Воскресенье, 19 апреля, 2026

Қараусыз қалған бала өзін қорғансыз сезінеді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Аға буын жақсы біледі, ілгеріде жас балаларды зорлау, оларға зорлық-зомбылық көрсету секілді қылмыс түрлері кездеспейтін. Ілуде біреу кездесе қалса, ол әрекеттер қоғамда өте құпия сақталатын. Өйткені, «адам адамға дос және бауыр» дейтін ұстанымға негізделген кеңестік идеологияға әлгіндей сорақы жағдайлар мүлде жат көрінетін. Содан болса керек, арнайы органдар жарияға жар салмай-ақ, кінәлілерге ың-шыңсыз лайықты жазаларын арқалатып жіберетін. Ал, қазір қалай? Күн сайын демесек те, ғаламтор беттерінен жиі-жиі «кішкентай қызды зорлап кетіпті» немесе «зорламаққа әрекеттеніпті» деген ақпараттардан көз сүрінеді. Қанымызда жоқ мұндай қаныпезерліктің кең етек алуы халықтың орынды алаңдаушылығын туғыза бастады.

Қайбір жылы Маңғыстау облысының тұрғындары педофилдерге қатысты жазаны қатаңдату туралы Мемлекет басшысына Үндеу жолдады. Маңғыстаулықтар ол Үндеуінде мұндай қылмыстардың белең алуына қолданыстағы жазаның жұмсақтығы себеп болып тұрғандығын көлденең тартып, енді осындай әрекеттер үшін татуласу мен шартты мерзім қолданылмайтын, өмірлік түрмеге жабу, химиялық жолмен піштіру, мұндай қадамға шетел азаматтары барса, оларды депортациялауға дейінгі шараларды қолдануды сұранған. Алайда, азаматтардың алаң көңіліне назар аударған Бас прокуратура педофилдерге қатысты жазаны күшейткенімен, балаларымызды олардың қорлығы мен мазағынан түбегейлі арашалай алмай отырмыз.

Алдымен дүйім жұрттың дегбірін қашырған Маңғыстаудағы оқиғаға тоқтала кетейік. Өн бойын құмарлықтың құрты кеміріп, балғын денеден тоят іздеген жексұрынның қанқұйлы әрекеті Мемлекет бсшысына Үндеу жолдауға себеп болды. Өкініштісі, айтуға ауыз бармайтын жантүршігерлік қылмыс қарбаласқа толы қалада емес, айрандай ұйып отырған алақандай ауылда орын алған. Ымырт үйірілер шақта үй маңындағы шағын дүкеннен өзіне тәттілер алуға жүгіріп кеткен қыз бала қайтып оралмаған. Бастапқыда үй ішіндегілер «достарымен ойнап жүрген болар» деп онысын бала біткеннің әдетіне балап, секем ала қоймаған. Тек арада бір сағаттан астам уақыт өткенде ғана қызды іздей бастаған. Құлдыраңдай жүгіріп үйден шыққан бала ұшты-күйлі жоғалады да кетеді. Көрші-көлем, ағайын-туыс жабыла іздеп, қора-қопсының маңына дейін тінте жүріп, түнгі екілер шамасында бүлдіршіннің өлі денесін табады.

Әбден азапталып өлтірілген балғын дене көрші үйдің сарайынан табылады. Сегіз жасар қыз балаға ойына келгенін жасаған адам деген аттан садаға кеткір мақұлық оның ауыз-мұрнын, тыныс жолдарын топырақпен бітеп тұншықтырып өлтірген. Адамдықтан безген жан сол сарайдың иесі, үш бала өсіріп отырған 26 жастағы ер бала болып шығады. Қыз баланың аянышты өлімі ауыл тұрғындарын, түгел Маңғыстау жұртын, тіпті осы оқиғадан құлағдар болғандардың ешқайсысын бейжай қалдырмады. «Хайуанды жазалаймыз!» деп ашуға мінген ауыл жігіттері де табылмай қалмады. Сөйтсе, әлгі тасжүрек сол ауылға өзге аймақтан көшіп келіп, сауда жасап жүрген міскін екен. Он екіде бір гүлі ашылмай жатып еңгезердей еркектен зорланған, ауыз-мұрнына топырақ құйылып, азаппен ажал тапқан сәби өлімінің ауыртпалығы мен жан азабы айтпаса да түсінікті… Бұл тек қана Маңғыстауда ғана емес, республикамыздың барлық өңірлерінде кездесетін және жылдан-жылға қарқын алып бара жатқан үрейлі құбылысқа айналып отыр. Ең сорақысы, педофилдердің ісі қазір қаладан шығып, ауылдық жерлерге де кең қанат жая бастады.

Бас прокуратура осы оқиғадан кейін-ақ Президенттің пәрменімен осындай қылмыстық әрекеттерге қатысты жазаны қатаңдатқан болатын. Құжатта жас балаларға жыныстық зорлық көрсеткендерді шартты түрде соттау, рақымшылық, мерзімінен бұрын босату шараларын қолдануға тыйым салынған. Осындай іспен шұғылданған ұстаздар мен ата-аналардың өмір бойы балаларға қатысты кез келген қызметпен айналысуларына шектеу де қойылған. Заңдағы

көптің көкейін дөп басқан жағымды өзгеріс – енді жоғарыда аталған барлық шектеулер кәмелетке толмағандарға қарсы зорлық әрекет жасағандарға да қолданылатын болып отыр. Яғни бұдан былай жас балаларға да, кәмелетке толмағандарға да осы сипаттағы қылмыстық әрекеттері үшін айыпталушыға ешқандай жеңілдік қарастырылмайды. Ең ақыры процестік келісімдер де жасалмайды. Заңдылықты қадағалау мамандары осындай қатаң шараларға барудың арқасында елімізде кәмелетке толмағандарды зорлау оқиғасының төмендегенін алға тартады. Бірақ, қоғамдағы педофилдерге қатысты жағдай әлі де болса күрделі күйінде қалуда. Оған дәлел жыл басынан бері жас балаларды зорлағаны үшін 26 адам жазаға тартылып, олардың алды – 20, соңғысы 6 жыл арқалаған.

Ал, облыстағы жағдай қалай? Облыстық полиция департаментінің мамандары былтыр осы тектес 60 қылмыс тіркеліп, 40-қа жуық педофилдің есепке алынғанын мәлімдеді. Бір жылда 40 педофил есепке алынса, жағдайды шамалай беруге болар… Жалпы, департамент базасында бүгінгі таңда 10 гектарға жуық педофилдің тіркеуде тұрғанын білдік. Негізінен мұндай қылмыстар Шымкент, Түркістан секілді ірі қалаларда жиі орын алады екен. Шаһардағы қылмыстық ахуалды түсінуге болар, өйткені, қу тіршілік үшін жанталасып, жан-жақтан қалаға ағылған жұрттың арасында кім жоқ дейсіз?! Пиғылы бұзық та, ниеті теріс те осында жүр. Ал, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, ұлттық құндылықтардың құнары сақталған Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш, Сайрам аудандары мен Кентау қаласында педофилдер санының өсуі нені аңғартады? Мұндай статистиканы тізбектей беру міндет емес, айтпағымыз педофилдер неге көбейіп кетті? Және олардың тек жас қыздарға ғана емес, ұл балаларға да шабуыл жасауы арагідік болса да кездесіп қалады. Өмірдің мәнін түсінбеген, қатыгездікті ұғынбайтын және зорлық деген қаныпезерліктің бар екенін білмейтін бүлдіршін атаулыға керегі әзірге тамақ, киім, ойын мен ұйқы ғана. Бірақ, бізде қазір солай ма? Біз балаларымызды қалай қорғаймыз? Бүгінгі сұрақ та, мәселе де – осы.

Қазір педофилдердің дәурені жүріп-ақ тұр. Олардың көбеюіне бір жағынан ақпараттың ашықтығы да өзіндік ықпалын тигізіп жатыр деуге болады. Атыс-шабыс, кісі өлтіру, қыз зорлау, суицидке бару секілді оқиғалардың телеарналар мен ғаламтордан тоқтаусыз берілуі зорлық-зомбылықты адамдардың психикасына тықпалап, құлақтарына сіңдіріп жатқандай әсер етеді. Жалпы, педофилдермен күрес тек біздің ғана емес, өзге мемлекеттердің де бас ауруына айналған. Әлемдік тәжірибеде оларға химиялық және хирургиялық кастрация мен өмір бойы түрмеге жабу жазалары қарастырылған. Деректерге сүйенсек, химиялық кастрация құмарлықты басатын психикалық-фармакологиялық тәсіл екен, ол адамға анти-андроген дәрілер ішкізу арқылы жүзеге асса, келесісі жыныс бездерінің тіндерін хирургиялық жолмен алып тастайтын тәсіл. Қазақстандық құқық қорғау органдарының таңдауы осының алғашқысына түсті. Сот шешімі бойынша қылмыскерді жыныстық құмарлықты басатын дәрі-дәрмек қабылдауға мәжбүрлейді. Дегенмен, кастрация жасалған жанның біржолата жыныстық қабілетінен айырылмайтындығын ескерсек, оның мұндай қылмысқа қайта айналып соғуы да әбден мүмкін екен. Мысалы, 10-15 жылын түрмеде өткізген педофил тірі болса бәрібір оралады, келген соң өз ісін қайталамасына ешкім кепілдік бере алмайды. Бірақ, осы тәсілге жүгінетін Чехияда кастрация жасалған 100-ге жуық қылмыскер 10 жылда мұндай қылмысын бірде-бір рет қайталамапты.

Қазақстанда педофилдерге берілетін жаза – 15-20 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Біздіңше,

кастрациялық жаза қылмыс жасаушыларды жазалап қана қоймай, кейінгіге сабақ болатындай дәрежеде болуы тиіс. Сонда ғана балалардың обалына қалып жүрген озбырлар аяғын тартуы мүмкін. Әйтпесе, қылмыскер мемлекеттен бөлінген қаржыға ішіп-жеп, мерзімі біткенде немесе әлдеқандай жеңілдіктерге ілігіп арамызға қайтып келері анық. Ал, зорлық көрген сәбидің обалы мен оның отбасы, туған-туыстарының жан азабын, қайғы-қасіретін кім өтейді?

Қазақ – баласын бауыр етіне балаған халық. Бар жақсысын, бар асылын қашан да ұрпағының бойына сіңдіруді мұрат тұтқан. Алайда, бүгінгі отбасы бала-шағасын асырау үшін нәпақа табуды бірінші орынға шығарғаны жасырын емес. Өйткені, нарықтың қатал талабына көндікпеске шарасы жоқ. Көштен қалмау үшін әке мен ана ерте кетіп, кеш оралуға мәжбүр. Осы аралықта бала біткен бақылаусыз қалады. Ал, қараусыз қалған бала өзін қорғансыз сезінетінін қаперімізге ала бермейміз. Қорғансыздың күйі оқыс жағдайларға соқтыратынын жоғарыдағы оқиғадан аңғаруға болады. Сондықтан балаңызға қырағылық танытып, оның қай жерде болғанын, кіммен араласатынын және ғаламтордан не көретінін үнемі қадағалап жүргеніңіз абзал дер едік. Заңдық тұрғыдан жазаның қатайғаны дұрыс шығар, бірақ, ата-анадай ешкім баласына қорған бола алмайтынын естен шығармайық.

Дәулет Тұрсынұлы, «Оңтүстік Қазақстан».

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ақпараттық науқаны өтеді

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша,...

Еуропа бойынша велоспорт туризмін ілгерілету үшін…

EuroVelo & Cycling Tourism Conference 2023 жылдың 11-13 қазаны аралығында Түркияның Измир қаласында өтеді. Бұл шараға еуропалық велотуризм индустриясының...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «НУЖНО СОЗДАТЬ БЛАГОПРИЯТНЫЕ УСЛОВИЯ ДЛЯ РАЗВИТИЯ ТУРИЗМА В ТОЛЕБИЙСКОМ РАЙОНЕ»

Под председательством акима Туркестанской области Дархана Сатыбалды состоялось совещание по социально-экономическому развитию Толебийского района. На нем обсуждались вопросы сельского...

ТҮРКІСТАН: Төлебиде талантты, әрі ерекше қыз тұрады

Төлеби ауданы, Кемеқалған ауылдық округі, Әңгірата елді мекенінде арманы асқақ, талапты да талантты ерекше қыз тұрады. Ұлбосын Әбдіғаппар өлең...

«ТӘУЕЛСІЗДІК — ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗ»

Тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл! Тәуелсіздік — Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі. Тәуелсіз...

“Барлық аялдамаларды мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы етіп жабдықтау” жұмыстарының орындалу барысымен таныстым

  Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есилбекпен бірге «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған...

«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» медицина қызметкерлеріне сый жасады

Тұңғыш Президент күніне орай «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі медицина қызметкерлеріне сый жасады. Тұңғыш Президент күнінің...

Колледждерде білім сапасы қандай?

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысының күн тәртібінде техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы өзекті мәселелер...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ҚОСТАНАЙҒА АРНАЙЫ ДЕЛЕГАЦИЯ БАРДЫ

Қостанай облысына Түркістан өңірінен арнайы делегация аттанды. Мақсат – теріскейге қоныстанған отбасылардың тыныс-тіршілігімен танысу, көшті үдете түсу үшін насихат...

Тағы да