Баспананың құрылысы наурыз айында басталып, бүгінде үй иелеріне берілді. Бұл — түлектердің сыйға тартқан екінші үйі екен.

Игі дәстүр аясында Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінің түлектері қайырымды істі қолға алып, бір отбасын қуанышқа бөледі. 1985-1986 жылғы ауыл азаматтары игі іске дем беріп, тұрмысы төмен отбасына асарлатып үй салып берді. Үш бөлмелі тұрғын үйді салуға 40-қа жуық түлек атсалысты. Жомарт азаматтар 2003 жылы Лесбек батыр елдімекенінде орналасқан №39 Л.Жолдасов атындағы жалпы орта мектебін бітірген. Баспананың құрылысы биыл сәуір айында басталып, қазір үй иелеріне табысталды. Сондай-ақ, Бірлік ауылдық округінің азаматтары №57 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 2003 жылғы түлектері аллея салып берді. Келеске қарасты Ақтөбе ауылдық округінде №40 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің 2003 жылғы түлектері қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың құрметіне ескерткіш орнатты.

Сауапты істен Жетісай ауданының түлектері де шет қалған жоқ. Ауданға қарасты Мақталы ауылдық округінде мектеп түлектері ауыл жұртшылығына Оңалбек Тастанбекұлы атындағы әмбебап спорт кешенін сыйға тартты. Осы уақытқа дейін ауылда заман талабына сай спорт кешені болмаған. Ғимаратта енді ауыл тұрғындары спорттың күрес, бокс, ауыр атлетика және қол күресі сынды түрлерімен жаттыға алады. Спортты жақсы көретін ауыл жастары үшін бұл – тамаша сыйлық. Яғни шынығамын, шыңдаламын деген ауыл жастары үшін бұл алаңшаның есігі әрдайым ашық болмақ.

Ал, Кентауға қарасты Байылдыр ауылына 2003 жылы бітірген түлектер ауыл тұрғындарына жаңа аялдама тарту еткен. Аялдама электр жарықшамдармен жабдықталып, жылдың төрт мезгіліне арнап салынған.

Сондай-ақ Созақ ауданында қос бірдей отбасыға тұрғын үй кілті табысталды. Аудан орталығында Т.Әлімқұлов атындағы мектеп-лицей интернаты мен А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектепті бітіргеніне 20 жыл болған түлектер Шолаққорған ауылының тұрғыны, көпбалалы отбасына жаңа баспананы тарту етті. Жер учаскесі 15 сотықты құрайды. Қосалқы шаруашылықты дамытуға және бау-бақша өсіруге мүмкіндік береді. Ал, Таукент кентіндегі І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінен түлеп ұшқан азаматтар мектепті бітіргендеріне 20 жыл толуына орай көпбалалы, жалғызбасты анаға көпқабатты тұрғын үйдің бірінен пәтер кілтін табыстап, қуанышқа бөледі. Қос баспана да асхана және үйге қажетті тұрмыстық жабдықтармен қамтылған. Тұрғын үй иелері ұзақ жылдар бойы жалдамалы пәтерді паналап келген. Бүгінгі күндегі қуаныштарын жасыра алмай, игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғыстарын айтты.

Жоғарыдағы түлектердің тартуы — өңірдегі қайырымдылық және ауылдың гүлденуіне үлес қосу мақсатындағы іс-шаралардың бірқатары ғана және осы бағыттағы игі істер жалғасатыны анық. Түлектердің бұл қайырымды ісі ел-жұртқа үлгі болары сөзсіз.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

Аудандық жастар форумы өтті

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылық алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы...

Ақ әжелер сайысы қорытындыланды

Қазақы қаймағы бұзылмаған Жетісай ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құралған Әжелер алқасына 10 жыл толуына орай «Ақ дидарлы әжелер»...

Болашағы айқын — Түркістан!

  Түркістан облысында өнеркәсіп дамитын болады. Алдағы уақытта бағдарымызды өзгертіп, күшті облыстың өнеркәсіп әлеуетін дамытуға бағыттауымыз қажет. Түркістан облысының әкімі...

Әйелдер қанаты парасатты қоғамға бастайды

«AMANAT» партиясы әйел азаматтардың мемлекеттік басқаруға және инклюзиялық қоғам мен гендерлік паритетті қалыптастыруға белсенді қатысуын кеңейтуде Әйелдер қанатын құру...

Түркиядағы теңіздерде серфингтік шытырман оқиғалар күтеді

Түркиядағы түркістандық бақыт жағалауы жылдың кез келген уақытында ең таза теңізі мен жағажайлары, тамаша аралдары, шығанақтары және әсем табиғаты...

Қазақстанда зорлық-зомбылық құрбандарына арналған сенім телефоны жұмыс істей бастады

16 қазанда республика бойынша қоңырау шалуға арналған бірыңғай нөмір іске қосылды. Енді тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары 111 нөміріне...

В 2024 году в Стамбуле пройдет глобальная конференция SITE

Общество передового опыта в области поощрительных путешествий (SITE) проведет Глобальную конференцию 2024 года 26-29 февраля 2024 года в Стамбуле....

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ШАРДАРА АРМСПОРТ» СПОРТ КЛУБЫНА АВТОКӨЛІК СЫЙЛАДЫ

  Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Шардара армспорт» спорт клубына барды. Бүгінде армрестлинг спортынан Шардарадан 102 әлем чемпионы шығып отыр....

 ЖАСӨСПІРІМДЕР  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫСТА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Түркістанда Бокстан жасөспірімдер арасында республикалық сайыс өтті. Онда 9- жастан 14 жасқа дейінгі балғын боксшылар бақ сынады. Олар 6...

Тағы да