
Төртжылдықтың басты додасы Олимпиада ойындарында бірнеше медаль жиынтығын беретін — су спорты. Бұл спорт түрі Түркістан облысында әлемдік талаптарға сай дамып жатыр. Қазақстандық байдарка және каноэ спортынан саңлақтар Орта Азия елдері бойынша көш бастап, жыл сайын ірі жетістіктерге жетіп келеді.
Қазақстан ұлттық құрама командасы сапында өнер көрсететін жерлестеріміз қазір лицензиялық турнирлерге дайындалып жатыр. Түркістан облыстық су спортынан олимпиадалық мектеп басшысы Денис Жәрменов олимпиада қарсаңында әрбір күндегі жұмыс нәтижесін қатаң бақылауға алғанын айтты.
Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген байдарка және каноэда ескек есу спорты, академиялық байдарка, желкен спорты және параканоэ, триатлон спортының тәжірибелі бапкерлері жиналған басқосуда келесі жылдың маусымында өтетін түрлі жарыстарға дайындықтар пысықталды. Спорт нәтижелер бойынша әдіскерлер жылдық маусымдағы жетістіктерді атады. Басқосуда спорт мамандары 2023 жылы өтетін Азия ойындарының квалификациялық іріктеу сайыстары туралы айтылы. Бұл іріктеу жарысы кезекті жазғы Париж Олимпиадасына жолдама беретін маңызды дода. Жиынды қорытындылаған федерация президенті жаттықтырушылар құрамасының жұмысына жоғары бағалады. Сонымен бірге жақсы нәтижеге жеткен түркістандық спортшыларға алғыс айтып, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.
Басқосуда жүзу спортынан облыс құрамасының аға бапкері мекеме жетекшісі Денис Жәрменовке Қазақстан Кубогін табыстады. Айта кетейік, түркістандық спортшы Аделайда Пчелинцева Талдықорған қаласында өткен ел Кубогінде жеңіске жетті. Сонымен қатар, су спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Софья Сподаренко да облыс құрамасының намысын қорғайды. Софья Түркістан облысының маусымдық жарыстарына қатысады. Сала мамандарымен бас қосқан жиында Денис Жәрменов Қазақстанның дене шынықтыру және спорт комитеті атынан ескек есушілер Ульяна Киселева мен Татьяна Токарницкояға Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын табыс етті. Ендігі кезекте, жақын күндері жаттықтырушылар түркістандық командамен бірге оқу-жаттығу жаттығу жиындарын өткізеді.
