Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түрленген түркістанның әлеуеті күн санап артып келеді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Еліміздегі атымен де, затымен де елеулі Түркістан шаһары бір кезде тарихи қала ретінде әлемге белгілі болса, бүгінде Түркістан облысының орталығына айналып, заманауи даму жолына түскен кент ретінде өзге елдердің де назарына ілініп отыр. Демек, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткен табыстарының бірі де – жаңа Түркістан. Еліміздің оңтүстігінде жазық да­лаға орналасқан Түркістан қа­ласы қолайлы географиялық ай­ма­ғында бол­ғандықтын мұнда халық ежел­ден отырықшы тұрмыс сал­тын ұс­танады. Ал облыс орталығы мәр­тебесін алған­нан бері бұл қалада тұр­ғын үйлер көп­теп салынып, көшіп келу­шілердің саны жылдан-жыл­ға ар­тып келеді. Са­лыстыру үшін айт­сақ, 2018 жылы Түркістан облысы хал­­қының саны 1 983 969 адам бол­са, 4 жылдың ішінде ол 285 216 адам­ға кө­бейіп, жалпы 2 269 185 адамға жет­кен, оның ішінде Түркістан қа­ла­с­ында қазір 221 102 адам тұрады. Ал­­дағы уақытта бұдан да көбейе тү­се­тіні анық.

Халықтың саны өскен сайын тұрғындар тара­пы­нан көп­те­ген мә­селелер мен сұрақтар туын­дай­ды, яғни өсім бар жерде, өзекті мә­селе­лер де болып жатады. Сон­дық­тан атал­ған мәселелерді дер кезінде ше­шу облыс басшысының басты мін­деті болмақ.

Кейінгі жылдарға қарасақ, қа­­ла­ның жан-жақты дамуында бір­қатар нәтижелердің оң үрдісі бай­­қалады. Атап айтқанда, биылға келіп Түр­кі­стан қаласында 12 088 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 268,8 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, бюд­жет­ке төленген салық көлемі 8,1 млрд теңгеге жеткен.

Облыстағы Turkistan арнайы эко­номикалық және индуст­риал­ды аймақтарында жалпы құны 553,6 миллиард теңге болатын 80 инвес­ти­циялық жобаны іске асыру жос­пар­ланған.

2025 жылға дейін маңызды жо­ба­ларды іске асыру нәтижесінде өңір эко­номикасына 2 триллион теңгеден ас­там инвестиция бағытталатын бо­ла­ды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 322,9 млрд теңгеге жетіп, 2020 жыл­мен салыстырғанда 4,1 пайызға арт­қан. Енді 2025 жылға дейін құрылыс жұ­мыстарының көлемін 439,3 млрд тең­геге жеткізу көзделуде.

Жалпы, соңғы үш жылда Түркістан қаласында 536 жоба іс­ке асып, оның 251-і пайдалануға тапсырылған.

Халықты баспанамен қамтамасыз ету ең басты қажетті­ліктің бірі десек, Түркістан қала­сын­да 4 жылда жалпы 337 көпқабатты тұр­ғын үйдің құрылысы жүргізіліп жа­тыр (15 411 пәтер, 1 001,1 мың шар­шы метр). 2019-2021 жылдары 113 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді (5 433 пәтер, 342,9 мың шаршы метр).

Бүгінде жаңа қаланы ауызсумен қам­тамасыз ету де жақсы жол­ға қойылып келеді. Нақтырақ айт­сақ, Түркістан қаласында ауызсу құ­бырларын қайта жаңғырту мақ­са­тында бірнеше нысанның құрылыс жұ­мыстары (7-шағынаудан, Хлоп­за­вод, Ремзавод, бірінші және екінші Яс­сы-Шавғар, Теміржол) қатар жүр­гізіліп жатыр. Нәтижесінде, қосымша 7 500 жеке тұрғын сапалы ауызсу құ­бырымен қамтылатын болады.

Кәріз жүйесімен 30,5 пайызға қам­­тылған. Оның аумағын қам­тамасыз ету мақсатында осы жы­лы 6 нысанның құрылысы жүргізіліп жа­тыр. 2 нысан құрылысы жыл соңы­на дейін аяқталады.

Электрмен қамту мақсатында 2021жылы 32 000 тұрғыны бар 40 елді мекен сапалы электр қуа­ты­мен қамтылса, 2022 жылы қосым­ша 38 300 тұрғыны бар 10 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Түркістан қаласы аумағы 98,5 пайыз электр қуатымен қам­та­ма­сыз етілген, оның 84 пайызы са­палы электр қуатымен.

Биыл 3 нысанның құрылысын аяқ­тап, қамту көрсеткішін 99 пайыз­ға жеткізу көзделіп отыр.

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Жетісайда 200 бүлдіршін күй тартты

Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық «Жетісай» мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «1 шілде – Ұлттық домбыра күні» мерекесіне...

Балалардың қауіпсіздігі басты назарда!

Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөнінде комиссияның» кезекті отырысы өтті. Жиында күн тәртібіндегі бірқатар...

«NUR OTAN» партиясын жұмыс жасамайды” — деп айтудан алдын партиялықтардың жұмысымен танысқан жөн

«- Қойшы сол «Nur Otan» ба? - Сайлау бітсе біреуіңді таппай қаламыз ғой? - Не бітіріп жүр « Nur Otan»? - Партия...

Гөджек: көк саяхаттың жүрегі

Жаз – Түркияның Эгей және Жерорта теңізінде көгілдір саяхат, ерекше желкенді тәжірибе үшін жылдың ең әдемі мезгілі. Түркегей мен...

Түркістан: Арыста «Жас сарбаз-2023» әскери-спорттық жастар ойындары өтті

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, болашақ Отан қорғаушылардың қолданбалы спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру, жасөспірімдердің өзара көмек және жолдастық қолдау сезімдерін...

Кентауда қала тұрғындары арасында жүгіруден жарыс өтті

Кентау қаласында 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай қала тұрғындары арасында жүгіруден жарысы өткізілді. Жарыс ересектар арасында...

Алматыда онкология және радиология орталығы ашық есік күндерін өткізеді

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына! 2021 жылдың 20 және 27 қарашасында (сенбі күндері) Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-да 09:00-ден...

100 игі іс: Halyk мұқтаждығы бар елорда тұрғындарының үйіне газ жүргізеді

Астана және Halyk әкімдігі «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарындағы 100 жеке үйді тегін газдандыру туралы Меморандумға қол қойды. Газдандыру халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтары (ХӘОТ) санатындағы азаматтардың тұрғынүйлеріне, олардың арасында жалғызбасты зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға және мүгедектігі бар адамдарға жүргізіледі. Жалпы бюджеті 230 млн теңгені газдандыру жобасы Halyk-тың 100 жылдығына арналған «100 игі іс» ауқымды науқаны аясында іске асырылуда. 2023 жылы Halyk Bank қаражаты есебінен мұқтаждығы бар отбасыларға 230-ға жуық тұрғынүйі – Астанадағы 100 үйді және Алматы қаласының Наурызбай, Алатау және Медеу аудандарында тұратын 130 үйді газға толықтай қосу үшін қаржыландыру жоспарлануда. «Астанада «Алматы» және «Сарыарқа» аудандары газбен толық қамтамасыз етілген. Бұл шамамен – 12 мың отбасы. Оның ішінде 8 мыңнан астам абонент газға қосылды. Үйлерді газға қосу шығындарын азайту үшін үлкен жүйелі жұмыс жүргізудеміз: халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 450 мың теңгеге жуық сомаға газдандыру шығындарына өтемақы көзделген, сондай-аққұны 150 мың теңгеге жуық есептеу аспаптары тегін беріледі. Бұрын банкпен пайызсыз несиелеу бағдарламасы іске қосылған болатын. Енді Halyk-пен елордадағы 100 үйдітегін газдандыру жобасын іске асыруға кірісеміз. Қалған аудандар бойынша газ құбырын жеткізу желілерін, кварталішілік желілерді салу жұмыстары келесі жылы жүргізіледі. Газдандыру процесі Мемлекет басшысының бақылауында», – деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек. Қазіргі уақытта елорда әкімшілігі ХӘОТ санатына жататын мұқтаж адамдардың тізімін ұсынды. Оларға материалдық жағдайы газдандыруды өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар енгізілді. Банк Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың айтуынша, Halyk бірнеше жыл бойы газдандыру мәселесін шешуге өз ресурстарын салуда: «Біз қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін – банктік қызметтерін жетілдіру арқылы да, бүкіл республика бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы да үнемі жұмыс істеп келеміз. 2021 жылы банк Алматыда жалпы сомасы 92 млн теңгеге 100 жеке үйді толықтай газдандыруды қаржыландырды, сондай-ақ тұрғын үйлерге газ жүргізуге жеңілдікпен несие берудің жеке бағдарламасын іске қосты. Газдандыру жобасын жалғастыра және кеңейте отырып, біз бірден екі міндетті – отандастарымыздың неғұрлым осал топтарына көмектесуге және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға барынша үлес қосуға тырысамыз». Қазақстанның барлық аймақтары үшін газдандыру мәселесіөзекті күйінде қалып отыр. Жыл басында Үкіметотырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мемлекет басшысының елдегі газдандыру деңгейін 60 пайызғажеткізу туралы тапсырмасын еске салды. Ол үшін 11,8 миллионнан астам тұрғыны бар 1800-ден астам елді мекен газдандырылуы тиіс. Банк мемлекеттің, бизнестің және азаматтардың бірлескен және жан-жақты күш-жігері қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, оң өзгерістерге әкелетініне сенімді.

Темірден түйін түйген келіншек

Бизнес әлемінде әйелдер қауымының үлесі артып келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Жаратылысы нәзік әйел затына қоғамдық тамақтану немесе кондитерлік...

Тағы да