Понедельник, 20 апреля, 2026

«Тұран дауысы» ән байқауы шымылдығын түрді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

 

Түркістанда халықаралық ән байқауы басталды.   Войс оф Туран деп аталатын халықаралық дода биыл үшінші рет шымылдығын түрді. Жобаның мақсаты: Қазақ музыкасы мен қазақстандық композиторлардың  әндерін әлемге насихаттау. Дарынды жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету сонымен қатар  Түркістанның туристік әлеуетін арттыру.

Халықаралық байқауға қатысу үшін Европа мен Азияның 15 елінен үміткерлер келді. 18-35 жас аралығындағы эстрадалық жанрдағы орындаушылар, үлкен концерттік қойылымдарда тәжірибесі бар. Олардың көбі  халықаралық ән байқауларында жетістікке жеткен. Бұл жоба бүкіл Түркі әлемін мәдени тұрғыда біріктіреді. Сондықтан ашылу салтанатына ТҮРКСой ұйымының бас хатшысы арнайы келді.
Байқауға қатысушылар ережеге сәйкес екі шығарма орындайды. Бірінші кезеңде қазақ композиторларының әнін, екінші кезеңде елімізге танымал эстрада әншілерімен бірге қазақ әндерін шырқайтын болады. Өз бағын сынап көруге келгендердің бірі Қырғызстандық Надырбек Мақсұтов.
Өзге елдің әншілеріне қолдау көрсетіп бірге ән шырқау үшін қазақстандық өнер жұлдыздары да арнайы келді. Олардың қатарында мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Нұржамал Үсенбаева, Медеу Арынбаев, Айгүл Қосанова Маржан Арапбаева секілді танымал әншілер бар.
Конгресс хол кешенінде өткен концертке келген Түркістандықтардың қарасы мол. жастардан бастап қарияға дейін бәрі осында. Олар Түркістанда осындай жобаның қолға алынғанына дән риза.
Бұл байқау 2020 жылы басталған. пандемияға байланысты жоба онлайн түрде өткен болатын. 2020 жылы Молдовалық  Галина Шкода бас жүлдені жеңіп алса, 2021 жылы Бурятиялық Цыден Еши Бимбаев Гран-при иегері атанған. Халықаралық ән сайының нәтижесінде 4 елдің үздік әншілерінен құрылған «Turan Boys» квартеті бүгіндеқазақ әндерін насихаттауда зор үлес қосып жүр.
Халықаралық байқауда, танымал орындаушылар, композиторлар, продюсерлерден құралған кәсіби қазылар алқасы төрелік етеді. Жеңімпаздар түрлі дәрежедегі дипломдармен  және қаржылай сыйлықтармен марапатталатын болады.

Жаңалықтар тізбесі

ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ СТАМБҰЛДА “БІРЛІК” ҰЙЫМЫН ҚҰРДЫ

Стамбұлда жаңа оқу жылының басталуына орай Түркияға Қазақстаннан білім алуға келген студенттер бас қосты. Аталған жиын Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулдығының...

ТҮРКІСТАН: Отырарлық оқушылар жазғы лагерьде патриоттық әндер шырқап, асық атудан сайысқа түсті

Отырар ауданында балалардың жазғы демалысын көңілді әрі қызықты өткізу мақсатында Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылындағы Отырар жазғы сауықтыру лагерінде барлық...

Аудан әкімі ардақты аналарға құрмет көрсетті

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қоғам өміріне белсене араласып жүрген бір топ ардақты аналар...

БИРГИ: 5 МЫҢ ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР АУЫЛ

5 мың жылдық тарихымен және бірегей архитектуралық құрылымымен әлем назар аударатын Бирги Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Туристік Ұйымының (UNWTO)...

Қараусыз қалған бала өзін қорғансыз сезінеді

Аға буын жақсы біледі, ілгеріде жас балаларды зорлау, оларға зорлық-зомбылық көрсету секілді қылмыс түрлері кездеспейтін. Ілуде біреу кездесе қалса,...

ТҮРКІСТАН: Төлебилік қарияларға құрмет көрсетілді

Төлеби ауданында Қарттар күні мерекесі қарсаңында қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді. Шараға қатысқан аудан әкімі Төлеген Телғараев сөз алып, жылы...

Су спорт түрлері мектебі маусымға дайындық үстінде

Төртжылдықтың басты додасы Олимпиада ойындарында бірнеше медаль жиынтығын беретін - су спорты. Бұл спорт түрі Түркістан облысында әлемдік талаптарға...

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

Қалада 71 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері бар. Онда 153,1 мың адам жұмыс істейді. Бүгінде қалада кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесі 31...

Түркістан облысында ауыл тұрғындары асарлатып 6 балалар ойын алаңшасын салып жатыр

Түркістан облысында ауыл тұрғындары асарлатып 6 балалар ойын алаңшасын салып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының...

Тағы да