Воскресенье, 19 апреля, 2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғамның дерті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазақстан Республикасының Конститутциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройын қорғауына құқығы бар деп жазылған. Дегенмен, біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтар жиі кездеседі.

Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Баян Жандосованың айтуынша, көптеген әйелдер өзінің зорлық-зомбылық көріп жүргендерін ашық айта алмайды. Осыған байланысты 2017 жылы Бас прокуратураның «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы жүйелі түрде жүзеге асып, біршама жұмыстар атқарылды. Участкелік полициялар мен дәрігерлер және басқыншыдан үнемі зорлық көретін жанұяны анықтаушылар аталған жоба бойынша зорлық-зомбылықпен күрес жұмыстарын жүргізді. Алкоголизм мен нашақорлықты емдейтін орталықтар ашылып, нәтиже көрсетті. Ондай орталықтар әлі де жұмыс істеп келеді.

Баян Жандосова бізге берген сұхбатында «Арнайы мониторинг жүргізгенімде, 400 отбасыны қабылдадым. Соның ішінде, 15 пайызы жалғыз басты аналар, 16 пайызы ажырасқандар болып шықты. Бұл қаншама баланың әке тәрбиесінен тыс өсіп жатқандығын білдіреді. Сол үшін мектептерге көбінесе ер-азаматтарды жұмысқа қабылдау керек. Дене шынықтыру және еңбек сабағында ұлдар мен қыздарды бөліп оқыту қажет деп ойлаймын. Себебі, алтыншы сыныптан бастап оқушыларда физиологиялық өзгерістер басталады. Осындай өтпелі кезеңде оларды осы пәндер бойынша бірге оқыту өте қате деп ойлаймын. Биылғы жылдың төрт айында 49 суицид, 147 өз-өзіне қол жұмсауға әрекет еткен балалар тіркелді.Біз бар балаларымыздан айырылып жатырмыз. Бұл ретте ата-аналар мен ұстаздар тәрбие жұмыстарын күшейту қажет» деді.

Арнайы мониторинг нәтижесінде елімізде 2022 жылда зорлық-зомбылықтан 400 әйел көз жұмғаны, 155 әйелдің өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Осындай келеңсіз оқиғаларды болдармас үшін «AMANAT» партиясы «Бақытты отбасы» жобасы аясында әлеуметтік осал топтарға, өмірдің қиын сәтіне тап болған әйелдерге,  мүмкіндігі шектеулі, ерекше қажеттіліктері және аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік тұрғыда қолдап, олардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастырып келеді. Аталған жоба бойынша әйелдерге тегін психологиялық көмектер көрсетіліп, тренингтер өткізіледі.  Қызмет бабы, жұмыс барысында талай әйелдердің жай-күйін жақсартуға ұмтылып, әйел бақытының сақталуына үлес қосқан Баян Жандосова өз сөзін «Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғамның дерті. Әйел мен еркектің орны ауыспай, әркім өз фунциясын орындауы керек. Әйел отбасына жылулық сыйлап, ер азамат отбасының қорғаны болуы керек. Сонда ғана тұрмыстық зорлық-зомбылық болмай, балаларға бақыт сыйлай аламыз» деп түйіндеді.

  Аида Өтеп

Жаңалықтар тізбесі

3 жыл ішінде 49 мың отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді – Динара Зәкиева

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасын таныстырды. ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі...

Стамбулдың тарихы және сауда жолы

2022 жылы Стамбұлдың “Капалы чаршы” аталатын тарихи базары әрі сауда орталығы саналатын Үлкен базарды қалпына келтіргеннен кейін 39 766 801 адам...

ҚАЛАНЫ ЦИФРЛАНДЫРУ

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – ортақ мүддеміз. Ортақ мүдде біріктірген отаншыл азаматтардың белсенділігі –...

Начальник ДП Туркестанской области проверил безопасность школ и встретился со школьниками

В соответствии с поручением Министра МВД РК Ержана Саденова, начальник Департамента полиции Туркестанской области Мурат Кабденов начал рабочую неделю...

Аналар қауымымен еркін форматта кездесу өтті

Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан, Ананың биік тұғыры – анадан туған бар адам. Бүгін аудан әкімі Нұржан...

Romania, defeated by France 3-2, fails to qualify for Fed Cup final

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Ауыл мектептері оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиаданың бірінші кезеңіне Түркістан облысынан 21321 оқушы тіркелді

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін...

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңір жастарымен кездесті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің 150-ден астам белсенді жастарымен кездесті. Еркін форматта пікірлесті. Олардың ойын тыңдап, ұсыныстарын тыңдады....

БИРГИ: 5 МЫҢ ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР АУЫЛ

5 мың жылдық тарихымен және бірегей архитектуралық құрылымымен әлем назар аударатын Бирги Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Туристік Ұйымының (UNWTO)...

Тағы да